Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2010-2015 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасында былай деп көрсетілген: «әлемдік білім беру кеңістігіне ықпалдастырылған және тұлға мен қоғамның қажеттіліктерін қанағаттандыратын көп деңгейлі үздіксіз білім берудің ұлттық моделін қалыптастыру үшін білім беруді дамытудағы стратегиялық басымдықтарды белгілеу». Сонымен қатар Қазақстан Республикасының 2010-2015 жылдарға арналған білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасында оқу үдерісінде жаңа технологияларды өңдеу мен енгізуде инновациялық тұрғыдан қайта қарауды жүзеге асыру керектігі қарастырылған.
Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін мектептердің тұжырымдамасында: «Жалпы орта білім беретін мектептердің өздігінен дамуының ішкі шарты – оның тұтас оқу-әдістемелік жүйесін жасау», - деп атап көрсете келіп, «Мектепті қайта құру барысында ізгілендіру, демократияландыру, ұлттық және аймақтық ерекшеліктерді ескеру, даралап оқыту сияқты жетекші принциптер басшылыққа алынады» - делінген.
Достарыңызбен бөлісу: |