Ii. Кафедраның ОҚу- әдістемелік семинары отырысында талқыланды



бет42/75
Дата01.11.2022
өлшемі327,96 Kb.
#156096
түріСеминар
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   75
Байланысты:
метбол.

Проблемалық әдіс. Оқушылардың таным белсенділігін, ойлау қызметін дамытуда, жетілдіруде, оларға өз бетінше қорытынды, тұжырым жасата білуде проблемалық оқытудың маңызы ерекше. Оқытудың бұл түрі арқылы мұғалім оқушы алдында проблемалық жағдаят тудыратын танымдық – іздендіруші, шығармашылық сипаттағы зерттеу әдісіне бағытталған тапсырмалар береді және орындата алады. Өтетін тақырып аса күрделі емес, әрі оқушы дербес, өздері шеше алмайтындай тапсырмаларға төселген жағдайда ғана проблемалық оқытуды басшылыққа алу тиімді.
Оқушылардың таным белсенділігін, ойлау қызметін дамытуда, жетілдіруде, оларға өз бетінше қорытынды, тұжырым жасата білуде проблемалық оқытудың маңызы ерекше. Оқытудың бұл түрі арқылы мұғалім оқушы алдында проблемалық проблемалық жағдаят(ситуация) тудыратын танымдық-іздендіруші, шығармашылық сипаттағы зерттеу әдісіне бағытталған тапсырмалар береді және оны орындата алады.
Дегенмен де, осы проблемалық оқыту әдіс-тәсілдерінің мүмкіншіліктері шексіз емес. Оқу материалының барлығы, барлық тақырыптар проблемалық жағдаятты талап етпейді. Сондай-ақ, белсенділігі, білім дәрежесі орташа, не ортадан төмен сынып ұжымына проблемалық оқыту әр уақытта да жемісті болады деуге болмайды. Бұл әдіс-тәсілдер оның үстіне уақытты да көп талап етеді. Өтетін тақырып аса күрделі емес, әрі оқушы дербес, өздері шеше алатындай тапсырмларға төселген жағдайда ғана проблемалық оқытуды басшылыққа алу тиімді.
Репродуктивтік (жаңғырмалы) әдіс. Бұл әдістің мұғалімнің басшылығымен жүзеге асырылатыны. Оны қолдану процесінде оқушының білімді мұғалімнің лекциясынан, оқулықтан, қосымша әдебиеттерден дайын күйінде алатыны. Білімді берілген қалпында қабылдау арқылы екінші жақтың ойын ұғып, қабылдауға, еске сақтауға үйретіні. Репродуктивтік әдісті жүзеге асыратын тәсілдер.
Түсіндірмелі оқу бұрын көбіне бастауыш мектепте қолданылды. Оның теориясын Д.И.Тихомиров, В.П.Шереметовский сияқты ғалымдар жасаған. В.П.Шереметовский түсіндірмелі оқуды кластық әңгіме әдісіне жатқызады. Сұрақ-жауап түрінде жүргізілетіндіктен, оны ол Сократ (диалог) әдісі деп атаған.
Түсіндірмелі оқуды бір ғана бастауыш мектеп методикасы деп үстірт түсінуге болмайды. Өйткені пәнді түсіндірмей үйрету мүмкін емес. Алайда алғашқы мәтін түсінік тасасында қалар болса, ол баланы көркем мәтіннен алыстатады.
Түсіндірмелі-репродуктивтік әдістің де өзіндік ерекшелігі, мүмкіншілігі бар. Бұл әдіс-тәсілдердің ең тиімді жағы мұғалім білімді қысқа мерзім ішінде, барлық оқушыларды қамти отырып береді. Оқу материалын ақпараттық сипатта, әңгімелеу, түсіндіру сипатында жеткізеді. Оқушылар да өз мүмкіндіктерінше ол білімді қабалдай алады. Бірақ репродуктивтік-түсіндірмелі әдісте оқушының дербес ойлауы арқылы жүргізетін өзіндік жұмыс түрлері әлсіз болып келеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   75




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет