Игілігіміз үшін болатын азаптар Құдай неге қиындыққа жол береді?



бет30/82
Дата21.07.2020
өлшемі126,17 Kb.
#63625
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   82
Мұсаның күйреуі
Рухани беріктіктің осы аспектілері Мұсаның өмірінде жақсы көрінген. Оның Киелі кітапта жазылған тарихы өз ағалары құлдыққа сатып жіберген Жақыптың ұлы Жүсіптен басталады. Қайғылы оқиғалар шеңбері арқылы Құдай Жүсіптің құлдан Мысырдың премьер-министріне айналуын іске асырды.

Үлкен елдің жетекшісі бола отырып, Жүсіп бүкіл халықты соңғы 7 жылдық жұттың салдарынан құтқарып алды. Аштықтың қатты болғаны сондай, ол тіпті Жүсіптің отбасы тұрып жатқан Қанаханда да сезілді. Әйтеуір аман қалудың қамымен оның бауырлары астық әкелу үшін Мысырға аттанды. Олардың сапары Жүсіпті кездестірумен аяқталды. Жүсіптің бүкіл отбасы – 70 шақты адам Мысырға жетіп, аштықтан аман қалды.

Мұса туылған кезде еврейлер үш миллионнан астам адамы бар халық болатын. Жүсіптің өлімінен кейін Жүсіпті жек көрген адам перғауын болып өкімет басына келді. Ол былай деді: «...Қараңдаршы, Исраилдің үрім-бұтағы тым көбейіп, күшейіп кетті. Ендеше ақылды шара ойластырып, олардың бұдан ары көбеюлеріне жол бермейік. Әйтпесе соғыс бола қалған күнде дұшпандарымызға қосылып, бізге қарсы шайқасып, елімізден басқа жаққа көшіп кетер» (Мыс.ш.1:9-10). Осы перғауын еврейлерді жұмыс істеуге мәжбүр етіп, олардың үстінен қараушылар тағайындады. Киелі кітап былай деп куәлік етеді: «Бірақ Исраил халқы неғұрлым көп қысым көрген сайын, соғұрлым өсіп-өніп, кеңінен жайыла түсті. Мысырлықтар олардан қатты қауіптеніп, халықты аяусыз құлдыққа салды» (1:12-13). Еврейлердің санының өсуін қалай да тоқтату ниетімен перғауын еврей ұлдарының бәрін өлтіруге бұйырды.

Мұса осы бұйрық өз күшіне енген соң, дүниеге келді. Алайда Мұсаның анасы бұл бұйрыққа бағынбай, өз баласын жасырып қалды. Ол нәрестені шағын себетке жатқызып, Ніл өзенінің жағасындағы қамыста қалдырды. Ал оның қызы Мәриям алыстан бақылап тұрды. Дәл осы уақытта Құдайдың жоспары бойынша өзенге перғауынның қызы келіп, себетті байқады да, ондағы еврей баласын көріп, оны асырап алуға шешім қабылдады. Сонда Мәриям нәрестеге жақсы тәрбиеші тауып бере алатынын айтты. Ал перғауынның қызы келісім берген сәтте, Мұсаның асыраушысы өзінің анасы болды, сөйтіп оның өмірінің алғашқы жылдарында оған анасы қамқорлық жасады.

Мұса өсті. Бір күні ол өзінің руластары жұмыс істеп жатқан жерге келіп қалды. Мұса басқарушының исраилдікті сабап жатқанын көріп, олардың арасына түсіп, мысырлықты өлтіреді де, қылмысының ізін жасыру үшін, оны көміп тастайды. Ол өзін ешкім көрмеді деп ойлады. Бірақ оның бақытсыздығына орай, келесі күні өзара төбелесіп жатқан исраилдіктерді айырайын дегенде, олардың біреуі былай деді: «...Кім сені бізге басшы әрі төреші етіп тағайындады. Сен немене, мысырлықты өлтіргендей мені де өлтірмексің бе?» (Мыс.ш.2:14). Мұса өзінің қылмысы байқалмай қалмағанын түсініп, Мадиям жеріне қашып кетуге бел байлады. 40 жыл бойы Мұса қайын атасы Еторға жұмыс істеп, шөл далада қой бақты.

Өкімет басының ұлы ретінде қараған перғауынның сарайынан қуғындалып, шөл далаға тап болып, қарапайым малшы болды. Бұл – Мұсаның күйреу уақыты еді.

Мұсаның өмірінде не күйреді? Сонымен ол мәртебесі де, билігі де бар білімді адам болатын. Мұса бұйрық беріп және елде ағыл-тегіл мол қорды қолында ұстайтын мүмкіндігі бар болатын. Мұса перғауынның сарайында осындай жағдайды иеленді. Құдайдың халқын Мысырдың құлдығынан Қанаханға алып шығу үшін адам таңдауға тиіс болсақ, Мұса озат мүше болар еді. Адамның көзқарасы тұрғысынан осы қызметті атқаруға оның қолында бәрі болды. Енді неге Мұсаға шөл далада 40 жыл уақыт өткізуге тура келді?

Істің мәнісі мынада: Мұсаға өзгеру керек болған. Ол Құдайға толықтай сенім артуды үйренуге тиіс болатын.

Еврейлер Мұса сияқты Мысыр мәдениетінің күшті ықпалында болды, олар сол мәдениетті өздеріне сіңіргендері сондай, тіпті Мысыр құдайларына табына бастады. Мұны оңай түсінуге болады, өйткені саясат аренасына Мұса келген сәтке қарай Исраил халқының Мысырда өмір сүріп жатқанына 400 жыл болып қойған.

Құдайға Мысыр жерінен шығатын адамдар Өзін мадақтай алу үшін Мұсаның санасын Мысырдың мәдени ықпалынан босату керек болды. Тек осыдан кейін ғана исраилдіктер өздерінің бір Құдайға сенулері керектігін көре алар еді. Мұсаны күйрете отырып, Құдайда алысқа қанат сермеген мақсат болды – Ол қайтадан Өз халқы ету үшін Исраил халқын түгел күйреуге душар еткісі келді.

Мұсаны күйреткен Құдай оның Мысырда өмір сүрген жылдарында иеленген барлық нәрсесінен айырды. Мұса шөл далада болған кезде, отбасынан, сарайдан, барлық артықшылық пен құрметтен, өз билігі мен құдіретінен айырылды. Мұса бәрін жоғалтты.

Мұса үлде мен бүлдеге оранудың не екенін, шапшаң арбалармен жүйткудің, жақсы қызметкерлерді иеленіп, айналадағылардың құрметіне бөленудің қандай екенін білді. Бірақ бірнеше күннің ішінде бәрінің астан-кестеңі шықты. Перғауынның асатаяғының орнына оның қолында қарапайым малшының таяғы болды, ал оны қызметкерлер тобыры емес, қой отары қоршады. Сарайды да шатырға алмастыруға тура келді. Ол барлық еврейлер сияқты өмір сүре бастады.

Бірнеше жыл бойы Құдай Мұсаның жүрегі мен жан-дүниесін өзгертумен болды. Мұса өзімшілден назары тек Құдайға ауған адамға айналды. Мұса Құдайдың жолдарын түсінуді, сонымен қатар Құдай үшін ненің маңызды екенін үйренді. Ол осы дүниенің көзімен қарағанда дәнеңе емес, бірақ Құдайдың көзімен қарағанда бағалылықты иеленудің жақсы екенін түсінді.


Каталог: cms -> files -> books
cms -> Контактные данные областных, городских и сельских акиматов
cms -> Л. Б. Гончаров атындағЫ Қазақ автомобиль-жол академиясы
cms -> «келісілді» «бекітілді» Спорт және дене шынықтыру Алматы қаласы Шаңырақ ш/а істері комитетінің төрағасы оррммик рмм директоры
cms -> Телжан селолық округінің әкімі Б. Х.Қадіровтың 2010 жылы атқарылған жұмыстары және әлеуметтік-экономикалық даму қортындылары мен алға қойылған міндеті туралы есебі
cms -> Имени ы. Алтынсарина
cms -> Л. Б. Гончаров атындағЫ Қазақ автомобиль жол институты
cms -> Досай кенжетай: «Аллаға оралу мекені Сирияда емес, әркімнің жүрегінде, өз Отанында»
cms -> Қазақстан республикасы дін істері агенттігі дін саласындағЫ Өзекті мәселелер бойынша 20 СҰРАҚ-жауап 4-шығарылым: Дін және қоғам Астана – 2014 ж
cms -> Жануарлар мен өсiмдiктердiң сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген түрлерiнiң тiзбесiн бекiту туралы
books -> Макс Лукадо сенің Қолыңнан келеді


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   82




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет