Күйреу алып келетін бес ұлы жарылқау
Күйреудің арқасында біз кем дегенде бес ұлы жарылқауға ие боламыз.
Бірінші жарылқау: біз Құдайды жақсырақ түсінеміз.
Біз тек күйретіліп және азап шеккен кезде ғана, Құдайдың табиғатын шынымен түсіне аламыз. «Құдайым, менің өмірім Сенің жолыңмен өтсін!» – деп айту оңай. Бірақ Құдайдың жолы қандай? Құдай Киелі кітап беттерінде бізге былай дейді: «Жаратқан Ие: «Менің ойым сендердің пікірлеріңнен өзге, Менің жолым сендердікінен басқа, — деп ескертеді. — Аспанның жерден қаншама жоғары болатынындай, Менің жолым да сендердікінен соншама жоғары, Менің ойым да пікірлеріңнен тым биік» (Ишая 55:8-9).
Күйретілген біздер Құдайдың абсолютін түсіне бастаймыз – Оның өсиеттері екі ойлы емес, Оның уәделері тайғақ емес; Ол уақыт пен мерзімдерді біледі; Оның көмегі дер кезінде беріледі және жеткілікті болады.
Біз Киелі Жазбаны жақсылап түсіне бастаймыз. Адамның өмірінде Құдайдың әрекетіне сай белгілі қағидаларды байқаймыз. Біз Оның сүйіспеншілігін тереңірек түсінеміз. Оның сүйіспеншілігі негізінде қабылдау дегенді жақсырақ сезінеміз. Біз айқыштың мәнін анығырақ көреміз. Құдайдың шыдамдылығы мен сүйіспеншілігін, ізгілігі мен мейірімін түсінуде өсеміз. Өз тәжірибемізбен төзімді болудың не екенін танып – білеміз. Біздің өзімізді Құдай Өз қолында ұстап тұрғанына көбірек көзіміз жетеді.
Күйреуде біз Құдайдың құдіретінің, Оның айқышының және рақымдылығының алдында одан да төмен бас иеміз. Бізге Оның даңқы мен құдайлық болмысы ашылады. Біз Оның әр алуан қасиетіне тереңірек бойлай бастаймыз.
Құдайды танып-білудің шегі жоқ. Бұл жарылқау табиғатынан шексіз, себебі Құдайдың Өзінің ізгілігі мен сүйіспеншілігі шексіз.
Достарыңызбен бөлісу: |