Жоғары сатылы организмдердің ұлпасында май қышқылдар түзілуіне мультифермеиттік жүйе қатысады, ол жүйе 7 белоктардан тұрады, М 400 000. Жүйе жаңа номенклатура бойынша май қышқылдары синтаза деп аталады.
Май қышқылдары синтезінің келесі ерекшелігі мынадай: малонил-КоА түзілгеннен кейін молекула тізбегінің ұзарту реакциясы ацил тасымалдаушы белок (АТБ) деп аталатынның қатысуымен жүреді. Бұл өзі термотұрақты шағын белок, М 9000, оның простетикалық тобы - фосфопантотеин. Мұның құрамында витамин пантотен қышқылы бар. АТБ құрамында сульфгидрильдік топ бар және ол HS-АТБ түрінде белгіленеді. Май қышқылдарының катаболизмінде А коферменті қандай қызмет атқарса, олардьщ анаболизмінде АТБ да сондай қызмет атқарады.
АТБ қызметі мынадай: ол өзінің сульфгидрильдік шеті арқылы май қышқылдары синтезінің аралық өнімдерімен байланысады да оларды бір ферменттен екінші ферментке жеткізеді.
2. Май қышқылдарьшың синтезінде көміртегі атомдары тізбегінің ұзаруы (элөнгация) ацетил-АТБ жэне малонил-АТБ түзілуден басталады. Бұл реакцияларды тиіеішпе ацетил-трансацилаза жэне малонил-трансацвлаза ферменттері катализдейді.
3.ацетил-АТБ мен малонил-АТБ конденсациясы.
Бұл кезде ацето-ацетил-АТБ түзіледі, С02 мен HS-АТБ бөлініп шығады. Реакцияны кетоацетил-АТБ-синтаза ферменті катализдейді.
Малонил-АТБ-ның декарбоксильденуінен НС03 түзілген карбоксил есебінен жүреді. Демек, бикарбонаттаң көміртегі май қышқылдарының құрамына кірмейді. Атомдарының саны жұп болатын май қышқылдарының барлық көміртегі атомдары ацетил-КоА-дан шығады.
4. НАДФ-Н көмегімен ацетоацетил-АТБ тотықсыздануы. 3-кетоацил-АТБ-редуктаза ферменті ацетоацетил-АТБ-дағы кетотопты тотықсыздырып, 3-гидроксибутирил - АТБ түзіледі:
5. 3-Гидроксибутирил-АТБ-ның дегидраттануы. 3 - Гидроксиацил-АТБ-гидратаза ферменті су молекуласының 3-гидроксибутирил-АТБ-дан бөлініп шығуын катализдейді, кейіннен ол кротонил-АТБ айналады.
Достарыңызбен бөлісу: |