Іі- тарау. Орхон-енесей жазба ескеркіштеріндегі көмекші сөздер



бет5/9
Дата07.02.2022
өлшемі161 Kb.
#88446
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Дип.-Көмекші-сөздердің-тіл-білімі
аза тілі тарихыны дамуында ы К не т ркі д уірі
Атаушы сөздер – осы үш топтың ішіндегі әрі ең көбі де, әрі ең негізгі ұйытқысы және тіліміздің бүкіл сөз байлығының барлық шұрайлыда, негізі де олып табылады. Атаушы сөздерді, ерекшеліктері мен сипаттарының бір-біріне жақын белгілеріне қарай, іштей бірнеше лексика-грамматикалық топтарға бөлуге болады. Мысалы, оларды ең алдымен, есімдер, етістіктер деп екі салаға бөлуге болады. Бірақ есімдер де іштей бірдей емес. Мысалы, зат есім, сын есім, сан есім, есімдіктер ішінар ұқсас, үстеу сөздер мен еліктеу сөздер өзара бір-біріне жақын. Осыған орай, шартты түрде есімдердің алғашқы тобын атаушы есім деп, соңғы тобын үстеуші есім деген екі салаға жіктеуге болады. Ал етістіктер өз алдына бір топ. Атаушы сөздерді осылайша үш топқа бөлу, әрине, белгілі бір принципке сүйенуден шыққан. Бұл принцип бойынша жіктегенде сөздердің лексикалық мағыналары ескеріліп отырған жоқ, олардың әр тобының категориялық семантикалары негізге алынып отыр. Мысалы, атаушы есімдер заттық ұғымдардың немесе ойша зат ретінде тұспалдантын түсініктердің аттарын, сондай-ақ заттарға тән алуан тұрақты белгілер жайындағы түсініктердің аттарын білдіреді.
Ал үстеуші есімдер әр қилы іс-әрекеттің белгілерін белгінің белгілерін білдіреді. Етістіктер амал-қимыл ретінде қабылданатын әр алуан іс-әрекеттің, қилы-қилы көріністерінің аттарын білдіреді.
1) Сөйтіп, атаушы сөздердің аталған үш тобының бір-бірінен ажырататындай айқын-айқын шектері бар. Бірақ олардың шекаралары жабық емес, өйткені тілдің даму процесінде есімдердің етістіктерге, керісінше етістіктердің есімдерге ауысып, кейбір сөздер зат есімнен сын есімге, керісінше, сын есімнен зат есімге, сондй-ақ етістіктерден есімдерге көшіп отырады.
2) Көмекші сөздер, яғни шылау сөздер өзіндік ерекшеліктеріне қарай, жалғаулықтар, септеуліктер, демеуліктер деп аталатын топтарға бөлінеді.
3) Одағай сөздер жалпы сан жағынан аз болғанымен, өзіндік семантикалық өзгешеліктері мен морфологиялық құрылымдарының ерекшеліктеріне қарай, іштей әлденеше топқа бөлінеді.
Тілідің сөздік құрамындағы бар сөздерді атаушы сөздер, көмекші сөздер және одағай сөздер деп бөлуге бірден-бір таяныш болатын тірек – семантикалық белгі. Сондықтан тілдегі сөздерді грамматикалық жағынан топтастырғанда мынадай екі түрлі жағдай қадағалануы керек.
Біріншіден, барлық сөздер, күллі сөз таптары тілідң сөз құрамына енеді. Қай сөз табына енсе де, сөздердің лексиаклық жағы ескерілуі керек. Ал, сөздердің лексиаклық жағын ескеру деген сөз – олардың семантикалық жақтарын еске алу дегенмен бірдей. Олай болса, әрбір сөз табына енетін сөздер лексикалық тұрғыдан қаралып талдану қажет.
Екіншіден, барлық сөздерді белгілі бір грамматикалық сөз таптарына телу, олардың өзді-өздеріне тән түрлену, өзгеру жүйесін, сөйлем мшесі болу қабілетін, өзге сөздермен тіркесу ерекшелігін анықтап, жан-жақты сипаттама беру мәселелері – тікелей грамматикада қаралатын мәселелер. Ендеше, қосымша сөз табы болып, оларға қанша сөз енсе де, барлығының грамматикалық жақтары ескерілуі қажет. Сөйтіп, тілдегі сөздерді топтастырғанда, олардың лексика-семантикалық жақтары да, грамматикалық (морфологиялық, синтаксистік) жақтары да бірдей ескерілуі қажет.
Сөз табы жөніндегі ұғым лексика-грамматиклық деген қосарланған компоненттердің мазмұндарынан шығу керек. Бірақ мұндағы бірінші компоненттің (лексика) мазмұнын таза лексикалық семантика деп түсінбей, грамматикалық семантика деп ұғыну қажет. Ал грамматикалық семантика деп сөздің нақтылы сөздің лексикалық мағынасы емес, заттың атын, сынын, белгісін, санын, орнын, амалын, ісін және басқа да сол сияқты ұдайы я тұрақты категориялық қасиеттері болып саналатын белгілерін жинақтап, топшылап білдіретін мағынасын түсінеміз. Ал екінші компоненттің (грамматикалық) мазмұнына белгілі бір сөзге тән күллі категориялық мағыналар, оның сөз тудыратын, сөз түрлендіретін және өзге сөздермен бйланыстыратын формаларының мағыналары енеді, яғни грамматикалық дегенкомпоненттің мазмұнына бүкіл морфологиялық белгілер де, синтаксистік белгілер де енеді. Сөйтіп лексиак-грамматиклық белгілер деген термин бір сөздің немесе белгілі бір сөз табының барлық лексика-семантикалық, морфологиялық және синтаксистік ерекшеліктерін түгел қамтиды. Сөз табының лексикалық (семантикалық) грамматикалық (морфогогиялық және синтаксистік) белгілерін дұрыс ашу үшін, осы аталған семантикалық, морфологиялық және синтакситік белгілерінің үшеуін де бірдей түгел қамту қажет. Өйткені, егер осы үш белгінің үшеуі де тегіс қамтылса, сөздің мазмұны да, материалдық (морфологиялық) формасы да, синтаксистік функциясы да түгел ескеріледі[3].
Дегенмен сөздердің бәрінен бірдей осы үш белгі табыла бермейді. Мысалы, одағай сөздерді анықтау үшін морфологиялық белгіні іздеп жатудың қажетігі де болмайды. Сол сияқты шылау сөздерді анықтау үшін, тек олардың семантикасын жеке сөзбен, сөйлеммен тіркесу ерекшеліктерін ғана негізге алмаса, оларлың арнаулы морфологиялық формаларын іздеудің қажеті жоқ. Сондай-ақ үстеу сөздер мен еліктеу сөздерді де анықтауға олардың семантикасы мен синтаксистік қызметі ғана тірек болады, морфологиялық белгі тек қостаушы ретінде ғана қаралады. Сөйтіп кейбір сөз табын анықтау үшін, үш белгінің үшеуін де бірдей қолану болса, кейбір сөз таптары үшін я екі белгіні ғана, я бір белгіні ғана қолдануға болады. Ал, егер бір ғана белгіні таяныш етерліктей болса, онда тек семантикалық белгі ғана тірек болуға тиіс. Олай болатын себебі – сөзді сөз деп тануға таяныш болатын белгі – оның семантикасы.
Сонымен, қазіргі қазақ тіліндегі барлық сөздер ең әуелі атаушы, көмекші, одағай сөздер болып үш топқа бөлінсе, ішінара тағы да топ-топтарға бөлінеді. Атауыш сөздер есімдер, етістіктер деп топталса, есімдердің өздері атаушы есімдер, үстеуші есімдер
Атаушы есімдер: 1. Зат есім, 2.Сын есім, 3. Сан есім, 4. Есімдік
Үстеуші есімдер: 1.Үстеу 2. Еліктеуіш сөздер болып бөлінеді.
Есімдер мен етістіктердің, сондай-ақ көмекші сөздер мен одағай сөздердің құрамдарына енетін топ-топтардың өзді-өздерін лайық семантикалық және грамматикалық сыр сипаттары болады. Бұл мәселелер жеке-жеке сөз таптарының тұс-тұстарында қаралады[1,126-134].


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет