148
149
Тіл байлығы – елдің елдігін, жұртшылығын, ғылыми әдебиетін,
өнеркәсібін,
мәдениетін, қоғамдық құрылысын, салт-санасын,
жауынгерлік дәстүрінің қай дәрежеде екенін көрсететін дәлелді
мөлшері.
Б.Момышұлы
Көңілдегі көрікті ой ауыздан шыққанда өңі қашады.
Абай
Кіші халықтарға үлкен
қанжар керек,
Туған тілді туған жердей қорғау керек.
Шәміл
Жылы сөз жан семіртеді, семіздік кейде кейбір адамдарды
есіртеді.
Ғ.Мұстафин
Мақал дегеніміз – замананың сұқ қолында мәңгі-бақи
жарқырайтын, бес сөзден құралған асыл жүзік.
А.Теннисон
Сөз – ұлы күш, өте кішкентай және
тіпті елеусіз бола тұра
ғажайып нәрселер жасай алады.
Аврелий
Тіл жарасы көп жүрер.
Ж.Баласағұни
Тіл біреуді көтерсе, біреудің түбіне жетеді.
А.Иүгінеки
Адам екі нәрсе арқылы қартаймайды. Біріншісі – қайырымды
ісі. Екіншісі – мейірімге толы сөзі.
Ж.Баласағұни
Адам мәдениетінің алғышарты – дұрыс сөйлей білу. дұрыс
сөйлей білмеген адам – күлдірем деп күйдіреді, сүйіндіремін деп
сүріндіреді, білдірем деп бүлдіреді, қуантам деп қуартады, келтірем
деп кетіреді, емірентем деп егілтеді, жұбатам деп жылатады. Сөйтіп,
тілін білмеген түбін білмейді.
Ғ.Мүсірепов
Шешендік айтыстың арқауы – астарлы сөз.
Сырым шешен
данышпанның сөзі дәулеттен артық.
Сахиб Жамал
Жақсы айтылған сөз, қай тілде айтылса да, жаттық қылмайды.
Лопе де Вега
Құр сөз деген болмайды. ол – не қарыс, не құттықтау, не әсемдік,
не қасірет, не лас, не гүл, не пәле, не ақиқат, не сәуле, не түнек.
Достарыңызбен бөлісу: