Байланысты: лекции по основам биохимии и синтезу БАВ
Витаминдер – ауыстырылмайтын тіршілік факторлары Витаминдер туралы жалпы түсінік Витаминдер дегеніміз – азық түліа өнімдерінде, жем шөпте шағын мөлшерде ғана кездесетін, ал адам мен жануарлар организімінде бірқалыпты тіршілік үшін өте қажетті төменгі молекулалық органикалық қосылыстар.
Н.И.Луинннің ғылыми жұмысына дейін (1880ж) қорек үшін бес түрлі ғана зат – белоктар, майлар, углеводтар, минералдық тұздар және су қажет деген пікір қалыптасқан еді. Ал, үнемі тамақтың бір түрімен ғана қоректену, сондай ак өзақ уакытқа созылған саяхат кезінде адамдарда ұштасатын бірқатар сырқаттардың қоректе кейбір заттардың жетіспеуінен болатыны белгілі болды. Мысалы, Европа мен Индия арасында теңіз жолын алған ашқан Васько да Гама экспедициясына бастапқы қатысқан адамдардың саны жүз алпыс шамасындай болатын. Екі жылға созылған саяхаттан кейін солардың елу бес адамы ғана қайтып оралды. Жүзден астам теңізші жолда құрқұлақ ауырунан мерт болды.
Азық тлік өнімдерінде жү.гері басым болатын кейбір елдерде пеллагра деген ауру таралған, ондай сырқат кезінде дененің ашық жері, терісі қабынып ауруға (дерматит) ұшырайды. Ал негізгі қорегі күріш дақылы болып табылатын елдерде бери бери (паралич) деген ауру кездеседі. Мұндау ауру кезінде нерв тармақтары қабынады да, қол аяқ тырысп қалады. Мұндай сыртқат әсіресе, күрішті машинамен өңдеп, ақтау тәсілдерін енгізу салдарынан көбейіп кетті.
Осындай жағдайлар және өмірде байқалған басқа да мысалдар қоректік азық түлікте тіршілік үшін аса маңызды басқа да заттар болуы тиіс деген ой тудырады. Орыстың ғылыми дәрігері Н.И.Лунин ақ тышқанмен тәжірибе жасап, олардың тек белоктарымен, майларымен, углеводтарымен, тұздарымен және сумен ғана қоректену бірқалыпты тіршілік үшін жеткіліксіз екенін ең алғаш дәлелдеді. Құрамында жоғарыда атаған бес түрлі зат бар жасанды сүт ішкен тышқандар өліп қалады. Ал сиырдың табиғи сүтін ішкен тышқандар қалыпты тіршілік етеді. Осы тәжірибеден Н.И.Лунин мынадай дұрыс қорытынды шығарды. «...жоғарыда аталған тәжірибенің нәтижесіне қарағанда, белоктармен, майлармен, қантпен, тұзбен, сумен ғана қоректендіріп тіршілікті қалыпты қамтамасыз етуге болмайды екен және тұздан өзге, тіршілік үшін аса қажетті, ауыстырылмайтын басқа заттар да бар болуы тиіс. Осы заттарды зерттеу және олардың қоректік бағасын анықтаудың маңызы зор».
Неміс ғалымы Штепп (1908-1912жж.) нан мен сүтті пайдаланып, осыған ұқсас тәжірибе жүргізеді. Ол ғалым нан мен сүтке спирпен және эфирмен ісер етіп, ерітіндіге шықпаған қалдақтармен тышқандарды азықтандырады. Мұндай азықтандыру кезінде тышқандар өліп қалған. Оның зерттеуі нан мен сүтке спиртпен және эфирмен әсет ету арқылы алынған ерітіндіде аз да болса да тышқандардың тіршіліг үшін қажетті заттар бар екенін көрсетті.
Поляк ғалымы К.Функ (1911ж.) ақталып тазартылған күрішке оның кебегігінң сығындысын қосып, тауыққа береді. Мұндай жемді жеген тауқ бери бери ауруының өршуін болдырмаған. Мұнан кейін ғалым бери бери сырқатынан сақтайтын затты күріш кебегінен бөліп алады. Ол амин тобы бар химиялық зат екенін анықтайды. Сондықтан Функ ол затты витамин деп атайды ( латынның вита деген сөзінен шыққан, тіршілік, өмір деген мағынада, витамин – тіршілік амині ).
Қазіргі кезде витаминдік қасиеті бар отыздан астам зат белгілі. Олардың едәуір бөлігінің құрамында амин тобы да, азот та болмайды. Осыған қарамастан, мұндай ауыстырылмайтын тіршілік факторлары үшін «витамин» деген тарихи термин сақталып қалды.
Витаминдерді негізінен өсімдіктер, бірқатарын микроорганизмдер түзелі. Адамның және жануардың организмінде бірнеше витамин (мысалы: D, PP витамині) ғана түзіледі. Олардың кейбіреулері өте шағын мөлшерде түзіледі де, организм қажетін толық өтей алмайды.
Адамның және жануарлардың организімінде, өсімдік тектес азықтарда витаминдердің алғы шарты сияқты қосылыстар болады. Олар провитаминдер (каротиндер, стеролдар) деп аталады. Мұндай провитаминдер тиісті активті қалыпқа түскеннен кейін сәйкес вмтаминдерге айналады.
Азық түлік және жемшөп құрамында витаминдердің жетіспеуі немесе мүлде болмауы организмдегі зат алмасу процесін бұзады. Мысалы, мұндай жағдайда жас төлдің өсуі тоқтайды және ол әр түрлі ауруға ұшыруға бейім болады. Азық түлікте, жкмшөпте ұзақ уақыт бойы витаминдер болмаса немесе организмнің витамині болмаса немесе организмнің витаминді сіңіру қабілеті бұзылса, ауру пайда болады. Ондай ауруда авитаминоз деп аталады. Қоректе ұзақ уақыт С витамині болмаса, организм құрқұлақ ауруына ұшырайды. Мұндай витаминдер жоқ жағдайда құрқұлақ - С авитаминоз деп жазу қабылданған. Осылайша рахит – D авитаминоз, бери бери – В авитаминоз т.с.с.
Авитаминоз ауруларын витаминдерді көбірек беру арқылы емдейді. Авитаминоз ауруларының негізгі белгісі айқын білінеді, сондықтан оның диагнозын қойып, анықтау онша қиын емес.
Витаминнің жетімпеуі жиі кездеседі. Мұндай кезде сырқат белгі береді. Бұл жағдайды гиповитаминоз деп атайды. Гиповтаминоз жағдайы организмге қажет витамин өлшерінің нормадан төмендеп кетуінен болады. Гиповитаминоз белгілерін анықтау қиындау. Әдетте гиповитаминоз сырқаты қыстың аяғына таман, азық -түлікте және жемшөпте витаминдер мөлшері өте азайған кзеде байқалады. Кез келген витаминді (әсіресе A және D витаминін) организмге қалыптан тыс көп беру гиппервитаминоз ауруына ұшыратады. Витаминді біржолы көп мөлшерде қабылдау уландырады. Ондай жағдайда «гипервитаминоз» деуге болмайды.