Іі. Негізгі бөлім Жасушаның тіршілік циклі, құрылысы


Фосфолипидтер үнемі толық гидролиздене бермейді. Ішектегі заттардың құрамында лизофосфолипидтер болуы мүмкін. Олар мицеллалар түзілуге жұмсалады



бет29/35
Дата12.12.2023
өлшемі3,57 Mb.
#196564
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   35
Байланысты:
лекции по основам биохимии и синтезу БАВ

Фосфолипидтер үнемі толық гидролиздене бермейді. Ішектегі заттардың құрамында лизофосфолипидтер болуы мүмкін. Олар мицеллалар түзілуге жұмсалады.
Холестеролдың күрделі эфирлерін (холестеридтер) ұйқы безінің эфирлік гидролаза ферменті гидролиздеп, холестеролға және май қышқылына айналдырады.
2о
Холестерид холестерол + май қышқылы
Фосфолипидтер мен холестеридтер гидролизінің өнімдерін сіңіру, май бөліктерін сіңірудегідей, өт қышқылының көмегімен іске асады және бұл кезде суда еритін амфипатиялық мицеллалар түзіледі. Жылан уының кұрамында кездесетін фосфолипаза ферменті 2-жағдайдағы фосфолипидтердегі май қышқылын бөліп ажыратады. Бұл кезде лизофосфолипидтер (лизолецитиндер) түзіледі, олар эритроциттердің қабығын бүлдіреді де өздерін гидролиздейді.


Күйіс қайыратын малда липидтер қорытылуының ерекшелігі
Күйіс қайыратын мал азығы шөптен, әр түрлі жемнен тұрады. Олардың құрамында триацилглицеролдар фосфолипидтер сфинголипидтер балауыз болады. Азықтағы липидтердің эфирлік байланыстарын үлкен қарындағы микробтық ферменттер тез гидролиздейді. Бұл кезде түзілген май қышқылдары азық бөлшектеріне жабысып адсорбцияланады. Азық құрамыңдағы қанықпаған май қышкылдарын үлкен қарын микрофлорасы транс-изомерлерге дейін айналдырып, тотықсыздандырады.
Қанықпаған кышкылдардың гидрогенденуі үлкен қарында тез өтетіндіктен, азық бөліктеріне жабысатын липидтер негізінен қаныққан бос қышқылдардан құралады.
Үлкен қарында глицерол ашиды. Жалбыршақ карын мен ұлтабар арқылы өту кезінде липидтердің құрамы өзгермейді. Сонымеи, он екі елі ішекке барған липидтер этерленбеген қаныққан май қышқылдарынан құралған және азықтың бөліктеріне жиналып адсорбацияланған болады. Бұдан ары қарай май қышқылдары әдетте ішекте сорылып сіңеді және ішек клеткаларында липидтерді ресинтездеу үшін пайдаланады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   35




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет