1.кезең – 1991-1994-жылдар. Бірінші кезеңді біздер «Егеменді Қазақстан және қазақ мектептеріндегі білім беру мазмұнының қалыптасуы» деп анықтадық.
2.кезең – 1995-2007-жылдар. Екінші кезеңді «Қазақстан Республикасындағы қазақ мектептерінің білім беру мазмұнының әрі қарай дамуы» деп тұжырымдадық.
1.«Егеменді Қазақстан және қазақ мектептеріндегі білім беру мазмұнының қалыптасуы» (1991-1994 жж.):
- 1991 жылы Жалпы білім беретін қазақ орта мектебінің тұжырымдамасының жариялануы;
- Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Тәуелсіздігі туралы Жоғарғы Кеңестің конституциялық Заңының қабылдануы (1991 ж.). Бұл Заңда Қазақстанның тәуелсіз, демократиялық және құқықтық мемлекет ретінде орны мен рөлі анықталуы;
- Қазақстан Республикасындағы гимназия, мектеп-лицей туралы Үлгі Ережелердің жариялануы (1991 ж.);
- Қазақстан Республикасының «Білім беру туралы» Заңының қабылдануы (1992 ж.). Қабылданған «Білім туралы» Заң білім беру іс-әрекетін реттейтін негізгі заң актілерінің бірі болуы;
- Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептері тұжырымдамасының қабылдануы (1992 ж.);
- Қазақстан республикасы Жоғарғы Кеңесінің тоғызыншы сессиясында Ата Заң - Конституцияның қабылдануы (1993 ж. 28 қаңтар);
- Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептер білім мазмұнының тұжырымдамасының қабылдануы (1993 ж.);
- «Білім беруді қолдаудың мемлекеттік бағдарламасының жобасы» дайындалуы (1993 ж.);
- саяси реформалардың қарқынды өрістеуі, демократия, сөз бостандығы, жариялылық үрдістерінің етек жаюы (1993-1994 жж.)
- қазақ бастауыш мектептерінің білім беру мазмұнын жасауда тәжірибелік сипаттағы инновациялық ізденістер тән болуы;
- Казақстан Республикасындағы гимназия және мектеп-лицей туралы Үлгі Ережелер (1991 ж.) болды.
Достарыңызбен бөлісу: |