Ii. Кафедраның ОҚу- әдістемелік семинары отырысында талқыланды



бет40/75
Дата01.11.2022
өлшемі327,96 Kb.
#156096
түріСеминар
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   75
Байланысты:
метбол.
Еламан Баймухан ИМ реферат, Еламан Баймухан ИМ реферат, Еламан Баймухан ИМ реферат, Еламан Баймухан ИМ реферат, Еламан Баймухан ИМ реферат, Еламан Баймухан ИМ реферат, Еламан Баймухан ИМ реферат, Еламан Баймухан ИМ реферат, Барлык тест жауаптарымен
Негізгі әдебиет: 1.[1.7:5]; 2.[1.7:6]; 3.[1.7:8]; 4.[1.7:9]
Қосымша әдебиет: 1.[1.7:1]; 2.[1.7:2]; 3.[1.7:14]

7 лекция тақырыбы: Әдебиетті оқытуда базалық білім курсы мен тарихи әдеби курсты жоспарлау әдістері



Лекция тезистері: Ә.Қоңыратбаев оқу-тәрбие жұмысы жоспарларының төрт түрін атайды: жылдық, күнтізбелік, тақырыптық және жеке сабақтық.
Мектептің жылдық немесе жарты жылдық оқу жұмысының жоспарын мектеп директорының жұмысы дейміз. Жыл ішінде өтілетін бағдарламалық материалдар тоқсанға, күнге бөлінеді. Күнтізбелік жоспарды мұғалім толық орындауға міндетті. Күнтізбелік оқу жоспары қай материалдың қай тоқсанда, қай күні өтілетінін ғана белгілеп бермей, соның қайсысының бұрын, қайсысының соң өтілетінін де белгілейді. Мұның дидактикалық мәні зор. Материал кездейсоқ оқылып, талданбай оңайдан қиынға қарай күрделене түсуге тиіс.
Жылдық күнтізбелік оқу жоспарының мазмұны:
а) әдеби материалды тоқсанға бөлу;
ә) қай материал тұсында қандай теориялық білім элементі берілетінін белгілеу;
б) әдебиеттік оқудан туатын тіл ширату жұмыстарының орны мен үлесін дұрыс жоспарлап, өз кезінде жүргізу;
в) сыныпта және сыныптан тыс оқылатын мәтіндердің нобайын белгілеп, соған өз кезінде тиісті уақыт(сабақ) бөлу;
г) 5-8 сыныптарда әрбір шығармаға, ал 9-11 сыныптарда жеке жазушыларға арналған сағатты мөлшерлеу;
е) тоқсан, жыл аяғында жүргізілетін пысықтау(қайталау) сабақтарының орнын(сағатын) ескеру;
д) басшылыққа алынатын оқу құралдарын белгілеу.
Оқу жоспарында көрсетілуге тиіс бұдан басқа да объектілер болуы мүмкін(кітап оқушылар конференциялары, экскурсия, бақылау түріндегі жазба жұмыстар т.б.).
Жылдық күнтізбелік жоспардан басқа тақырыптық оқу жоспарлары да болады. Мұның сабақпен байланысы бар. Бұл жоспарды әрбір мұғалім көбіне өзі жасайды.
Тақырыптық оқу жоспары – күнтізбелік оқу жоспарының сабақтарға құрылған методикалық дәлелдемесі.
Тақырыптық жоспардың элементтері:
а) материалды жеке немесе тіркескен сабақтарға бөліп құру;
ә) әрбір сабақтың мазмұны мен методикасы;
б) жұмыс тәсілі мен көрнекі құралдардың орнын және қызметін белгілеу.
Тақырыптық жоспардың мәні, әсіресе, 9-11 сыныптарда зор. Мысалы, 11 сыныпта М.Әуезов творчествосына 8 сағат берілген болса, мұғалім ең алдымен осы 8 сағатты 8 сабаққа құрып, тіркескен сабақ жоспарларын жасап алады. Сонда әр сабақтың мақсаты мен мазмұны басқа-басқа болып, олар бірін-бірі қайталамайды. Міндет те, әдіс те жаңа, балалардың әсері де, ынтасы да жаңа болып, жұмыс әрі жүйелі, әрі мазмұнды болып өтеді.
Сабақ жоспарын тақырыптық жоспар(күнтізбелік-тақырыптық жоспар) негізінде әрбір мұғалім өзі жасайды. Сабақ жоспары сыныптағы бірлескен жұмыстың үлгісі болғандықтан, оның мақсат-мазмұнымен балаларды таныстырып алған жөн. Сабақ жоспары жауапкершілікті талап етеді.
Сабақ жоспарларында жиі кездесетін кемшіліктерге жол бермеу үшін төмендегі жағдайларды еске ұстаған жөн:
- әдебиет сабағының жоспары көбіне схемаланған 5 элементке құрылып жүр: өткен сабақты сұрау, жаңа сабақты түсіндіру, оны бекіту, қорыты, тапсырма беру. Бұл элементтер тіл сабағы болмаса, әдебиетке онша қонымды емес.
- cабақ жоспары мәтінге құрылмай жүр. Онда кіріспе, мәтінді оқу, талдау, мәнерлеп оқу, теориялық білім дейтін сатылар болуға тиіс. Бұл кемшілік, әсіресе, 4-10 сағатқа құрылған тіркес сабақтар тұсында көзге айрықша түседі. Олар бірінен-бірі туатын жалғас сабақтар болып көрінуі тиіс.
Сабақ жоспарына қойылатын шарттар:

  1. мұғалім материалды ғана емес, соның мақсаты мен әдісін толық меңгеріп, әрбір сабақты тұтастың бір бөлшегі деп қарайды;

  2. әрбір сабақтың тақырыбы мен мазмұнын, көлемін дәл белгілеп, жұмыстың әдістерін көрсетеді;

  3. мұғалім меноқушының үлесіне тиетін жұмыстың мақсаты мен жолдарын белгілейді;

  4. сабақтың әрбір элементі тұсында істелетін істерді саралап көрсетеді;

  5. жұмыстың ауыр-жеңілдігіне қарай сол элементтерге кететін уақытты мөлшерлейді;

  6. Көрнекі құрал жүйесін ұйымдастырады;

  7. өткен сабақ пен жаңа сабақ байланысын ескереді;

  8. үйге берілетін тапсырмалар көлемін, мақсатын, істелу жолын көрсетеді.

Сабақ жоспарының жай түрі, күрделенген түрі(конспект-жоспар) бар. Жай түрі: тақырыбы, мақсаты(білімділік, дамытушылық, тәрбиелілік), барысы, үй тапсырмасы. Жай жоспарда істің тақырыбы мен реті бар, соның қалай істелетіні, методикасы, мұғалім мен оқушының жұмыс үлесі жоқ.
Конспект-жоспардың әрбір пункті тұсында не істелетіні, талдау жұмыстарына қойылатын сұрақтар мен жауап түрі, әңгіме мен кіріспе сөздің орны, тәсілдері көрсетіледі. Жас мұғалім бірер жыл істеп төселген соң, жай жоспарға көше бастауына болады. Конспект-жоспарды меңгермей мұғалім өз сабағын сапалы етіп жүргізе алмайды.
Әдебиет пәнінің негізі – көркем шығарма. Ал шынайы көркем туындыда адамзаттың асыл арманы, ұшқыр қиялы, ел басынан өткерген қилы – қилы оқиғалар, сол жолдағы күрес – тартыстары, өмір белестері, елдік, ерлік дәстүрлері, халық тұрмыс – салты, әдет – ғұрпы, ырым – жоралғылары, психологиясы, кең дала табиғаты кескінделген. Сондықтан әдебиет пәніндегі басты нәрсе – көркем мәтін. Идея, форма, жазушы шеберлігі, оның зер салар зергерлігі бәрі де мәтінге арқа сүйей отырып қана танылады. Оқыту процесінде мәтін өз алдына қалса, жайдақ баяндауға, мазмұндауға салынған болар едік. Ал, әдебиеттен білім алу – ол мәтінді оқи білу, ой көзімен оқи білу, шығармаға эстетикалық талдау жасай білу. Мұнсыз әдеби білім беру, оқушыны ізденіске жетелеу жоқ. Әдебиетке білгір көркемдік талдау жасау үшін әдебиет тарихы мен теориясына қанық болу керектігі туындайды.
Үйретудің басты бір буыны - оқушы жауабы. Лекцияны түсінікті етіп жазғаны сияқты, олар сөзін де аналитикалық ізде, байланысты, мақсатты етіп сөйлеуге тиіс. Әрбір оқушы жауабы - өзінше бір талдау, біткен ой, объект. Мұны үздіксіз бақылаймыз, дағдыландырамыз. Енді талдау сабақтарына тоқталар болсақ, лекция мен бағдарлаушы әңгімеден бұрын оқушы талданатын сауал туады. Оны көп жағдайда мұғалімнің ұқыптылығы мен оқушылардың дайындығы біледі. Оқушының оқыту, үлкен романды оқығанда оқушыларға алдын-ала сұрақ-тапсырма, талдап келуге лайықталады. Бұл - оқудың мақсаты мен объектілері. Мысалы, орыс мектептерінде Л.Толстойдың «Соғыс пен Бейбітшілік, Чернышевскийдің «Не істеу керек» сияқты шығармалары тұтас оқылып, түгел талданып жүр. Соған тән ол романдардың мектептік, қысқарған варианттары бөлек басылады. Бұл көп нәрсе емес. Бірақ оқушылар соны күнделікті сабақтар тұсында оқып, үлгере алмайтын болғандықтн, мұғалімдер, оқушылар демалыстарын (жазғы, күзгі, қысқы) пайдаланады. Шын педагог оқушыдан қол үзуге тиіс емес. «Абай жолы», «Ботакөз», «Ақбілек» сияқты романдар тұсында қазақ әдебиеті пән мұғалімі мұны да ескергені жөн.
Мұғалім оқушыларды оқытуда түпкі нәтижеге жеткізеді деген әдіс – тәсілдерді таңдап алуы қарастырылады. Ізденістің қарқынды амалдары мазмұн ретінде алгоритміне бағынады. Ү-ҮІІ сынып аралығында оқушыларды, біріншіден, кітаппен жұмыс істей білу әдісіне машықтандыру әрекеті көзделеді. Оқу техникасын сақтай отырып, оқығанын қатар түсіну керек. Ол үшін төмендегі әрекет әдістері жүргізіледі:

  1. тақырыпты анықтау, өз өзіне сұрақ қою, есеп беру;

  2. материалды ынтамен оқу, оны бөлімдерге бөлу, оқығанды жоспарға түсіру;

  3. сұрақтарға жауап беру;

  4. өз мысалыңды келтіру;

Мәтінмен жұмыс істеу оның мазмұн құрылымына байланысты. Көркем әдебиет мазмұны кейіпкердің іс – әрекетімен тұтастықта беріледі. Екінші орында әдебиет қисынынан мағлұмат беру әдісі өткізіледі.
Талдау мәтінмен жұмыс істеудің басты формасы. Талдау негізінен сыныпта жүргізіледі. Сабақты активтендіру ең алдымен талдау сабақтары үстінде жетіледі. Оның шарты - оқушыларға өздігінше жұмыс істету, баулу, активтендіру.
Талдауға объект болатын шығарманың ішкі-сыртқы ерекшеліктері: а) тақырыбы мен идеясы: ә) басты образдары, характер композициясы, олардың типтілігі; б) шығармадағы ұсақ образдар табиғаты, олардың бас кейіпкерлермен қарым-қатынасы; в) ұнамсыз образдар, солар арқылы көрінетін қайшылықтары; г) композициялық құрылыс, олардың формалары, қызметі (пролог, эпилог, баяндау, шегініс, пейзаж, диалог, портрет, монолог т. б.); ғ) шығарманың сюжеті; д) шығарма тілі (баяндау, пролог, эпилог, афоризм, мақал-мәтелдер) ондағы кейіпкер тілі (монолог, диолог); е) шығарманың жанрлары, олардың табиғаты мен анықтамалары, эпос, поэзия, драма бөлімдері, бұл жанрлардың тарихи процесте көрінетін орны; з) жазушының өзіндік стилі, әдісі, көзқарасы; ж) дәстүр мен новаторлық тұрғысынан автордың ашқан жаңалығы, оригиналдығы және т.б.
Кейде оқушыларды топ-топқа бөліп, мәтінді оқытып алып, бірінші тобына кейіпкерлер мінездемесін, екінші тобына композициялық жоспарын жасап, үшінші тобына кейіпкер тілін, төртінші топқа суреттеу тәсілдерін (пейзаж, портрет, сипаттау, мінездеу, эпилог, пролог, монолог т.б.) анықтап, талдау жүргізу тапсырылады. Бұған әуелі шағын әңгіме, поэма, повесть алынады. Оны, сынып оқушыларын қатыстыра отырып, талдап шығамыз. Бұл - жеке компонеттерді талдап, дағды алған соң жүргізіліді. Талдау сабақтарының басқа да, оқушылардың баяндамалары, пікір-талас сабақтар сияқты түрлері бар.Оқушылардың логикалық ойлануына және өз беттерінне зерттеу жұмыстарын жүргізуге көмегін тигізетін басқа да сабақтар түрлері бар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   75




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет