146
147
Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы,
Сонда да солардың бар таңдамасы.
Іші алтын, сырты күміс
сөз жақсысын,
Қазақтың келістірер қай баласы?
Абай
Ащы сөз тәтті дәлел бола алмайды.
В.О.Ключевский
Жақсы сөйлегенмен жақсы әңгімелесе білмейтін адамдар
бар, өйткені олардың ойлары – сөздерінен, сезімдері –
ойларынан
жұтаң.
В.О.Ключевский
Төрде отырып теріс сөйлегеннен без,
Есікте отырып керіс сөйлегеннен без.
Байдабек би
Тіл аса мейірбандықты керек етеді. Қисық тілді шығарма сақау
адам секілді, кәрі құлақты кеседі, жас құлаққа жаман үлгі болады,
балаң авторды үстірттікке үйретеді. Сөзді бағалау,
сөзге тоқтату,
сөзден мағына іздеу адамды мәдени қоректендіре түседі.
І.Омаров
Ескі киімнің биті ащы,
Жетім баланың тілі ащы.
Қорқыт
Болса, данам, көңіл – тура, тіл – майда,
Ризығың таусылмайды ондайда.
Ж.Баласағұни
Барлық өнерден сөз өнері жақсы екенін білгенің жөн...
Адамзаттың ең абзал қасиетінің бірі – сөз сөйлей білу. Бұл жағдайды
жете түсін де, жақсы сөйлей білуге үйрен: сыпайы, анық сөйлеуді
әдет қылғайсың. Өйткені қандай сөзді айтуды әдеттенсең, тіл соны
айтады.
Достарыңызбен бөлісу: