Эксперимент әдісі. Бұл әдіс техникалық пәндер тәжірибелерінде қолданылады. Әдебиетте ашық сабақтарда озат тәжірибе сабақтарын экспериментке құруға болады. Мысал, 12-14 сағаттық көлемді мәтіндерді экспериментке құрып, тіркескен сабақ үлгілерін жасауға болады. Сол сабақтар тұсынд оқу, талдау, баяндау, әңгіме, көрнекілік әдістерінің қалай ұштасып келетіндігін көрсету мұғалімді өз бетімен ізденіп отыруға жетелейді.
Көрнекілік әдісі. Демонстрация. Схема, таблица, сурет, диапозитив, диафильм. Көрнекілік әдісі – оқу, түсіндіру, жаттықтыру, үйрету, балалардың өзіндік жұмысы тұсында қолданылатын көмекші тәсілдерінің бірі. Мұғалім сөзі, лекция, түсінік тұсында ол сурет көрсету, графика, синхроникалық таблица, схема, тақтаға мысал жазу, стенд, сурет, карта т.б. түрінде қолданылады.
Теориялық ереже берілетін болса, оның тексі тақтаға түседі. Соны балалар мысалымен көшіріп алады. Жазушының өмірбаяны өтілген болса, балалар оқулықтан сол материалды оқып, синхроникалық таблица жасап келеді.
Лекция тұсында мұғалім балаларды мұражайға, киноға апарады. Шоқан саяхаты, Ыбырай мектептері, Жоңғар қалмақтарының шапқыншылықтарының схемалық картасын жасау пайдалы. Көрнекі құрал бір ғана лекцияның құралы емес, оның сабақтың барлық буынына қатысы бар. Көрнекі құрал жасауға балалардың өздерін көбірек тартқан жөн.
Көрнекілік әдісі сабақпен тікелей байланысты. Ал сабақ бір ғана ұзын сонар сөзден құралмайды, кластағы бірлескен жұмыстан басталады.
Көрнекілік әдісінің түпкі мақсаты – қысқа да оңай жолмен, тиянақты білім беру. Көрнекілік – оқушылардың пәнге қызығушылығын, таным белсенділігін арттырады. Дегенмен, оны үнемі пайдалану оқушылардың дерексіз түрде ойлауын тежейді, көркем тілінің дамуына кедергі жасайды.
Баяндау әдісі. Бұл әдіс орта буын сыныптарында мұғалім сөзі, жоғары сыныптарда лекция түрінде қолданылады. Лекцияның бөлінген жоспары болады. Мұғалім әуелі лекцияның мақсатымен таныстырады. Бөлімдерін ретімен айтады. Тақтаға фактілер мен даталарды жазады. Көп жағдайда лекция жоспары көрнекі құралға негізделеді. Кіріспе сөз бен лекция сабақтың негізгі буыны емес. Шығарманы талдауда кіріспе сөз бен лекцияның көмегі зор. Әдебиетті оқытуда ақын-жазушылардың өмірбаянын жалаң баяндауға әуестік, шығарманың мазмұнын, образдарын көркем мәтінді оқытпай жатып, күні бұрын айтып беру деті бар.
Оқыту әдісінің бастысы баяндау мен бақылау ғана емес, оқу, үйрету, жаттықтыру. Қай сабақ тұсында болса да сөз аз болып, жаттығу мен оқушыларды оқу ісіне дағдыландыруға көп көңіл бөлінуі тиіс.
Әңгіме әдісі. Бұл әдісті риторикалық оқуға қарсы күресте В.Я.Стоюнин енгізген. Әңгіме әдісі бойынша оқушылар көркем сөздің мазмұны, тақырыбы, идеясы, образдары, тілі, композициясы жөнінде де өз түсініктерін айта білерліктей бағытта жұмыс істеуі тиіс. Әңгіме әдісінің орталығында сұрақ-жауап, бірлесіп жұмыс істеу, сабақты активтендіру тәсілі тұрады.
В.Я.Стоюниннің ойынша, әдебиет сабағы бала жанында сыншыл ой тудыруы қажет.
Әңгіме әдісі тұсында оқушының өзінше оқып, өзінше топшылауына үлкен мән беріледі. Әрине, оған мұғалім жетекшілігі керек. Сұрақтар мен тапсырмалар дұрыс беріліп, сабақ дұрыс ұйымдастырылған болса, әңгіме әдісі мұғалім мен оқушының мәтін төңірегінде тізгінделіп жұмыс істеуіне үлкен мүмкіндік береді.
Байқау әдісі. Оқу мақамы, жазу қарқыны сияқты әдістер Ү-ҮІІ сыныптарда жиі қолданылады. Себебі, оларсыз көркем шығармалардың оқиғаларын, кейіпкерлер арасындағы қарым – қатынасын, олардың мінездерін көз алдына елестете алмайды. Осындай қабілеттілікті дамыту үшін, нақтылықтан дерексіз ойды тудыру үшін көрнекіліктің жоғарыда аталған түрлері пайдаланылады.
Достарыңызбен бөлісу: |