Екінші сабақ:
Құдайдың рақымының шексіздігі
Пауылдың азаптар арқылы меңгерген екінші маңызды сабағы – Құдайдың рақымдылығы шексіз. Қорынттықтарға арналған 2-хатта 12:7-10-да Пауылдың мойындауын оқимыз:
Өзіме ашылған құпиялардың төтенше ұлылығына байланысты кеуде көтермеуім үшін, тәніме «шаншылып түйрелу азабы» бұйырылды: шайтанның хабаршысы мені соғып қинайды. Бұл мені өркөкіректеніп кетуден сақтамақ. Мен бұл азапты өзімнен аластатуын өтініп, үш рет Иемізге сиындым. Бірақ Ол маған былай деді: «Менің рақымым саған жетер: күшсіз жағдайыңда Менің құдіретім толықтай іске аса алады». Сондықтан Мәсіхтің құдіретінің бойымда орнығуы үшін, күшсіздігіме қуана мақтанамын. Сонымен, басымнан әлсіздік, қорлық, мұқтаждық, қуғын-сүргін, қысымшылық өткізгенде Мәсіхке бола ризамын. Себебі өзім күшсіз болғанымда Ол арқылы күштімін.
Пауыл Құдайдың күші өзінің толық әлсіздігінде ғажап түрде көрінетінін түсінді. Пауылдың айтқан «шаншылып түйрелу азабының» не екенін біз білмейміз. Бірақ біздің білетініміз ол елшіні азап шегуге мәжбүр етті. Себебі «шаншу» өткір ауру тудырады. Біз бұл «шаншудың» оның денесіне әсер еткенін білеміз, өйткені ол «тәніне» берілген. Біз бұл шаншудың Пауылдың өзін әлсіз сезінуге мәжбүр еткенін де білеміз.
Осы «тәндегі шаншу» Пауыл үшін нәтижесінде одан арылтуды сұрауын доғарған күйреу құралы болды. Елші оның жарылқауға әкелетінін көргенде «шаншуға» көндікті. Пауыл кез келген жағдайда Құдайдың өзімен бірге екені жеткілікті екенін түсінді.
Менде ешқашан да тәндегі шаншу болған емес. Бірақ менде түйіні шешілмеген және жеңілмейтін тәрізді жеке мәселелерім болды. Не істесем де олар тоқтамады. Бұл мәселелер маған айқын ойлап шешудің жолын көруге кедергі жасайтын. Мен неғұрлым осы мәселелердің шешілуін тілеп сиынсам да, олар одан бетер қыса түсетін.
Сонымен қатар, менің Құдайға деген қызметімнің өркендегенін көрдім. Адамдар Мәсіхке сеніп, құтқарылып жатты. Ізгі хабар бұрын естілмеген жерде уағыздалып жатты. Құдай мен сезінген сол азаптарға қарамастан, әрекет етуін жалғастырды.
Мен жүрек ауруынан азап шегіп, қиналып жүрген кезде, маған адамдар келіп уағызым бұрынғыдай емес, олардың жүректеріне әсер етіп жатқанын айтататын болды. Олар: «доктор Стенли сіз арқылы, Құдай менің өмірімді өзгертіп жатыр», – дейтін.
Сөйтіп, мен бір күні былай дедім: «Бұл Сенің ісің, Тәңірім. Бұл – анық менікі емес. Егер менің жеке өмірімдегі барлық дүрбелеңдер Сенің мақсатыңа жеткізсе, ал адамдар Сені мадақтаса, онда мен өзімнің барлық мәселелерім үшін алғыс айтқым келеді».
Құдайдың рақымының шексіздігі туралы осы сабақта біз тек қайғы-қасірет пен азап-бейнетті бастан кешіп, өз күшіміз бен мүмкіндігіміздің шегіне жеткен кезде, біздің қаншалықты көтере алатынымызды Ол анық біледі.
Достарыңызбен бөлісу: |