Іі. Негізгі бөлім Жасушаның тіршілік циклі, құрылысы



бет3/35
Дата12.12.2023
өлшемі3,57 Mb.
#196564
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35
Байланысты:
лекции по основам биохимии и синтезу БАВ

А-тізбегі
I 7 8 9 10 20 21
Гли – Цис-Ала-Сер-Вал - Цис-Асн-СООН
NH S S
S S
I 7 19 30
Фен -Цис- Цис—Ала—СООН
Б-тізбегі
Инсулин молекуласының схемасы, м. м. 5 700.
Инсулин молекуласының белгілі бөлігінде орналасқан үш амин қышқылының түр айырмашылығы болады. Мысалы, инсулиннің А-тізбегінде 8, 9 және 10 жағдайында орналасқан амин қышқылдарының айырмасы,






8

9

10

бұқада:

Ала -

Сер-- Сер -

— ВАЛВАЛВал

қоида:

Ала -

- Гли -

— Вал

жылқыда:

Тре —

- Гли -

- Иле

шошкада:

Тре —

- Сер -

- Иле

китте:

Тре —

- Сер -

- Иле

адамда:

Тре —

- Сер -

- Иле

Сол сияқты, адам инсулинінің басқа сүтқоректі жануарлар инсулинінен айырмасы — Б-тізбегі С-соңғы амин қышқылы. 30 жағдайында адам инсулинінде треонин бар, ал басқа жануарлар инсулині аланинмен аяқталады.
Ұйқы безінің екінші гормоны — глюкагон. Ол Лангерганс аралшықтарының а-клеткаларында жасалып шығады. Глюкагон дегеніміз — 29 амин қышқылынан құралатын, м. м. 3500, бір тізбекті полипептид.
Зат алмасуға әсері. Инсулиннің негізгі нысаналары бауыр, бұлшық ет және майлы ткань клеткалары. Оның рецепторы нысана клеткалардың беткі жағына орналасады, болжам бойьшша ол гликопротеид, м. м. 300 000. Қан құрамында глюкоза көбейіп кеткен кезде соған қарсы инсулин жасалып шығады.
Инсулин негізінен углеводтың алмасуына әсер етеді, клетка мембранасы арқылы қанттардың өтуіп, ең алдымен глюкозаның өтуін тездетеді және глюкозаның фосфорлануын арттырады.
Бауырда және басқа да тканьдерде глюкозадан гликогеннің синтезделіп жасалуына қатысатын гексокиназа, фосфофруктокиназа, гликогенсинтетаза сияқты ферменттердің әсерін күшейтіп, жандандырады.
Гексокиназа ферменті глюкоза мен АТФ екеуінен глюкозо-6-фосфаттың түзілуін катализдейді. Глюкозо-6-фосфат Қосылысын клеткалар мынадай екі бағытта пайдаланады: гликоген синтезі үшін және тотығып энергия бөліну үшін жұмсалады. Инсулин әсері нәтижесінде қанда глюкоза концентрациясы төмендейді, гликоген және гликолиз өнімдері түзілуінің күшеюі нәтижесінде глюкозофосфат мелшері артады.
Организмде инсулин жоқ болса және жетіспесе, қан құрамында глюкоза мөлшері көбейеді (гипергликемия) және глюкоза көп мөлшерде зәрмен бірге бөлініп шығады (глюкозурия). Глюкозамен бірге организмнен су көп бөлінеді және сырқат адам сусамырлыққа, ашқарақтыққа ұшырайды. Глюкозаны жоғалту салдарынан қордағы зат — гликоген айтарлықтай көп шығын болады. Майлар мен белоктар ыдырап бөлінеді. Бұл дерттің қант диабеті (сусамыр) деп аталатыны белгілі. Диабет дертінің белгісі — адамның қан құрамында глюкозаның шамадан кеп бо-луында, оның 8—60 мМ мөлшеріне жетуі. Қандағы глюкозаның қалыпты мөлшері 3,3—5,3 мМ болуы тиіс.
Инсулин әсерінің нәтижесінде клеткалардың амин қышқылдарын сіңіруі және белоктардың синтезделуі күшейеді. Инсулин глюкозаның май қышқылдарына айналуына себепші болады және май тканіндегі триглицеридтер гидролизін тежейді. Диабет дерті кезінде зәр құрамында азот мелшері кебейеді, май қышқылдары аяғына дейін тотықпайды, зат алмасудың қышқыл өнімдері — кетондық денелер көбейеді, ол жағдай ацидозға соқ-тырады.
Жалпы алғанда, инсулин клетка ішіндегі алмасуды күшейтеді, клеткаға кальций, иондарының келуін күшейтеді, сейтіп цГМФ қүрылуы арқылы әсер етеді, бірақ ол цАМФ-тың түзілуіне әсер етпейді.
Глюкагон инсулинге антогонист, оның әсері цАМФ концентрациясын арттыру арқылы іске асады. Қан құрамындағы глюкоза мәлшері 3,9 мМ деңгейінен төмендеген кезде глюкагонның бөлінуі күшейеді.
Глюкагон бауырда фосфорилаза жұмысын активтендіреді, фосфорилаза гликогеннің ыдырап айналуына қатысады, сейтіп қан құрамында глюкоза концентрациясын арттырады
БҮЙРЕК ҮСТІ БЕЗІНІҢ ГОРМОНДАРЫ
Бүйрек үсті безі дегеніміз — жоғары сатыдағы омыртқалы жануарлардың қос эндокрин безі. әр бүйректің ең жоғарғы шегіне жақын осы без орналасады. Бүйрек үсті безінің екі қабаты бар: сыртқы қыртыс қабаты және ішкі ми сияқты заты. Бұл екеуі екі дара без сияқты және екі түрлі гормон жасап шығарады.
МИ ЗАТЫНЫҢ ГОРМОНДАРЫ
Ми заты екі түрлі гормон бөліп шығарады. Олар — адреналин және норадреналин, бұл екеуі де катехоламиндер тобына жатады, олар — нерв жүйесінің медиаторы.
Химиялық табиғаты. Адреналин мен норадреналин таза күйінде де, синтездік жолмен де алынған. Көміртегінің таңбалы атомын (С14) пайдалану арқылы оның клеткада түзілу жолы аиықталған. Бұл гормондардың алғы заты фенилаланин мен тирозин сияқты амин қышқылдары. Бұлар тотығу процесі және одан кейінгі декарбоксилдену нәтижесінде норадреналин береді. Норадреналиннің метилденуі нәтижесінде адреналин түзіледі.
Зат алмасуға әсері. Адреналин негізінен организмде углеводтың алмасуына және біршама ғана липидтердің алмасуы-на әсер етеді. Адреналиннен норадреналиннің айырмасы — ол зат алмасуына айтарлықтай әсер ете алмайды.
Глюкагон сияқты, адреналин де өзінің әсерін цАМФ арқылы тигізеді. Ол плазма мембранасында рецептормен (м. м. 75000 белок) байланысады, өзінің нысана клеткасына енбейді, адени-латциклазаны құруға себепші болады. Бұл жағдай цАМФ-ты кебейтеді, сөйтіп кептеген реакциялар іске кіріседі. Олар фосфорилаза ферментін активтендіреді, ал гликоген-синтетазаны тежейді.
Фосфорилаза гликоген гидролизінің алғашқы бастама реакциясын катализдейді, сөйтіп кан кұрамында глюкоза денгейін көбейтеді және бұлшық еттерде сүт қышқылының жиналуына себепші болады.
Адреналин тканьдерде майдың ыдырауын активтендіреді, бос май қышқылдарының мөлшерін кебейтеді және май қышқылы түзілуін тежейді.
Адреналин мен норадреналиннің тканьдерде қан қысымын арттыратын қасиеті бар. Бірақ бұл екеуі екі түрлі әсер етеді. Адреналин жүректі жиі соқтырады, артериядық қан тамыры саңлауын кеңейтеді. Ал норадреналин қан тамырларьша келетін нерв ұшына әсер ету арқылы қан қысымьн арттырады, қан тамыры саңылауы тарылады.
Қан құрамында глюкоза концентрациясы төмендеген кезде және нерв қозған кезде, кенеттен күтпеген ауыр жағдай болған кезде адреналин секрециясы артады. Стресс жағдайы кезінде гликоген ыдырауының күшейетіні байқалады, қан құрамында глюкоза мөлшері кенеттен кәбейеді де, ол зәрмен бірге бөлініп шыға бастайды.
БҮЙРЕК ҮСТІ БЕЗГ ҢАБЫҒЫНЫҢ ГОРМОНДАРЫ

Циклопентанопергидро-Фенантрен
Бүйрек үсті безінің экстрактынан 30 шамасындай стероидтық гормондар бөліп алынған. Олар химиялық тұрғыдан өзара өте ұқсас. Олардың бәрінің құрамында циклопентанопергидрофе-нантрен ядросы бар:
Химиялық табиғаты. Сүтқоректі жануарлардың бүй-рек үсті безінің қабығында негізгі үш түрлі гормон жасалып шы-ғады. Олар кортикостерон, кортизол-(гидрокортизон) және аль-достерон. Бүл үшеуі кортикостероидтар деп аталады.
Бүйрек үсті безінің қабығы гормондарының биосинтезі үшін
бастапқы зат—холестерол (анығырақ айтқанда, А ацетилко-
ферменті). Бұл гормонның түзілуіне гипофиздің адренокортико-
троп гормоны қолайлы әсер етеді.
Бүйрек үсті безінің қабығы гормондарының химпялық кұры-



Кортикостерон Кортизол Альдостеррн
лымы үқсас болғанымен, метаболизмде әр түрлі қызмет атқарады.
Кортикостерон мен кортизол углеводтың алмасуына қатысады. Ол екеуі глицерин және амин қышқылдары сияқты углевод емес заттардан глюкоза түзілуге қатысады. Олар осылайша қан қүрамындағы глюкоза мөлшерін тұрақты да қалыпты деңгейде ұстауға көмектеседі. Углевод емес заттардан глюкозаның түзілу процесін глюконеогенез деп атайды.
Амин қышқылдарының көміртегі тізбегінен глюкоэвның синтезделуі үшін көптеген фермент қажет, қалыпты жағдайда ондай ферменттер аз болады. Организмге глюкоза қажет болған кезде, ондай гормондар бүйрек үсті безінің қабығында жасалып шығады.
Корикостероидтар әсерінің механизмі мынадай: кортикостероидтар нысана-клеткаларға енеді де, арнайы рецепторлармен (м. м. 40 000—100 000 болатын белоктармен) қосылысады. Ре-цепторлармен бірге клетка ядросына енеді де, сол жерде генді айқындап реттейді және транскрипцияны жеделдетеді. Ол жағ-дай глюконеогеноз үшін қажетті ферменттердің синтезделуіне алып келеді.
Альдестерон электролиттердің және судың алмасуын реттейді. Ол денеде су мен натрийдің үстальш тұруына және калий мен фосфордың азаюына себеп болады.
Альдостерон углеводтың алмасуына қатыспайды. Ол жетіспеген кезде минералдық тұздардың алмасуы кенеттен бүзылады, қан құрамында натрий иондары мен хлоридтер мөлшері азаяды, калий иондары ұсталып қалады. Бұл жағдайдың салдарынан қан құрамынан су көп беліне баетайды да қан қоюланады.
Бүйрек үсті безі зақымдалған кезде адамда аддисон дерті пайда болады, денесі сарғаяды және әлсіздікке ұшырайды.
ЖЫНЫС БЕЗДЕРІНІҢ ГОРМОНДАРЫ
Жыныс безі (гонадтар) ер адамда ұрық безі (тестикула) түрінде, ал әйелде аналық без түрінде болады. Ол екеуінде жыныс клеткалары (сперматозоидтар мен аналық клеткалар) және жы-ныс гормондары жасалып шығады. Снерматозоидтар мен.ана-лық клеткалар өзара қосылған кезде болашақ жаңа организм ұрықтанған клетка (зигота) түзіледі. Ал жыныс гормондары екінші кезектегі жыныстық белгілердің қалыптасуын реттейді және еркек пен әйел организміндегі зат алмасу ерекшелігін анық-тайды.
1929 жылы екіқабат әйелдің зәрінен ең алғаш жыныс гормондарының біреуі — эстрон (фолликулин) кристалл түрінде беліп алынды. Казіргі кезде барлық жыныс гормондарының құрылымы зерттелді және еркек пен әйелдің бірқатар жыныс гормондары синтезделіп алынды.


Еркектің жыныс гормондары
Омыртқалылар еркегінің негізгі жыныс гормоны тестостерон мен андростерон. Ол екеуі ұрық безінің клеткаларында түзіліп шығады және шағын мөлшерде бүйрек үсті безінің қабығында және аналық безінде түзіледі.
Бұл екеуінің мейлінше белсендісі тестостерон, ал андростеронның белсенділігі одан 10 есе кем. Еркекте тәулігіне 6—10 мг тестостерон синтезделінеді. Әйелде де тестостерон түзіледі, бірақ оның мөлшері мейлінше аз, 0,4 мг шамасындай.
Еркектердің жыныс гормоны андроген (andros — еркек деген грек сөзінен шыққан) деп аталады. Ол гормонды қанда плазма гликопротеиді (м. м. 94000) тасымалдайды.

Тестостерон Андроотероц


Зат алмасуға әсері. Андрогендер белоктархинтезіне, әсіресе бұлшық ет тканьдеріндегі белок синтезіне дем береді, жас жануарлардың сүйек қаңкасының өсуін дамытады. Сондықтан еркек организмдерінің бұлшық еттері жақсы жетілген және бітімі ірі келеді. Андрогендер екінші кезектегі еркектік жыныс белгілерін қалыптастырады, жыныстық инстинктердің қалыптасуына себепкер болады. Олар зат алмасуды едәуір күшейтеді, қанның құрамын жақсартады (гемоглобин мен эритроциттердін түзліуін күшентеді) және семіруді тоқтатады.
Мал шаруашылығында етінің сапасын жақсарту үшін еркек малды піштіреді. Піштірілген малда зат алмасуы төмендейді. Соның нәтижесінде мал семіріп ,еті майланады, майды да көп жинанды. Сөйтіп еттің қоректік сапасы артады. Егер мал жас кезінде піштірій жіберсе, онда екінші кезектегі жыныс белгілері жетілмейді. және күіілеп мазаланбайды.
Андрогендер әсерінің молекулалық механнзмі мынадай: нысана — тканьдерде ядролық ДНҚ және РНҚ синтезін күшейтеді, РНҚ-ның ядродан протоплазмаға өтуін тездетеді, белок синтезін күшейтеді және сәйкес белоктар жүйесін активтендіреді.
Әйелдердің жыныс гормондары
Әйелдердің жыныс гормондары эстрогендер (жаңа латынның estrus— ағын деген сөзінен алынған) деп аталады. Ол аналық безінің фолликуласында, ұрық жолдасында түзіледі. Шағын мөлшерде бүйрек үсті безінің қабығында және ұрық безінде синтезделінеді. Эстрогеннің үш түрі белгілі. Олар: эстрадиол, эстрон және эстриол. Эстрогендер кәбінесе белокпен байланысқан тү-рінде қан арқылы таралады. Әйелдің нағыз жыныс гормоны болып табылатын эстрадиол, одан басқа екі эстроген негізінде эстрадиол метаболизмі кезінде түзіледі. Әйелдер жыныс гормондарының тікелей алғы заты еркектің гормоны Тестостерон. Әйел организміне енген тестостеронның бір бөлігі эстрадиолға айналады. Әйелдердің жұмыртқалығында бір тәулікте 1 мг эстрадиол түзіледі.
Әйелдердің төртінші жыныс гормоны прогестерон, ол женінде кейінірек баяндалады.
X и м и я л ы қ т а б и ғ а т ы. Барлық эстрогендер циклопен-танопергидрофенантреннің туындысы, С 8 — стероидтарға жатады. Олардың молекуласында 10 жағдайындағы метил тобы болмайды және А сақинасы ароматты. Химиялық құрылымы жөнінде эстрогендердің гидроксильдік топтың болуына байланысты айырмашылығы бар. Ол жағдай олардың формулаларынан да байқалады:



Зат алмасуға әсері. Эстрогендер әйелдердің екінші кезектегі жыныс белгілерінің дамуына және сүтқоректі жануар-лардың жыныс жүйесіндегі қосымша бөліктерінің жетілуіне себеп болады. Олар желіннің және емшектің бірқалыпты өсіп жетілуіне әсер етеді, тері астындағы майдың бөлінуіне, әйел ерекшелігіне тэн сүйектің өсуіне және жыныс мүшелерінің жұмысына себепкер.
Эстрогендер белок синтезіне әсеретеді, организмде натрий, калий, фосфаттардың және судың сақталып ұсталуын іске асырады, клеткалардың өсіп көбеюін күшейтеді.
Эстрогендердің әсер ету механизмі жатыр, қьшап, желін мен емшек безі тканьдерінде арнаулы цитоплазмалық рецепторлардың болуына байланысты.
Мұнда гормон рецептормен байланысады, осьшдай байланыс-тан құралған гормон — рецептор-комплексі ядроға енеді. Ядрода комплекс хроматиннің белоктарымен езара әрекеттеседі де, жа-ңа иРНҚ түзілуін іске асырады, ол иРНҚ тиісті белоктарды (ферменттерді) синтездеуге информация әкеледі. Тәжірибе жү-зінде мынау дәлелденген: эстрогендердің енуі ферменттердің ак-тивтілігін және нысана — мушелерде белок синтезін күшейтеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет