Байланысты: лекции по основам биохимии и синтезу БАВ
Витаминдердің атауы және классификациясы Химиялық табиғаты әлі анықталмаған. Алғаш алынған витаминдер латын алфавитінің бас әріпімен белгіленген болатын. Ол жағдай қазір әдебиетте кең көлемде қолданылады. Мысалы: А витамині, В витамині, С витамині т.с.с. кеңірек химиялық құрамдары және биологиялық әсерлері ұқсас витаминдер тобы бар екені анықталады. Ондайларға цифр, индекс беріледі. Мысалы: А тобына жататын витаминдер (А1, А2), D тобына жататын витаминдер (D2, D3, D4, D5 ) т.б.
Қазіргі кезде барлық витаминдердің химиялық құрамы анықталды және олардың бәрі синтездік жолмен алынды. Таза және қолданбалы химимялық халықаралық одақ (ИЮПАК) витаминдердің химиялық табиғатына сүйеніп, оларға атау беруді ұсынды. Ондай атаулар витаминдердің молекулалық құрылымын және биологиялық қасиеттерін көрсете алды. Мысалы, А витмаині – ретинол (ол жалғау молекуласында спирт тобы бар екенін білдіреді) деп аталады; D витамині – кальциферол деп аталады, яғни «кальций ионы тасымалдайды» деген мағынаны білдіреді. В1 витамині – тиамин деп аталады, оның құрамында күкірт және амин тобы бар екенін білдіреді. Сол сияқты витаминдерде ол жетімпеген кезде ұшырайтын аурудың атымен атау қабылданған. Ол кезде «анти» деген қосымша жалғанады. Бұл қосымша сөз болып отырған витаминге сәйкес авитаиноз ауруының алдын алады және одан сақтандырып, жазады деген мағынаны білдіреді. Мысалы, D витамині антирахид витамині (рахидке қарсы) деп, С витамині антицинготтық (құрқұлаққа қарсы) витамин деп аталады т.с.с.
Барлық витаминдер өздерінің физикалық-химиялық қасиеттеріне қарай екі класка бөлінеді. Олар:
Майларда еритін витаминдер;
Суда еритін витаминдер.
Авитаминоз. Организмде А витамині жетіспеген кезде эпителий клеткаларының қалыпты түзілуі бұзылады. Бұл А авитаминоздың бір себебі. Мұндай авитаминоз кезінде теріде сызат пайда болып, ол қабыршақтана бастайды, осының салдарынан микроорганизмдер және зиянды заттар кдеткаға оңай ене алады.
Лизоцим ауру қоздырушы көптеген микроорганизмдерден қорғаушы фермент болып есептеледі. Ретинолдың жетіспеуі салдарынан лизоцим болмайды, сол көздің шырышты қабатын ауруға ұшыратады, оның эпителийі құрғайды. Мұндай сырқатты ксерофтальмия (ксерокс – деген грек сөзі, құрғақ деген мағынаны білдіреді, офтальмос – көз) деп атайды. Ксерофтальмия сырқатты кезінде көздің шынайнасы қатты зақымданады, соның салдарынан соқыр болып қалады.
А-Авитаминоз сырқатының алғашқы белгісі тауықкөз (түнгі суқаранғы) болады. Бұл витаминнің жетіспеуі жас төлдердің өсуін тоқтатады және сперматогенез процесі тыйылады (ол жағдай егеуқұйрыққа тәжірибе жасау арқылы дәлелденген) осының салдарынан мал басын өз төлі есебінен көбейту процесі бұзылады.
A-гипервитаминоз. Егеуқұйрықтарға А витамині мөлшерін қалыптан тыс көп берген жағдайда олардың сүйегі сына беретін болады. Осы витаминді көп қабылдаған ересек адамдарда да дәл егеуқұйрықтардағыдай құбылыс байқалған. Тіпті өте көп берген жағдайда бірнеше күннің ішінде басы қатты ауыра бастайды, адам әлсірейді, тері қабынып ауруға ұшырайды.
Табиғатта таралуы. А витаминдері жануарлар организімінде болады. Әсіресе, балықтың бауыры, жануарлар бауыры, жұмыртқаның сарыуызы, жазда сиыр сүтінен алынған сары май ондай витаминдерге бай келеді. Ал етте олар бірнеше аз. Картиноидтар сәбізде, өрікте, ақжелкен жапырағында, асқабақта және барлық жасыл өсімдікте кездеседі.
А витаминінің жануарлар организіміне қажетті мөлшері мынадай: тірідей салмағының 1кг мөлшеріне 6мкг. Ал ересек адам үшін тәулігіне 0,7мг А витамині қажет.