Іі. Қазақстан Республикасында білім беру жүйесінің әрі қарай дамуы


Қазақстан Республикасындағы ұлттық  білім беру жүйесін дамытудың



бет18/24
Дата27.01.2022
өлшемі52,33 Kb.
#129979
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   24
Байланысты:
баяндама
Муз онер, Педагогикадагы статистика сурактары, Педагогикадагы статистика сурактары, Лекция ЦС каз , Жүрінов Ғ., AZhK3324 Ақпараттық жүйелер құрылымы, Аннотация, Ташимбаева Ұлбосын 5.3, Ташимбаева Ұлбосын 5.3, Таубай.Б 5.4, Ташимбаева Ұлбосын 5.3, Ташимбаева Ұлбосын 5.3, оқу бағдарлама, Дефектология силлабус, Силлабус Мінез-құлық психологиясы
2.2. Қазақстан Республикасындағы ұлттық  білім беру жүйесін дамытудың

негізгі тенденциялары

Білім және ғылым қызметкерлерінің  III съезінде Елбасы Н.Назарбаев: «... білім беруді дамытудың таяу жылдарға арналған жаңа бағдарламасында біз әлемдік тәжірибені ескеруге, кейбіреулер аңсап жүргеніндей, кеңестік үлгідегі бұрынғы жүйеге  оралу емес, әлемдік тәжірибені негіз етіп алуға тиіспіз. ... Сондықтан жаңа бағдарламада әлемдік үрдістерге бағдарлану, оза жүру әдісімен жұмыс істеу керек»  - деп атап көрсетті.



Білім мазмұны  әрбір тарихи кезеңдердегі  мектеп реформасының негізіне жатады.

Білім  беру саласына қатысты реформаларда  заман талаптарына сай білім  мазмұны өзгерістерге ұшырайды, біркелкі жүйеге келтіріледі. Қазақстан Республикасының  «Білім туралы Заңында», «Қазақстан Республикасы жалпы білім беретін  мектептері білім мазмұнының тұжырымдамасы», «Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында» және т.б. құжаттарда бүгінгі білім берудің алдына қойылатын талаптар, іске асыру шаралары анықталған .



Білім мазмұны  мен материалдық  - техникалық базасын  жаңарту, білім сапасын арттыру, әлемдік білім беру кеңістігіне  ықпалдастыру білім беруді дамытудың  стратегиялық обьективті  заңдылығы. Әлемнің жетекші елдерінің көпшілігінде білім берудің мақсатын, мазмұны Білім беру –  күрделі, әрі кең әлеуметтік –  мәдени, саяси – педагогикалық, экономикалық құбылыс. Міне сондықтан да білім  беру ісі – көптеген ғылым салаларымен  қоғамдық әрі  жаратылыстану ғылымымен  тығыз байланысты, олардың обьектісі. Әлем  мемлекеттерінде  (АҚШ, Канада, Ұлыбритания ) білім беру жүйесі білім берудің мақсатын, мазмұны  мен технологияларын оның нәтижелеріне қарап бағалайды. Сонымен қатар  бұл мемлекеттердегі тарихи білім беру стандарты және нормативті құжаттары негізінде  мынандай ерекшеліктерді  атап өтуге болады.

  • - cтандарт бойынша, ең алдымен, оқушыларды тәрбиелеу мен ой –

  • өрісін дамыту міндеттері анықталып, тарихи білім  мазмұны  мұғалімнің, мектептің және  жергілікті әкімшіліктің құзырында шешіледі;

  • - стандарт – оқытудың нәтижесіне бағытталған. Білім тексеру белгілі бір

  • ережеге бағындырылып, оқыту әдістері  туралы тек жалпылама  ұсыныстар ғана  беріледі;

  • - оқытудың нәтижесі мен сапасын талап ете отырып, мұғалім мен оқушыға кеңінен еркіндік беріліп, мұғалім курстың мазмұнын, оқыту құралын таңдауда еркіндікке ие болады.

Бұл білім беру тармағындағы әлемдік білім кеңістігіне  толығымен кірігу үшін үлкен міндеттерді  шешу қажеттігін ескерудің алдын  алады. Соңғы нәтижеге бағытталған орта білімді дамытудың негізгі мақсаты, міндеттері мен бағыттарында үздіксіз білім беру жүйесінің қорытынды нәтижесі болып табылатын өзекті үш іргелі  білім беру мақсатын белгілейді:

  • біріншіден, дүниетанымдық;

  • екіншіден, шығармашылық;

  • үшіншіден, құзіреттілік көзқарастар.

Қазіргі мектептің  құрылымы мен білім беру мазмұнында  болып жатқан бетбұрыстар оқу  - тәрбие процесін жаңашаландыру талаптарын қоюда. Қазақстан Республикасында  білім беруді дамытудың  2010 – 2015  жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасында:« ... Бастауыш мектептің бағдарламасы баланың жеке тұлғасын қалыптастыруға, оның жеке қабілетін ашуға және дамытуға бағытталған ...  деп көрсетілген.

Жаңарған Қазақстандағы адамның міндеттері, оның саяси және рухани көзқарастарының өзгеруі қоғамның болашақ мүшесіне жаңа талаптар қояды. Қазіргі қоғамға  шығармашыл, ынталы, белсенді, іскер тұлға қажет. Мұндай тұлғаны қалыптастыру феномен ретіндегі білім беру мазмұнымен, оның  мазмұндық сапасымен тікелей байланысты. Қазіргі кезеңде жаңа білім беру жүйесі, онымен бірге білім беру мазмұны жаңа  құндылықтарға негізделеді.

Бүгінгі таңда  қазақ  бастауыш мектептеріндегі  білім беру мазмұны  қоғамның алға қойған жаңа талаптарына сай реформалануда.  Бұл талаптар Қазақстан Республикасының  «Білім туралы» Заңында,  «Қазақстан Республикасында  Білім беруді дамытудың 2005–2010     жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасында», «Білімді дамыту тұжырымдамасында» және басқада заңнамалық құжаттарда айқындалған.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   24




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет