Іі- тарау. Орхон-енесей жазба ескеркіштеріндегі көмекші сөздер


Көмекші сөздердің тіл білімінде зерттелуі



бет6/9
Дата07.02.2022
өлшемі161 Kb.
#88446
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Дип.-Көмекші-сөздердің-тіл-білімі
аза тілі тарихыны дамуында ы К не т ркі д уірі
Көмекші сөздердің тіл білімінде зерттелуі
Сөз таптарының ішіндегі ерекше аталатын бұл –көмекші сөздер. Көмекші сөздердің мағыналық, синтаксистік қызметтерінің ерекше болуы тілші ғалымдардың ерте кезден бастап- ақ өзіне назар аудартқан. Алғашқы грамматикалық оқулықтардың авторларының өздері де сөздерді топтастырғанда атауыш сөздермен барабар көмекші сөздерді де жеке топ етіп ажыратып алғандығы тіл білімі тарихынан белгілі. Түркі тілдерін зерттеген ғалымдар да бұл тақырыптан шет қалмаған. Дегенмен, тіл білімі тарихында көмекші сөздердің барлық тобы бір дәрежеде зерттелінбеген. Мәселен, өткен ғасырдың отызыншы жылдарына дейін көмекші есімдер жеке топ ретінде бөлініп алынбай шылаулар құрамында қаралған. Ал көмекші етістік пен модаль сөздер қазан төңкерісінен зерттелінбеген десек те болады. Модаль сөздердің арнайы зерттелінуі өткен ғасырдың елуінші жылдарынан кейін басталынды.
Қазан төңкерісіне дейінгі кезде түркі тілін, тарихын, географиялық ортасын зерттеуде орыс ориенталист ғалымдарының еңбегі мол болғандығы рас. Шын мәнісінде Петр І-ден бастап орыстар Сібір, Қазақстан мен Орта Азия жеріне көз алартып, жоспарлы түрде басып алу әрекетін бастап жіберген болатын. Осы мақсат негізінде олар өздерімен көршілес түркі тайпаларының тілін, әдет-ғұрпын, мәдениеті мен тарихын үйренді. Бұл мақсат кей кітаптарда анық байқалынды. Мысалы, Орыс академиясының мүше-корреспонденті О.И Сенковский «Карманная книга для русских воионов в турецких походах» (СПб. І – Л, 1828, 1829) деп өз кітабына ат беру сыры осыдан. Авторлар өз алдарындағы мақсат үшін қазақ тілінің грамматикалық жүйесіне сай етіп жасайды да, орыс тілінде бар грамматикалық формалар мен сөздердің қазақ тіліндегі баламасын береді. Салыстырыңыз, «предлог есть часть речи, поставляемая перед именами, местоименями и причастиями, у употребляющаяся падежами, предлоги в Российском языке полагаются на переди речи, а в татарском позади реғчи», - дейді И.Гиганов[4]. Қазіргі күнде көпшілік орыс тілінде жазылған түркі тілдерінің грамматикаларында, ғылыми еңбектерінде қолданылып жүрген послелог термині де жоғарыдағы мағынада И.Гигановтың грамматикасындағыдай қолданылған.
И. Гиганов орыс түріктанушылардың бірі болып саналады. Оның 1801 жылы жарық көрген «грамматикасында» көмекші сөздер жеке бөлініп алынады да, оны екіге бөледі. 1) жай. 2) күрделі деп. Ол орыс тілінің предлогтарына (тақырыбын «в предлогах» деп қойған) татар тіліндегі послелогтар сәйкес келеді деген пікірге сүйене отырып жай көмекшілерге септік жалғауларын, жіктік жалғауларын, сыз-сыз сияқты жұрнақтарды да қосады. Ал күрделі көмекші сөздерге қарсы отыру (отуру), бұрын, ілгері, ілік, ана, басқа, үза, аст, үст, арқа, жақын, ары, бері сияқты сөздерді енгізеді[4,14].
И.Гигановтың «Грамматикасынан» сәл кейінірек жарық көрген А.Троянскиийдің оқулығында да көмекші сөздерге арнайы орын берілген. Ол көмекші сөздерді послелог деп атамай, «постположения» деп атайды да: «Постположения суть частицы несклоняемыу поставлялющие позади имен, местоимений и причастий и управляющие их падежами», - деп анықтама береді[5]. А.Троянский бұл терминнің алдына шылаулар, көмекші сөздермен бірге септік жалғауларды, кейбір сөз жасаушы жұрнақтарды да енгізеді. Дегенмен де, автор түріктанымда алғаш рет шылаулардың септік жалғаулы сөзбен байланыса алатындығын көрсетіп, оларды атау, барыс, шығыс септіктерімен тіркесіп келетін сөздер деп топтастырады[5,27].
1828 жылы О.Сенковскийдің «Карманная книга для русских воинов в турецких походах» кітабының 1-бөлімі, 1829 жылы 2-бөлімі жарық көрді. Ол шығыс тілерін жетік білген. Сондықтан да өз оқулығында көмекші сөздерге ерекше орын берген. Оқулықта автор послелог терминін қолданбай, предлог терминін қолданады. «Все предлоги тюркские ставятся после имен» - деп дұрыс көрсеткен[6,74]. О.Сенковский И.Гиганов сияқты көмекші сөздерді жай және күрделі деп екіге бөліп көрсетеді де, жай көмекшілер әрі әрі қарай бөлінбейді, күрделі предлогтар тәуелдік жалғауын қабылдайды дейді. Жай көмекші сөздерге: 1) атау септікті сөзбен тіркесіп келетін көмекшілер. Оларға сыз (сиз – сизь, вы), безь (биз – мы), мень (мен – я) сияқты жіктік жалғауларын бирясы, учун, үзре, кадар, гиби (как), ашыры сияқты сөздерді енгізген. Ал шығыс септікті сөздермен тіркесіп келетін шылаулардың етюрю, эввель, сонра, бери, башқа сөздерін енгізген. Күрделі шылаулардың ерекше бөліп алады да, оның күрделі болуы оның тәуелдік жалғауын қабылдауынан деп есептейді. Автордың көрсетуінше, бұлар қабылдауынан деп есептейді. Автордың көрсетуінше, бұлар ілік септікті сөздермен байланысты қолданылады да негізінен үш септік формасымен келеді[6,77]. Егер О.Сенковскийдің күрделі көмекші сөздерге берген мысалын қазіргі күнгі тіл білімі деңгейінде салыстыратын болақ, олардың барлығы көмекші есімдер екендігіне көз жеткізуімізге болады. Олар мыналар: үзерине, үзерінде, үстюне, үстюнде, үстюнден, астына, астында, астындан, түбине, дүбинде, түбиннен, енюне, енюден, қатшымына, қатшымында, ардына, ардында, артындан, етсеине, етсеинде, етсеиндесы, ичерисыне, ичерисинде, ичерисинден, ашагына, ашагында, ашагынан, йокырысына, йокырысындан, йокырысындан йокырысынды, ичине, ичинде, янына, янында, аякындан, аякында, кусусунда т.б. Берілген мысалдарға қарап отырып О.Сенковский жоғарыдағы сөздердің түрлі септікте қолданылуын оның септеліну үлгісі деп есептемеген, оларды жеке-жеке сөз деп есептеген сияқты. Автордың бұл пікірін қолдаушылар ХХ ғасырда да болған мысалы, И.И Мещанинов «..в тюркских языках послелог управляют определенным падежом и сами могут изменяясь по падежам, образовывать новые послеслоги с новы значением. По существу здесь нет склонения рослеслога. Каждая его падежная представляют собою самостоятельной послеслог» - деген болатын[7]. Қазақ тілінің сондай-ақ басқа түркі тілдерінің де, фактісінің көрсетуінше жоғарыдағы сөздердің септелетіндігі, әр септік жалғаулары форма жеке сөз бола алмайтындығын көрсетеді.
Өз дәуіріне дейін пікірлерді жинақтап қорыта білген сөз дәуірінің шоқтығы биік шығармасының бірі Мырза А.Қазан—Бектің «Общая грамматикасы» болып саналады. Бұл грамматика өз кезінде де, одан кейінгі кезде де түркі тілін зерттеуші ғалымдар тарапынан жоғары бағасын алған. Оқулықта түркі тілдерінің басқа грамматикалық категориясымен бірге көмекші сөздер де арнайы сөз болады. Көмекші сөздере автор оқулығының VIII тарауында тоқталады. Тарау послеслог терминіне түсініктеме беруден басталады. «В тюркском языке совершенно нет предлогов, этот род слов ознаяающий отношение может предметами, тюрками полагается позади слова: по-этому мы его называем послеслогами, как иные после речами и после положениями», — дейді[8,356]. Проф. Мырза Қазан—Бектің көмекші сөздер туралы айтқан пікірін қысқаша былай көрсетуге болады:
1. Көмекші сөздердің қатарына қосымшаларды да енгізген «Буквы и слоги характеризующие падежи в склонении имен и местоимении суть падежные послеслоги[8,356-357].
2. Көмекші сөздерді морфологиялық белгісіне қарай екіге бөледі де, бір тобын түрленбейтін, қосымша қабылданатын көмекшілер десе, екінші тобын тәуелдік жалғауын, септік жалғауын қабылдамайтын көмекшілер деп көрсетеді.
3. Көмекші сөздердің тізімін береді де оларды тұрақты (нағыз) көмекші сөздер және көмекші сөз сияқты қолданатын сөздер деп екіге ажыратды. «Из этих послеслогов несклоняемые суть, учун, иле, биле, бери, дегин, гюре, сиз, которые могут называться постоянными послеслогами: остальные суть имена и наречия, которые несклоняются только тогда, когда они употребляются как послелоги»[8,358-359]. Демек автор түркітанымда алғаш рет көмекші сөз қызметінде қолданылатын зат есім мен үстеулердің бар екендігін көрсеткен. Сонымен бірге ол көмекші сөз қызметінде қолданылған зат есімдер қосымша қабылданбайды, өзгермейтін сөз болып есептеледі деп О.Сенковскийдің пікірін қолдайды.
4. «Общая грамматикада» көмекші сөздер тіркесін келген жетекші сөздің тұлғасына да назар аударылған. Мысалы. узре, ашре, сизь дегендер атау септікті сөздерге, учун, йле, гиби сияқтылар тәуелдік жалғауы сөздерге не ілік септікті сөздерге; дек, тек, дегин, гюре, дайру, нисбет сияқты сөзде барыс септікті сөзбен; ұтру, ата, бири, соңра, хали, башка шығыс септікті сөздермен тіркеседі дейді.
5. Көмекші сөздердің құрамында кірме сөздердің бар екендігін де көрсетеді. Мысалы, араб тілінен енген эввел, ачкдам, гайра, маада, сива сияқты араб сөздері түркі тілдерінде көмекші сөз қызметінде қолданылады деген.
Демеуліктердің де көмекші сөз екендігін көрсетіп, мысал ретінде сұраулық пен демеулігін көрсетеді.
6. Көмекші сөздердің бір тобы зат есімдер сияқты септелетіндігін көрсетеді де, оларға: Ара, ард, ашага, аст, орта, уст, ич, ичери, илери, гери, диіире, гаршы, ен, йокгоры, чауре сияқты сөздерді енгізеді. Бұлар қазіргі кезде көмекші есімдердің негізгі тобы ретінде алынып жүргені сыр емес.
8. Проф. Мырза А.Қазан—Бек те өзіне дейінгі ғалымдар жіберген кей ғана пікірлерді қайталады. Мысалы, септік, жалғаулары мен сыз, - сиз сын есімнің жұрнағын көмекші сөздің қатарына қосты.
Проф. Мырза А.Қазан—Бектен кейінгі еңбектердің ішінде О.Бетлингтің грамматикасы мен орыс министрлік қоғамының мүшелері жаряланған «Алтай тілі грамматикасының» ерекше орны бар. О.Бетлингтің оқулығы түркі тілдеріндегі алғашқы тарихи-салыстырым әдісі қолданылған еңбек болғанымен, көмекші сөздерге көп тоқталынбаған. Оқулықта көмекші сөздерге кішкентай тарау берген. Ал «Алтай тілі грамматикасының» авторлары (В.И. Вербицкий, Махарий – Невекий, Н.И.Ильминский) көмекші сөздерді «послелогтар» деп атап, оған 8 беттік материал берген, «Грамматиканың» авторлары түркі тілін жақсы білген, сондықтан түркі сөздерінің орысша баламасын дұрыс көрсетеді. Бірақ олар өзіне дейінгі бар үрдісті ары қарай жалғастырып, септік жалғауларын, кейбір сын есімнің жұрнақтарын көмекші сөздердің қатарына қосады[9,103-104]. Өзінен бұрынғы авторлардан өзгешеліктері де бар. Мысалы, алт, алын (асты, алды) сөздеріне байланысты ескерту жасай отырып, олардың мағынасына түсініктеме береді. «Послеслоги или приставки падежей, исходного и местного отведения неясности, нужно точно обозначать положнние предмета, тогда между названием этого предмета и падежными послеслогами вставляют особые имя например іч «внутренность», уст «верх», аст «низ», алын «перед», кійін «задь», йан «бок», «стороно» и др.» — деп жазады [9,105]. Демек олар біздің көмекші есім деп жүргенімізді ерекше қасиетке ие болған зат есім деп есептеген. Бұл бірінші. Екінші, аст, ұст сияқты сөздердің қолданылуында ерекшелік барлығы ескерілген. Яғни қай кезде заттардың орналасқан орнын арнайы нақты көрсету қажет болса, сол кездерде қолданылатындығы көрсетілген. Үшіншіден, септік жалғауларын ажырата тұрып, оларды есептік көмекші (падежные послеслоги) деп атаған. Қазіргі кезде де кей тілшілердің еңбектерінде «Грамматикада» айтылған пікірлерді кездестіруімізге болады. Мысалы, Порковская Л.А гагауз тілімен байланысты пікір айта отырып: «В функции послеслогов выступают также так называемые служебные имена, которые передают пространственные отношения между предметами. Эти имена, выражающие пространственнные понятия (например, уст, «верх», аст «низ», он «перед», арт «зад», «задняя сторона» и.т.д.), наряду с использованием служебной функции сохраняют в языке самостоятельное значение, — деп оларды зат есімдердің тобына қосқан[10,277]. Жалпы қазіргі кезде біз көмекші есімдердің зат есімдермен тең қарайтын ғалымдарға қосылмайтындығымыз анық, бірақ араларында байланыстың бар екендігін де тән алмау дұрыс емес. «Алтай тілі грамматикасында» ерекше зат есімдердің тәуелденіп барып септелетіндігін де дұрыс көрсеткен. Сонымен бірге кей көмекші сөздердің этимологиясына да тоқталады.
Түркі тілдерінің салыстырмалы грамматикасының біреуі М.Терентьевтің оқулығы болса, екіншісі А.Старчевскийдің оқулығы, М.Трентьев те А.Страчевский де тілдерді салыстырғанда геологиялық жақындығын есепке алған емес, территориялық жақындығын есепке алған. Сондықтан М.Трентьев түркі тілдерінің материалдарымен бірге парсы тілін, А.Стрчевский болса тәжік тілінің материалдарын салыстырған. М.Трентьев көмекші сөздерді жеке бөлгенімен, көмекші есім мен шылауларды ажыратпайды, дара күрделі деп екіге бөледі[5,11]. Ал Старчевский болса көмекші сөздерді «Послесловие и восточнотюркском языке суть частью несклоняемые слова и частицы»,-деп анықтама береді[11,15]. Бірақ А.Старчевскийдің еңбегінде өзіне дейінгі авторлар жіберген қателіктер қайталанып, септік жалғауларын да, сын есімнің шырай қосымшаларын да, септеуліктер де көмекші есімдерді бір топқа қосқан. Өзіне дейінгі авторлардан айырмашылығы сол, біздің көмекші есім деп жүрген сөздеріміздің тәуелденіп барып септелетіндігін, оның алдындағы сөздің (зат есімнің) ілік септік формасында қолданылатындығын ашық айтады.
XIX ғасырдың аяқ кезінде жазылған және қазақ тілінің материалына негізделген құнды еңбектің бірі - П.М.Мелиоранскийдің «Краткая грамматикасы». Автор көмекші сөздерді орыс тіліндегі предлогтармен салыстыра отырып, оларды екі топқа бөледі. Бірінші топқа өздерінің дербес мағыналарын сақтай алған көмекші сөздер: «К послеслогам обыкновенно относятся некоторые слова в сущности самостоятельные слова как например, алд, (перед), арқа (спина), арт (зад), уст (верх), аст (низ)» - дейді. Ал екінші топтағыларға : «Другие послеслоги самостоятельного значения не имеют, и присоединясь исключительно к каким-нибудь падежным формам, ставлятся после слова, к которому относятся», деп анықтама береді[12,68-69]. П.М.Мелиоранский көмекші сөздердің синтаксистік қызметіне көбірек көңіл аударған. Сондықтан да көмекші сөздерге талдау жасағанда көбінеше тіркескен сөздермен байланыстырады. Мысалы, жоғары төмен сөздерін көмекші сөздердің қатарына жатқызады да, оларды барыс септігімен тіркеседі дейді. Көмекші сөздердің барыс, жатыс, шығыс септіктерімен тіркесетіндігін де көре білген. «Краткая грамматиканың» бірінші бөлімінде біз көмекші есімдер деп жүрген сөздердің ілік септікті сөздермен тіркесіп келетіндігін, өздерінің тәуелденіп барып септелетіндігін де көрсетеді. Мысал ретінде қазақтың арасында, жер үстінде, жер астында сияқты сөздерді келтіреді. П.М.Мелиоранский қазақ тілін жақсы білгенімен өз дәурінің жіберген кейбір қателерін қайталайды. Мысалы, мұнда, бұрын, ары, бері, жаны, төмен сияқты үстеулерді, -ша,-ше жұрнағын көмекші сөздер қатарына қосады.
1892 жылы П.М.Мелиоранский қатысуымен «Грамматика киргизыского языка» деген еңбек жарық көреді. Ол кітап 1916 жылы қайта басылады. Кітапта П.М.Мелиоранскийдің ықпалының күшті болғандығы соншалықты «Краткая грамматикадағы» көп жағдайда қайталанады. Соның бірі көмекші сөздерге байланысты бөлімі: «Частицы соотвествующие русским предлогам, в киргизыском языке ставится после имен, к котрым они относятся, и поэтомуправильнее назвать их полилогами» - деп анықтама береді де оларға мына морфемаларды енгізеді:
Барыс, жатыс, шығыс септіктерін
Көмектес септігінің (авторлардың терминінше творительный падеж)-менен, -мен, -пен, -бен, қосымшасы.
Үстеудің -ша,-ше, жұрнағын
Сын есімнің — -дай,-дей жұрнағын
Сайын сөзінен.
Ары, бері сөздерін[13,122-123].
Оқулықтың 41 парагрыфында көмекші сөздерге — сыз,-сіз (аяқсыз, құдасыз) жұрнағымен бірге қасында, қасымда, орнына (орнуна), сыртында тысқарысында, ішінде (ишинде), ішіне (ишине), жанында, үшін (ушун), кейін, дейін артта, сыртта, артынан, басқа, қасына, ортада, ортасында, арасында, үсті (усту), үстінде (устунда) үстінен (устундан), қарсы қарсымда, турасында, қасымда, тересінде («около»),жанында, қасында, соң сияқты сөздерді көмекшілердің қатарына жатқызған. Демек, «Грамматика» авторлары, біріншіден септік жалғауын, екіншіден, сөз тудырушы жұрнақтарды, үшіншіден, көмекші есімдер мен шылауларды бір грамматикалық қасиетке ие деп, бір топқа топтастырған, Дегенмен де авторлар септік жалғаулары мен көмекші сөздерді білдіретін мағынасында айырмашылықтың бар екендігін байқаған. «Когда нужно точно обозначить положение предмета, тогда между названием этого предмета в именительном или родительном падеже и послеслогам вставляется особое имя, например, иш «внутренность», уст «верх», тыс «внешность»,жақ «сторона» и д.р.»-дейді[13,122-123].
Көмекші сөздерді талдауда П.М.Мелиоранскийдің үлгісін толық сақтаған екінші бір оқулық та бар. Ол Н.Остроумовтың «Этимология сартовского языка» (Ташкент, 1910) деген еңбегі. Кітапта көмекші сөздерге өте аз орын берілген. Мұнда да көмекші сөздерге а) септік жалғауларының (шахарія, уйда, багдын), ә) кейбір сөз тудырушы жұрнақтарды (сыз,-сиз), б) белгілі бір септік жалғаулы сөздермен тіркесіп келетін учун, туғрусунда, хусусунда, башқа, сунг, сунгра, нари, бери, в) алды, усту, ташы, баш, ара, сияқты ерекше зат есімдерді енгізеді[14,102-104].
Сын есімнің сыз, сіз, үстеудің — ша, -ше жұрнақтарын көмекші құрамында қарау Ж.Денидің «Түркі тілі грамматикасында» да бар. Денидің еңбегі Осман түріктерінің соңғы кезге дейін жарық көрген оқулықтары мен ғылыми еңбектерге ықпалын тиізгендігі анық. Ол 1915 жылы түркі тіліне аударылды. Автор өз оқулығында түрік тіліндегі көмекші сөздерді үшке бөледі. Осы үш түрлі көмекші сөздерге жеке-жеке тоқталып, олардың мағынасын анықтайды. Жалпы кітапта көмекші сөздерге көп орын бергендіктен әр сөздің мағынасына, тарихи даму жолына, этимологиясына, қолданылуы ерекшелігіне арнайы тоқталған. Мысалы, үшін шылауын талдағанда оның көне түркі тілдерінде де қолданылатындығын, үш және ін морфологияларынан құралатындығын көрсетеді. Кітапта мысалдар көп берілген, кей түркі тілдерімен салыстырылады[15,15].
Жоғарыда жұмыстары талданылған авторлардың бірде-біреуі көмекші есімді шылау сөздерден бөліп алмағандығы ашық байқалынады. Тек кейбір авторлар ғана біздер көмекші есім деп жүрген сөздерді ерекше қасиетке ие зат есімдер деп атап, олардың айырмашылығы бар екендігін көрсетеді, бірақ айырмашылықтарын нақты атамайды, екеуін бөліп ажыратпайды. Көмекші есім мен талдауды ажырата көрсету акад. В.А.Гордеевскийдің еңбегінен басталынады.
Ол 1928 жылы «Түркі тілі грамматикасы» деген еңбек жариялайды да, көмекші сөздерге арнайы тоқталады. Автор көмекші сөздерді послеслоги-имена, послеслоги-частицы және союз деп үшке бөледі. Дегенмен де оқулықта көмекші сөздер синтаксистік бағытта зерттелінгендіктен, олардың негізгі морфологиялық белгісі ашылмай қалған. «Особым видам сочетания двух имен является сочетание существительных с полилогами; последнии синтактическии является определенными, а этимологически именами существительными, выполняющими служебную роль «предлогов» (в дательном, местном и исходном падежах)», деп анықтама береді[16]. Егер байқап қарайтын болсақ қазіргі күнде де кейбір тілшілеріміз көмекші сөздерді зерттегенде осы үш кеңестік септікпен ғана байланыстырып көмекші есімдерді шылаулар тобына қосады. Автор послеслоги-имена мен послеслоги-частицалардың айырмашылығын да көрсеткен. «Есть еще другая категория послеслогов- послеслогов-частицы (энклитики), отличающиеся от послеслогов-имен:
Внутреннее их отличие: между тем как послеслоги — имена в значительной степени сохроняют (в своем значение и в своей изменяемости по падежам) характер существительных, послеслоги-частицы (турецкого происхождения) утратили характер имен; только некоторые из них, и то лишь весьма слабо, отражают первоначальное именно происхождение, внешнее отличие- в конструкции; между тем как послеслоги- имена, сочетаясь с существительными- определенным, принимают местоименную приставку 3-го и изменяются по падежам послеслоги- частицы (сочетаясв с неопределенным, дательнвш или исходным падежами) не из-дейді[16,69-70]. Біздіңше, автордың көрсеткен айырмашылықтары дұрыс. Қазіргі түркі тілдерінің барлығында да көмекші есімдер ілік септікті сөздің жетегінде келетіндігі, ол ілік септікті сөздің сөйлемде матаса байланысқан анықтауыш болатындығы анық. Сондай-ақ көмекші есімдер тәуелденіп барып септелінетіндігін де анықтауға болады. Қалай дегенмен де көпшілік түркі тілдерінде көмекші есімдердің тәуелдене септелінуі үлгісі барлығын мойындау керек. Таудың басы, ауылдың маңы, елдің іші сияқты тіркестердің мағына жағынан бір бүтін болуы, сөйлемде атқаратын қызметіне де тұтастықты талап ететіндігін автор ескермеген. Оқулықта ичь, ичери, джыш, дышары, уст, аст, илери, арқа, ири, ян, орта, юкары, бери, оте, қаршы, аша сияқты сөздерді төл түрік тілінің послелог-именасы; даһиль, тараф, бейін, инд, таһт, зарф, һак сияқтылары араб-парсы тілінен енген послелог-именалары деп көрсетті. Ал послеслог-частицы дегенге ле, ичин, гиби, қадар, узре, горе, догру, қаршы, казарен, нисбетле, мебни, рагмен, башка, сонда, эввель сияқты сөздерді енгізеді. Соңғы топтағы көмекшілерді өздері тіркескен септік жалғауына қарай атау септігін, барыс септігін, шығыс септігін талап ететіндер деп үш топқа бөлген.
Өткен ғасырдың елуінші жылдарынан бастап көмекші сөздерді орыс түрколгтарымен қатар түркі тілдерінің төл өкілдері де зерттей бастады. Мысалы М.Балақаев 1941 жылы латын әрібінде «Қазақ тілінің кейбір мәселелері» деген кітапша жариялады. Кітапша қазақ тіліндегі көмекші сөздерді таулдауға арналған. Бірақ автор көмекші сөздерді шылау сөздерден бөліп алмай, соның құрамында қарайды. Кітапшаның бір ұтымды жері сол - онда шылау сөздердің этимологиясында талдау жасаған. Мысалы, «арқылы» деген сөзге септеу, жіктеу, тәуелдеу қосымшалары қосылмайды. Сондықтан сөз өзгермейтін десек те болады. Тарихи жағынан алғанда, арқылы деген сөз арқа деген зат есім мен лы деген сын есім тудыратын жұрнақ жалғанып жасалынған»[17]. М.Балақаев бұл мәселеге басқа еңбектерінде қайта соғады. Мысалы, 1954 жылы жарық көрген академиялық грамматикада көмекші есімдер туралы арнайы тарау жазып: «Тілімізде көлемдік үғымы бар бірқатар зат есімдер көбінен көмекшілік қызметте жұмсалынып, өзі қатысты сөзіне, негізінен, көлемдік мағына ұстап, оның орнын, мекенін, айналасын дәлдеп көрсетіп тұрады. Олар мынадай сөздер: алд(ы), арт (ы), аст (ы), үст (і), арқа, жан, ара, орта, тіл: ауыз, жаға, төбе, қарсы, бой»,-дейді[18]. М.Балақаев қазақ тілінің синтаксисінің маманы. Сондықтан оның синтаксиске байланысты жазған еңбектерінде де көмекші есімдерге азын-аулақ орын берілген. Мысалы, қазақ тілінің сөз тіркесі мен жай сөйлемдер туралы жазған оқулығында көмекші есімдердің сөз тіркесіндегі қызметі туралы пікір айтады. «Көмекші есімдер ілік септігіндегі сөздермен тәуелдік жалғауында тұрып байланысады. Олар сол сөз тобымен етістікке бағынып, етістікті сөз тіркесінің құрамында пысықтауыштық қатынаста жұмсалады» [19].
Қазақ тіліндегі көмекші есімдердің сыр-сипатын анықтауда А.Ысқақовтың еңбегі мол. Ол қазақ тілшілерінің ішінде бірнші рет көмекші есімдерге арнайы мақала жазды. Мақала сол кезге дейін жарық көрген мектеп оқулықтарына шолу жасаумен басталады, кей авторлық көмекші есімнің табиғатын дұрыс түсінбегендігі үшін сынайды. Мақалада автор Н.К.Дмитриевтің пікірін толық қуаттайды[20]. А.Ысқақов бұл пікірін кейінірек жарық көрген басқа еңбектерінде ары қарай жалғастырып, толықтыра түскен. Мысалы, көмекші есімдердің лексикалық мағынасы, түрлену үлгісі туралы, олардың этимологиясы туралы қысқаша түсініктемелер берген. Автордың пікірінше, «Көмекші есімдер деп өздеріне тән лексикалық мағыналары бірде сақталып, бірде жартылай сақталып, я әр түрлі дәрежеде солғындап, соған лайық өзге сөздермен тіркесу ерекшеліктеріне қарай, синтасистік жағынан кейде жеке-дара мүше есебінде, кейде күрделі мүшенің құрамындағы дәнекер элемент есебінде қолданылып, морфологиялық жағынан зат есімдерше түрленіп отыратын жәрдемші сөздерді айтамыз»[3,150].
Көмекші сөздерді жеке топ ретінде бөліп алу үлгісі қазіргі өзбек тіл білімінде де бар. Өзбек тіл білімінің өкілдерінің барлығы да бірдей көмекші есімді жеке топ ретінде бөліп алу принципін қолдай бермейді. Жоғарыда бір А.Н.Кононовтың көмекші есімдерді послеслоги-имена деп атағандығын айтқан болатынбыз. Ол өзінің өзбек тілі туралы жазған соңғы еңбегінде де послеслоги-имона терминін сақтайды. «Послеслоги-имена суть имена сущетвительные, обозначающие, как правильно, пространство (верх, низ, перед, зад, бок, середина, сторона и т.д.), снабженные аффиксам принадлежности 3-го лица (или любого другого лица, если это требуется контекстом) и аффиксом дательного, местного и исходного падежа»,-деп анықтама береді»[21].
Өзбек тілінде жазылған оқулықтарда да бұл термин аударылып от кумакчи термині қолданылады. Дегенмен де өзбек тілшілері де көмекші есім (кумакчи от) терминін де қолдайды. Біздің топшылауымызша от кумакчи, кумакчи от терминдерінің қолданылуында пәлендей мағыналық ренк беру байқалынбайды. Салыстырыңыз, Ш.Шаабдурахманов кумакчи от терминін қолданып «Кумакчи отлар тарихан ё от, ё сифат булганлар. Бундай кумакчи азифасида қулланиладиган отлар предмет ёки предмет белгиларини англатмайдилар, балки эгалик ва келишиклар билан турган холда турли грамматик муносабатлари ифодалаш учун ишлатиладилар»,-деп анықтама береді»[22]. 1936 жылы жарық көрген өзбек тілінің академиялық грамматикасында (тарауды Т.Л.Рустамов жазған) «От-кумакчилар. Бу хил кумакчилар отларддан кумакчиларга кучган сузлар булиб, учинчи шахс эгалик қушимчасини, урин-пайт, чиқиш жуналиш келишикларидан бирининг аффиксини қабул қилади: устида (лан,та) ичида (га –лан) юзасида (га,-да) каби»,-деп анықтама береді[23]. Р.Т.Рустамов өзбек тіліндегі көмекші сөздерге байланысты жазған монографиялық еңбектің де авторы. Онда ол от-кумакчи, ёрдамчи от, кумакчи от, терминдерін де қолданады, бірақ мағыналарындағы айырмашылықтарды көрсетпейді[24]..
Қазақ тіл біліміне қарағанда өзбек тіл білімінде көмекші сөздің толығырақ зерттелген. Оған мысал ретінде А.Н.Кононов Ш.Шаабдураманов, Т.Рустамов, А.Асқарова, Р.Расулов, Б.Сағындықовтардың жарияланған монографиялық еңбектерін көрсетуімізге болады. Қазақ тіл білімінде, қазірше монография көлемінде жарияланған Р.Амировтың еңбегі ғана. Ол да шағын тек жалғаулық шылаулармен шектелінген[25]. Дегенмен, өзбек тіл білімінде де көмекші сөздер даулы мәселелердің бірі болып саналады. Өзбек тіл білімінде көмекші сөздерді сунг кумакчн, ердамчи сузлар және кумакчи сузлар деп түрліше атау кездеседі. Сунг кумакчи терминін алғаш У.Турсин қолданған болатын. У.Турсин жазған мақала өзбек тіл біліміндегі алғашқы мақала болғандықтан орыс түркітаным өкілдері қолданып жүрген послелог (послеслогов) мин-жәрдемші сөздер термині[26]. Бұл терминді тек өзбек тілшілері ғана емес башқұрт, татар, ұйғыр т.б. өкілдеріде қолданады. Біздіңше, көмекші сөз терминімен жәрдемші сөз терминдерінің қатар қолданылуы олардың мағыналарының синонимдес мағыналас болуынан болса керек[15,20].
Көмекші сөздердің жалпы теориялық мәселесі түркі тілдерінің барлық оқулықтарында сөз болады. Сондай-ақ көмекші сөздерге байланысты теориялық мәселелер жеке монографиялық зерттеулер диссертациялардың объектілері ретінде де зерттелінді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет