Ii. Кафедраның ОҚу- әдістемелік семинары отырысында талқыланды



бет41/75
Дата01.11.2022
өлшемі327,96 Kb.
#156096
түріСеминар
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   75
Байланысты:
метбол.
Еламан Баймухан ИМ реферат, Еламан Баймухан ИМ реферат, Еламан Баймухан ИМ реферат, Еламан Баймухан ИМ реферат, Еламан Баймухан ИМ реферат, Еламан Баймухан ИМ реферат, Еламан Баймухан ИМ реферат, Еламан Баймухан ИМ реферат, Барлык тест жауаптарымен
Театрланған пікірталас. Театрланған пікірталас сабақғының мақсаты: 1. Сабақ баланы тұйықталудан құтқарады, еркін ойлауға жетелеп, шәкірт ойын дамытады. 2. Тақырыптың тың саласына зерттеуші ретінде тұжырым пікірлерін айтады. 3. Сахналық көріністің кейбір кезеңдерімен танысып, өздерінше жүзеге асыруға үйренеді.
Сот-сабақ. Сот сабағының мақсаты: 1. Шәкірттер сот процесіне қатысушылар ретінде өз пікірлерін қорғап, дәлелдейді. 2. Оқушының тақырыпты терең меңгеруіне, өз беттерінше шешім қабылдауына жағдай жасады. Соның нәтижесінде сабақ қызықты, тартымды болып өтіп, оқушылардың белсенділігі артады.
Қандай сабақ болса да, сабақтардың кезеңдері қатып қалған схема емес, оны өзгертіп, түрлендіру кез келген ұстаздың қабілетіне, білім деңгейіне, ұйымдастыра білу жолына байланысты болады. Әр сабақта, шығарманың тақрыбын меңгерту барысында ұстаз алдына қойған мақсаты мен шеберлігін ұштастыра отырып түрлендіріп отыруға тиіс.
Негізгі әдебиет: 1.[1.7:9]; 2.[1.7:10]; 3.[1.7:11]; 4.[1.7:13]
Қосымша әдебиет: 1.[1.7:7]; 2.[1.7:14]

8 лекция тақырыбы: Әдебиетті оқыту әдістері


Лекция тезисі: Әдебиет әдістемесінің мазмұнын белгілеудегі басты мәселелердің біріне мұғалімнің әдебиет пәнінде қолданатын әдіс-амалдары, тәсілдері жатады. Оқыту әдісі дегеніміз – оқушылар мен мұғалімнің білімді меңгеру жолындағы шығармашылық бірлескен тәсілі. Әдебиетті оқыту әдісін оның құралдарынан ажырата қараймыз. Әдіс тек әрекетпен тікелей байланысты. Ол үшін әрекеттің негізгі мақсаты болуы шарт. Әр түрлі құралдарды қолдану әдіске бағынышты. Құралдардың әр түрлі болуы әдістің құрылымын өзгертуге ықпал етеді. Әдістің жекелеген бөлімдерін амал деп айтамыз. Амал(прием) - әдістеме ғылымындағы негізгі ұғымдардың бірі. Амал - әдістемедегі бастапқы саты. Әр оқытушының сабақты түсіндірудегі, әрбір үйренушінің білімін тексерудегі амалы әр түрлі болуы мүмкін. Әдістер арқылы білім мазмұнын меңгереміз. Әдеби материалдың ерекшелігіне байланысты әрбір сабақтың өзіне тән тақырыбы, мақсаты, құрал-жабдықтары, әдіс-амалдары, барысы, құрылысы, мазмұны т.б. болады. Демек, сабақ өтілетін материалдың өзгешелігіне қарай, оқушыларға берілетін білім-дағдылардың түрлеріне қарай әр алуан құбылып, түрленіп отыратын мүдделі құбылысқа, күрделі оқу тәрбиелік процесі жатады.
1 слайд

Сөздік әдіс

Көрнекілік әдіс

Практикалық әдістер

Зерттеу

Берілетін білім ақпараттық сипаттау болғанда, білімді қалыптастыру, соның ішінде теориялық білім беру, жаңа ұғымдарды оқушыға жеткізуге бұл әдіс өте тиімді. Сөздік әдіс, әсіресе, әдебиет пәнінің күретамыры деуге де болатындай.

Берілетін білім мазмұны көрнекілікті тілеп тұрғанда, уақыт үнемдеуге, әсіресе, оқушы психологиясына әсер ету мақсаттарында өте тиімді болады. Сондай – ақ, оқушыны сабаққа қызықтыру, ынталандыру мәселелерінде де маңызы зор.

Оқушылардың теориялық
білімін практикада
пайдалана
білу
дәрежелерін жетілдіреді.
Бұл әдіс
кітапппен
жұмыс түрлері
кезінде жазушы
тілі, стилін
анықтауда
өте тиімді.

Берілетін білімнің ғылымилығын арттыру, қосымша материалдармен байыту, оқушыларды іздендіру, өз беттерімен проблема шештіру мәселелерінде тиімді. Оқушылардың өз беттерінше қорытынды шығару дағдыларын жетілдіруге өте пайдалы.

2 слайд.


Ә.Қоңыратбаев әдебиетті оқыту барысында қолданылатын амал-тәсілдерді төмендегіше жүйелейді: түсіндірмелі оқу, баяндау әдісі, әңгіме әдісі, эксперимент әдісі, көрнекілік әдісі. Қ.Бітібаева проблемалық әдіс, түсіндірмелі-репродуктивтік әдіс, көрнекілік әдіс, зерттеу әдісі түрлерін атайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   75




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет