СНз-ОН I СН-Ср + CH57H3iCOOJI
IЛинол вдьшіқылы
СН2-ОН
Глицерол
Май гидролизі өнімдерін сіңіру
Таңбалап триацилглицеролдарды зерттеу мынаны көрсетеді: азық ұүрамындағы триацилглицеролдардың шамамен 40% глицеролға және май қышқылына гидролизден-еді, 3-10% шамасындайы триацилглицеролдар түрінде сіңеді, басқа бөлігі негізінен 2-моноацилглицеролдарға дейін гидролизденеді. Молекуласында 10 атомға дейін көміртегі бар май қышқылдары және глицерол ішекте портальдық қан айналу жүйесі арқылы сорылады және одан ары қарай бауырға барады. Көміртегі атомдарының тізбегі ұзын май қышқылдары, моноацилглицеролдар, триацилглицеролдар өт қышқылдарының көмегі арқылы диаметрі 4-5 нм мицеллаларға айналып бірігеді. Бұл мицеллалар, сірә клеткаға диффузия жолымен енетін болуы керек. Сілемейлі қабаттың клетка ішіне енген мицеллалар ажырап липидтерге, өт қышқылдарына бөлініп, жіктеледі. Ол заттар ішек вена тамырлары арқылы портальдық қан ағысына қосылады. Одан бауыр өт қышқылдарын бөліп алады және етпен бірге қайтадан он екі елі ішекке енеді. Ішектің кілегей қабатының клеткалары ішіндегі май қышқылдары тиісті ферменттердің, АТФ, Mg2-1" және А коферменті қатысында қышқылдардың активті түрі ацил-А-коферменттер түзеді. Моноацилглицеролдар фосфатидтік қышқылдарға, одан кейін триацилглицеролдарға айналады. Триацилглицеролдар май тамшылары түрінде эндоплазмалық ретикулумде пайда болады. Фосфолипидтер, белоктар, холестерол - үшеуі өзара бір-бірімен әрекеттеседі де, β-липопротеиндер түзеді. β-Липопротеиндер майдың бетіне жабысып, май түйіршіктерін қалыптастырады. Осылайша пайда болған түйіршіктер хиломикрондар деп аталады, олардың орташа диаметрі 1 мкм. Хиломикрондар қанға қосылады, негізінен төс ойық венаға және лимфалық тамырларға барады. Сүтқоректі жануарлар ішегінің кілегей кабатының клеткалары бөліп шығаратын липидтер қанмен, лимфалық жүйе арқылы басқа ұлпаларға тек қана хиломикрондар түрінде тасымалданады. Ал төмен молекулалы май қышқылдары альбуминмен байланысқан түрінде жеткізіледі.
Фосфолипидтердің және холестерол эфирлерінің қорытылуы
ұйқы безі сөлінің құрамында А1 фосфолипаза жэне А2 фосфолипаза ферменттері болады. Ол екеуі тиісінше 1 және 2 жағдайындағы май қышқылдарын ыдыратады. Осы ферменттер А1 профосфолипаза және А2профосфолипаза сияқты алғы заттар түрінде синтезделеді. Бұдан кейін ішекте оларды трипсин ферменті активтендіреді де, активті А1фосфолипаза және А2 фосфолипаза ферменттері түзіледі. Бұл ферменттердің әсер ет-уі үшін өт қышқылдарының тұздары және Са2+иондары қажет. Осы екі фосфолипазан-ың әсері нәтижесінде фосфатидилхолин лизофосфатидилхолинге, ал фосфатидиэтано-ламинлизофосфатидилэтаноламингеайналады. Лизофосфатидилхолин мен лизо-фосфатидилэтаноламиннің беттік активтігі жоғары болады, олар асқазанда, ішекте қор-ектік липидтердің эмульсиялануына әсер етеді.