Қазақстан Егемендігін алғаннан кейін кең ауқымды ізденістерге бағыт-бардар берерлік нормативтік – құқықтық база құрылып, білім беру саясаты айқындалды. «Білім туралы», «Ғылым туралы», «Тілдер туралы» Заңдар мен оларды жүзеге асыруға бағытталған Үкімет қаулылары қабылданды. Аталған заңдар мен қаулыларды жүзеге асыру шаралары аясында «Білім беруді қолдаудың мемлекеттік бағдарламасының» жобасы дайындалды. Сонымен қатар, кейінгі кезде мемлекеттік деңгейде қабылданып жатқан Қазақстан Республикасы дамуының стратегиялық жоспарларында білім саласының дамуына да үлкен мән берілуде. Білім беру жүйесін реформалауға қатысты жоба деңгейінде дайындалған құжаттарда білім беру салаларының мақсат, міндеттерін, құрылымын, мазмұнын бүкіл әлемдік талаптар тұрғысынан жаңа сапалық деңгейге көтеру және ұлттық болмысқа сай жаңарту көзделген.
Білім беру жүйесіндегі мұндай жағдайдың негізгі себептері мыналар:
Жүйеде білім берудің барлық денгейлерінде келеңсіз сәттерді тудыратын білім берудің сапасын субъективті түпкілікті бағалаудың басым болуы;
Білім беру жүйесінің жаңа енгізілімдерді қабылдауға қауқарсыздығы және оқыту сапасының жүйесін енгізуге дәлелдемелердің болмауы;
Материалдық-техникалық базаның, оқу лабораториялық жабдықтың, оқу және әдістемелік әдебиеттің қазіргі талаптарға сәйкес келмеуі;
Мамандар даярлау жүйесінде білім берудің жоғары сапасын қамтамасыз етуде дәлелдеменің жоқтығы.
Достарыңызбен бөлісу: |