Май қышқылдарыиың биосинтезд
Май қышқылдары липидтердің негізгі құрылым бөлігі. Сондықтан липидтер анаболизмін май қышқылдары синтезінен бастаймыз. Май қышідалдарының синтезіне қатысатын ферменттер клетканың үш белігінде цитозольда, эндоплазмалық ретикулумде және митохондрияларда жинақталады, өздері де сол жерде түзіледі. Молекула тізбегінің ұзындығы С!6 дейін баратын қаныққан май қышқылдарының (пальмитин қышқылы) синтезі цитозольда іске асады. Молекуладағы көміртегі атомдарының бұдан ары қарай ұзаруы митохондрияда өтеді, ал ретакулумде қаныкқан кышқылдар қанықпаган қышқылдарға айналады.
Қаныққан май қышқылдары барлық тірі организмде синтезделеді. Сүткоректі жануарларда ондай синтездер негізінен май ұлпаларында, бауырда және желінде жүзеге асады.
Барлық қаныққан және моноқанықпаған май қышқылдарының алғы заты ацетил-А-коферменті. Ацетил-А-кофермент жасалатын материал қызметін көмірсулар, амин кышкылдары және май қышқылдарының өздерінің ыдырау өнімдері атқарады. Май қышқылының синтезі үшін ацетил-А-коферментінен Басқа, АТФ, НАДФ-Н, биокарбонат (HCO3-) және Мп2+ болуы керек.
Май кышкылдары синтезін реакция кезеңдері бойынша біртіндеп ретімен қарастырайық.
Май қышқылдарының цитозольда синтезделуі
Май қышқылдар биосинтезінде негізінде алғы зат болып малонил-А-Ко есептеледі. Оның молекуласында үш көміртек атомы бар,
1) Малонил-А-коферменттің түзілуі. Цитозольда май қышқылының синтезі ацетил-А-коферменттің карбоксильденіп малонил-КоА түзілуінен басталады. Реакцияны ацетил-КоА-карбоксилаза катализдейді. Ол үш функционалды қосылыстардан тұрады: биотинтасымалдаушы белоктан, АТФ энергиясы арқылы бикарбонаттан СО2-ны биотинге қосылуын катализдейтін бнотинкарбоксплазадан және активтенген СО2-ны биотиннен алып ацетил-КоА-ға тасымалдап малонил-КоА түзілуін катализдейтін транскарбоксилазадан құралған. Бұл реакцияда бос түрінде биотин тасымалдаушы белок бөлініп шығады. Белоққа биотин лизиннің ε-амино тобы арқылы амид байланысымен жалғасқан.
Ацетил-КоА митохондрияда пируват, май қышқылдары және амин қышқылдары тотыққанда түзіледі, митохондриядан цитозольға келеді. Май қышқылдары анаболизмінде малонил-КоА түзілуі шешуші фактор болып саналады, жануарлар ұлпасында май қышқылдарының түзілу жылдамдығы осыған байланысты.
Достарыңызбен бөлісу: |