ІІ. Негізгі бөлім


Оқулықтағы қазақ халық ауыз әдебиеті үлгілерін оқыту туралы



бет2/4
Дата06.04.2020
өлшемі114,97 Kb.
#61666
1   2   3   4
Байланысты:
Әдебиеттік оқыту


2.2 Оқулықтағы қазақ халық ауыз әдебиеті үлгілерін оқыту туралы
Халық ауыз әдебиеті үлгілерін бастауыш сыныптарда жүйелі түрде оқыту барысында оқушылардың сөз өнеріне деген қызығушылығы оянады, дүниетанымы артады, адамгершілікке, имандыльщка тәрбиеленеді. Ауыз әдебиеті үлгілерін оқытуда дәстүрлі оқытудың әдістемесін негізге ала отырып, жаңа технологиямен оқыту мүмкіндіктері қарастырылды. Солардың бірі - «Сын тұрғысынан ойлау» технологиясы «Қызығушылықты ояту», «Мағынаны тану», «Ой толғаныс» кезеңдерінен тұрады және осы кезеңдерді жүзеге асыруда «Топтау», «Түртіп алу», «Ойлану», «Жұпта талқылау», «Болжау», «Әлемді шарлау», т.б. стратегиялар қолданылды.

3-сыныпқа қазақ халық ауыз әдебиеті үлгілерінің жанрлық түрлерінен төмендегі шығармалар:

- жаңылтпаштар;

- жұмбақтар;

- мақал-мәтелдер;

- ертегілер;

- аңыздар;

- батырлар жырынан үзінділер алынды.

Ауыз әдебиеті үлгілері балалардың айнала қоршаған ортаны барлай алуына, табиғаттың сиқырлы сырларын сезінуіне, дүниетанымын арттыруға, адамдық, адалдық, көркемдік, ізгілік, құзіреттілік қасиеттерді бойына жинауына ерекше ықпал етеді.

Оқулыққа тарау мазмұнын ашуға байланысты мақал-мәтелдер, жұмбақ-жаңылтпаштар көбірек берілді. Оның себебі, 3-сынып оқушысының ой-өрісін, тіл байлығын, таным деңгейін арттыру, қоршаған дүниедегі өзіне таныс емес заттар мен құбылыстарды, олардың арасындағы байланысты тануға үйрету, интеллектісін көтеру болып табылады. Қазақ тілі мен әдебиеті әдістемесінің негізін қалаушы әдіскер-ғалымдар Ғ. Сүлейменов пен X. Арғынов «... Мақал-мәтелдерді оқыту арқылы, біріншіден, оқушылардың тіл байлығын арттырсақ; екіншіден, ойын өсіреміз; үшіншіден, халық дәріптеген жақсылықты окушыларға үйретіп, жаманшылықтан бездіреміз», -десе, «Жүмбақтарды оқытқанда мынандай мақсат көзделінеді: біріншіден, оларды балалар өздері шешуі керек; екіншіден, жұмбақтардағы көркем сөздерді оқушылар табуға тиіс. Мүғалім көмекші сұрақтар арқылы оқушылардың жұмбақты дұрыс шешуіне көмектесе алады», - деген. Ғалы мдардың бұл түжырымына алып-қосарымыз, осы әдіс-тәсілдерді мүғалімдер басшылыңқа ала отырып, оны жетілдіріп, дамыту, яғни жаңа әдістерді, жаңа технологияны баланың рухани дүниесін арт­тыру мақсатында пайдалану дер едік.

Ертегілерді оқыту тәсілі 2-сыныптың «Әдебиеттік оқу» пәні бойынша дайындалған әдістемелік нұсқауда баяндалды. Мұғалімдер 3-сыныпта да ертегілерді оқытуда аталмыш еңбекті басшылыққа ала отырып, ертегіні оқытуда интерактивті әдістерді ұтымды пайдалануы тиіс. Әдістемелік нұсқауда мұғалімдерге халық ауыз әдебиеті үлгілерінен сабақ үлгілері берілді. Дегенмен, мұғалімдерге ертегі идеясын оқушыға дұрыс меңгерту үшін төмендегі әдіс-тәсілдерге баса көңіл аударылуы тиіс:

1. Ертегіні ауызша баяндау;

2. Ертегіні рөлге бөліп оқыту;

3. Ертегі кейіпкерлеріне мінездеме беру;

4. Ертегі мазмұнына сай сұрақтар беру;

5. Ертегі мазмұны бойынша ой қорыту;

6. Ертегі мазмұнын ішінара өзгерту;

7. Ертегі мазмұны бойынша сюжеттік сурет салу;

8. Ертегіні сахналау;

9. Ертегі мазмұны бойынша мультфильм, диафильм, кино-фильмдер көрсету.

Алайда мұғалімдер шығармадағы көркем ойды ашып көрсетуде әдіс-тәсілдерді «жұмсалатын орнының керек қылуына қарай» (А. Байтұрсынұлы) қолдана береді. Ізденіске құрылған әдістер репродуктивті оқытуға қарағанда тақырыпты оқып-үйренуге көп уақыт жұмсауды талап етеді. Практикалық білік пен дағдыны, әсіресе еңбек сипатындағы дағдыны (мұнда көрсету мен еліктеудің мәні зор) қалыптастыру кезінде, оқу материалының мүлдем жаңа тарауларын оқыту кезінде, яғни оқушылардың өз бетімен ізденуіне қажетті білім негізі жоқ кезде ізденіс әдістерін қолданудың тиімділігі аз болады.

Мұғалімнің түсіндіруін қажет ететін күрделі тақырыптарды оқып-үйретуде де бүл әдістердің ықпалы жеткіліксіз бола­ды, өйткені өздігінен іздену оқушылардың көбіне қиын тиеді. Сондықтан да мұғалімдер оқытудың ізденіс және репродуктивті әдістерін үйлестіріп, ұтымды қолдана білуі тиіс.

Оқулықта мақал-мәтелдер дидактикалық материалдар, оқу-тәрбие қүралдары деңгейінде біршама берілді. Халық мақал-мәтелдерінде жақсы мен жаманды салыстырып, біріне-бірін қарсы қойып, қатар атайды, тыңдаушысын, оқушысын жамандықтан жиіркендіріп, жақсылыкқа сүйсіндіріп отырады. Ғалым Б. Адамбаев: «Ауыз әдебиетінде мақал-мәтелдер мен шешендік сөздер көлеміне қарай шағын жанрлар деп аталады» деген түжырым жасайды. Мақал-мәтелдер ауызекі сөзді көркейту үшін ғана емес, көркем шығармаларда да көп қолданылады.

Ақын-жазушылар шығармаларында халық даналығын пайдаланумен бірге, сол үлгімен өздері де жаңа мақал-мәтелдер жазады. Ғалым Б. Шалабаев: «Мақал дегеніміз - тағылым берерлік, ырғағы бар, тәжірибеде көп қолданылатын бейнелі, қысқа нақыл сөйлем...

Мәтел дегеніміз де өнеге берерлік бейнелі, ырғағы бар сөйлем» деген ой түйеді. Бастауыш сынып оңушыларын адамгершілікке тәрбиелеу мақсатында мақалдар _мен мәтелдерді мына тұрғыдан пайдаланамыз: мақал-мәтелдер оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеу үрдісінің мазмұны бола алады; адамгершілік мазмұнды мақалдарды мән-мағынасын түсініп жаттап алып, оны күнделікті өмірге қолдануға ұмтылу бастауыш сынып оқушыларының адамгершілік білімдер мен адамгершілік іскерліктерді игеру мотивінің барын білдіреді; мақал мен мәтелдер оқушыларды аз сөзге көп мағына сыйғызуға, айтатын ойын ойланып, оны қысқа сөзбен білдіруге үйретеді; мақал-мәтел айтатын пікіріңді әуелі ойланып алып, сосын оны қысқа да нұсқа жеткізуге бейімдейді.

«Білім — өмір шырағы» тарауын оқыту.

Тарау Қазақстан Республикасының Әнұранымен ашылады. Тарау мазмұнын ашуға бағытталған шығармалардан Ы. Алтынсариннің «Өнер-білім бар жұрттар», Н. Ақышевтың «Балалар елін бағындыру» ертегі, С. Бегалиннің «Кітап», Қадыр Мырза Әлидің «Арман мен ақыл», Ш. Құдайбердіұлының «Сен ғылымға», өлеңдері мен Т. Дәуренбековтың «Кітаптар мұңы», Ғ. Мүсіреповтың «Автобиографиялық әңгіме», Б. Рысбековтің «Зөмзәм суы», Ә. Абдуллиннің «Ақкөл жағасында» сияқты әңгімелерінен үзінділер берілді. Білімнің мәнін түсінуге, оның адам өмірінде алатын орнын аңғартуға бағытталған шығармалар — бүгінгі таңдағы өзекті мәселе әрі ел тағдырын шешетін маңызды істердің көзі екені дау туғызбаса керек. Осы мақсаттан шығу үшін тарауға оқушыларға білімсіз адамның күні жоқ екенін ұғындыру, терең білім алудың жолдарын үйренуге мүмкіндік бере отырып, сол арқылы елінің білімді де білікті азаматтарын тәрбиелеуге бағытталған әйгілі ақын-жазушыларымыздың сапалы шығармалары таңдалынып ұсынылып отыр.

«Туған елім, туған жерім» тарауын оқыту

Тарау Ө. Қанахиннің «Туған жер» мәтінімен ашылады. Тарау мазмұнын ашуға бағытталған шығармалардан Қадыр Мырза Әлінің «Дала» өлеңі,

С. Мұқановтың «Көкшенің кеудесінде», М. Сәрсекенің «Туған жердің тасы да танымал» мәтіндері, И. Байзаңовтың «Алтай», Қ. Толыбаевтың «Жетісудың көлдері» атты өлеңдері, Ғ. Мұстафиннің «Қарағанды» мәтіні,

Н. Байғаниннің «Тоқсан жолдың торабы», Б. Ысқақовтың «Достық космодромы» өлеңдері, «Ырыс - Сыр» аңызы беріліп отыр.

Әрбір оқушы өзін Қазақстан атты мемлекетте өмір сүріп, оның бел баласы, азаматы екенін мақтанышпен мойындауы тиіс. Тарауға алынған таңдаулы туындылар да осы мақсатты көздейді. Бала жасынан елінің Әнүранын, ел рәміздерін танып, оның идеясын түсінуге тырысады. Бұл ретте, әрине, ата-ана, тәрбиеші, мұғалім рөлі зор болуға тиіс. Ал оқушыларға қсынылған шығармалар мұғалім мен оқушының дүрыс бағыт алуына жердемдеседі, оқушының мемлекет туралы білімін кеңейтуге, оның заңын білуге, республикамыздың байлығы мен мәртебесін түсінуге, ел Президентінің халқына қамқорлығын қастерлеуге, ел азаматтарының ерен еңбегін қадірлеуге, ана тілін сүюге, жер байлығын сақтауға үлес қосуы әрдайым мұғалімнің қаперінде болуы тиіс.



3.1 4 сынып «Әдебиеттік оқу» құралына енген материалдар
Оқулық мазмұны мен құрылымы «Әдебиеттік оқу» пәнінің мемлекеттік стандартына сәйкес дайындалған. Оқу аясы көркемдік және ғылыми- танымдық бөлімдерден тұрады. Көркем - әдеби шығармалар бөлімі балалар әдебиетінің екі саласын қамтыған. Ол - ауыз әдебиеті үлгілері және жазба әдебиеті үлгілері. «Әдебиеттік оқу» пәні мазмұнын құрастыруда жанрлық-хронологиялық ұстаным сақталды.

«Әдебиеттік оқу» пәні аптасына 4 сағаттан, оқу жылы бойына 136 сағат. Оқулықтағы әрбір сабақ бір сағат ішінде өтуге лайықталған. Бағдарлама бойынша «Әдебиеттік оқу» пәніне бөлінген 136 сағатқа 136 сабақ берілді.

Бағдарламаға сай күнтізбелік үлгі жоспар жасалынды. Оқулық материалдары баланың жас ерекшелігіне сай таңдап алынды. Оқушыға ұсынылған сұрақтар мен тапсырмалар да мәтінді жалаң оқу мен жаттауға емес,

Баланың қызығушылығын арттырып, оның ішкі жан-дүниесінде жағымдыәсер қалдыратындай, оны белсендірегіндей мақсатты жұмыстармен толықтырылған. Сонымен бірге мәтінді толықтыратындай сюжетті – иллюстрациялық суреттер, жазушылар портреттері, олардың қысқаша өмірдеректері, сөздік, жұмбақ, жаңылтпаштар, мақал-мәтелдер берілген.

Оқулықтың алғашқы бетіндегі шартты белгілер мұғалім үшін тапсырмалар мен сұрақтар деңгейін ажыратуға көмек ретінде ұсынылса, оқушылар да бұл белгілердің ерекшелігін өздері түсініп, сабақ барысында пайдалана алады.

Оқулық мазмұнын 4-сыныпқа арналған «Әдебиеттік оқу» хрестоматиясы толықтырады. Одан оқулықтағы әрбір тарауларға сай шығармаларды табуға болады. Мысалы, Ә.Тәжібаевтың «Қыс ата» (күндіз) өлеңінің жалғасы «Қыс ата» (түнде) хрестоматияға берілген.

Оқулықта бағдарлама талабына сай әдеби теориялық ұғымдар берілді.

Ол оқушы ұғымына сай, мұғалімнің көмегімен практикалық жұмыстар арқылы іске асырылуы тиіс және 3-сыныптағы теориялық білімдердің жалғасы ретінде жұмыс жасауды керек етеді.

Сабақ материалдары соңынан берілген сұрактар мен тапсырмалар, мақал-мәтел, жаңылтпаш, жұмбақтар балалардың тілін дамытуға, оқып отырған тақырып идеясын ашуға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ әдістемелікте жоспары жазылмаған сабақтар да бар, оны осыған ұқсас сабақ жоспарына қарап, мұғалім өзі жасап алуына болады.

Оқулықтағы әрбір тарау соңынан берілген тарауды қайталауға арналған сұрақтар мен тапсырмалар бір сабаққа арналған. Ол тапсырмалар тарау мазмұны мен идеясына сай құрастырылған қайталау мақсатындағы және шығармашылық жұмыстардан тұрады.

Әдістемелік құралындағы сабақ жоспары сын тұрғысынан ойлау технологиясы негізінде құрастырылған. Осы стратегиялар туралы кейбір қысқаша түсініктемелерге көңіл аударыңыз.

«Дәлелденген эссе» стратегиясы - белгілі бір тақырып бойынша екі оқушы шығып, пікірталас өткізеді. (Тақырып жайында шолу жасап, оқушы пікірін тыңдап болып, таңдауларын жасағаннан кейін мұғалім немесе оқушы өзі пікір білдіруі керек). Бірі сол берілген тақырып бойынша теріс пікір (яғни жиқтамайды, немесе келіспейді) айтса, ал екіншісі тура пікірде (яғни жақтайды, немесе келісетінін білдіреді) болады. Бұл оқушылар тоқтамастан, өз ойларын білдіріп, қарсыласына жауап қайтарып отыруы керек.

Ал сынып оқушылары болса, осы екі жақтың өзіне қайсысы ұнаса, сол топқа ауысады. Себепті дәлелдер айтылған сайын оқушы да өз ойынан тайып, екінші топқа өтуі мүмкін.

Оқушылар бөлініп, ойлары мен таластары нақтыланғаннан кейін, бе­рілген тақырып бойынша, айтылған деректерді пайдалана отырып эссе жаздыру.

INSERT «Түртіп алу жүйесі» стратегиясы - мәтінмен жұмыс кезінде орындаған жөн. Бұл стратегияны пайдалану үшін мәтіннің талдануға ыңғайлы, баланың түсінігіне лайық, жете меңгере алатындай бірнеше мәліметтері болуы керек. Оқушы мәтінді оқу кезінде бірнеше белгілер қойып отырады.

«!» - білемін «-» келіспеймін

«+» мен үшін жаңа «?» таң қалдым, сұрақ туды

Оқып, белгілеп болғаннан кейін оқушы жеке отырып кестені мәліметтермен жоғарыдағы үлгі бойынша толтырады. Артынан жұппен, топпен талқылау өткізеді.

«Әдеби үйірме» стратегиясы - берілген мәтінді оқу, талдау жұмыстарын өткізгеннен кейін сыныпты топтарға бөлу.

1 - топ. Сілтеме табушылар. (Мәтіннің қызықты жерлерін табады) .

2 - топ. Сұрақ қоюшылар. (Мәтіннің желісі бойынша топты ойландыратын сұрақ қояды).

3 - топ. Баяндаушы. (Мәтін бойынша, топта өткен ой талқысы туралы баяндама жасайды).

4 - топ. Ізденуші. (Қосымша ақпарат, мәлімет жинақтайды).

5 - топ. Реттеуші. ( Ой талқысына қатысады, кезекпен сөйлейді, тәртіпті, бәрінің қатысуын қадағалайды).


Рөлі

Жұмыс өнімі

Не бағаланады?

Ұпай

Сілтеме табушылар

Сілтемелер,

ескертулер



Нақтылығы,

орындылығы



-

Сұрақ қоюшылар

Сұрақ тізімі

Мәнділігі, әртүрлілігі, әрдеңгейлілігі

-

Баяндаушы

Тірек конспект. Сұраққа жауап

Мазмұн дұрыстығы

-

Ізденуші

Жұмыс істеу шарттары, парағы, топ материалдары

Жүйелілігі, бірізділігі

-

Реттеуші

-

-

-

Бұл тарауларды сабақтың тақырыбы бойынша өзгертуге болады.

4. «Биопоэма» стратегиясы - сынып оқушыларын екі-екіден жұптап отырғызу. Төмендегі сұрақтарды тірек ете отырып, бір-біріне сауалнама өткізеді. Сол арқылы бір-бірін жақынырақ танып, көршісі туралы поэма жасады.

Мақсаты: бір-бірімен жақынырақ таныстыру, толығырақ білу.

1 Аты.

2. Үш – төрт етістік (нені жасағанды ұнатуына байланысты).



3. Басқалармен карым-қатынасы.

4. Үш-төрт ұнататын заты.

5. Үш-төрт басынан өткізген немесе қазір сезініп отырған сезімі.

6. Екі-үш жеткен дәрежесі (нәтижесі, шыңы).

7. Екі-үш көргісі келетін немесе сезім ұялататын заттары.

8. Ол қорықпайтын екі-үш заты.

9. Мекенжайы.

10. Фамилиясы.

Бұл аталған сұрақтарды өтетін тақырып бойынша немесе көршісі туралы не жазғысы келетініне байланысты өзгертіп отыруға болады.

5. «Ішіне және сыртына» стратегиясы. Оқылған өлеңге немесе мәтінге байланысты алуға болады.




Өлеңге қатысты сөздер

Өлеңге қатысы жоқ сөздер






Мәтінмен таныстыру. Мәтінмен таныстыру барысында мұғалім қосымша материалдарды, көрнекі құралдарды пайдаланып отырады. Мәтін мазмұнына сәйкес салынған суреттер, сөз жұмбақтар, т.б. Мысалы: Сайын Мұратбековтың «Жусан иісі» атты мәтінімен таныстыруда сабақ тақырыбын сөзжұмбақ не ребус арқылы шығарып алып, оқушылардың өздеріне: «Жусан иісі» сөзін қалай түсінесіңдер? «Соғыс» дегенде, көз алдарыңа не елестейді? – деген сұрақтар қойып, тірексызба арқылы оқушылардың ойлау қабілетін дамытуға, ойын жинақтауға, еркін өздігінен сөйлеуге ерік беру керек.

Оқушыларды мәтіндермен таныстырудың өзіндік ерекшеліктері болады. Мәтіннің мазмұнын түсіндіру үшін кіріспе әңгіменің маңызы ерекше. Мысалы: алдында келтірілген мәтінді оқымас бұрын,Ұлы Отан соғысының басталуы,осы соғыста ерлік көрсеткен қазақстандық жауынгерлер туралы кіріспе әңгіме жүргізілгеннен кейін оқушылар мәтіннің мазмұнымен танысады.

Мысал ретінде Сайын Мұратбековтың «Жусан иісі» мәтінін бірнеше бөлікке бөліп оқытуға болады. Қу соғыстың адам баласы жүрегіне салған жарасы,оның зардабы жайында жазылған бөлікті бір балаға,келесі бөлікті «Аянға да қаралы қағаз келіп,оны оның қалай қабылдағаны; қараңғы ат қораның суреттелуі; іштей тынған Аянның сол қораға кіріп, көз жасына ерік беруі; Аянның балалармен қоштасуы; Аянды еске түсіруі» деген бөліктерге бөлініп оқыту керек.

Әр бөлімді оқып бітіргеннен кейін,бірнеше сұрақтар арқылы оның мазмұны айтылады.Келесі сабақта шығарманың екі-үш бөлімін (көлеміне қарай)оқып келу тапсырылады.Бұл әдістің екеуі де пайдалы. Бірінде оқушы оқиғаны аяғына дейін білуге асығып, шапшаң оқуға төселетін болса, екіншісінде, көркем шығарманы асықпай, онда әңгімеленіп отырған оқиғаға жан- жақты мән бере ойланып, түсініп оқуға дағдыланады.

Оқу барысында түсініксіз сөз кездесе қалса, бала оқып тұрғанда, мұғалім ол сөздің синонимін айта қояды. Мысалы: оқулықтағы «Сағыныш сазы» шығармасындағы, шаһар – қала. Бірақ баланың оқуын тоқтатып қойып, түсіндіруге болмайды. Мәтін аяғына дейін оқылады. Көлемді мәтіндерді сыныпта оқытуға үлгермейді. Оның үстіне мұндай мәтіндерді оқуға дайындық ретінде жүргізілетін әңгіме де уақытты көбірек алады да, оқуға уақыт мүлде аз қалады. Мұндай жағдайдан шығудың екі жолы бар.

Біріншісі- мұғалім дайындық мәиінді өзі кітаптан әр жерден үзінді оқи отырып айтады; бұл кезде оқушылардың кітаптары жабулы болады. Мұғалімнің әңгімесінен кейін мәтін балаларға үйден оқып келуге тапсырылады. Мұғалім үйге тапсырма берген кезде мәтінді басынан бастап аяғына дейін оқуға тиіс екендігін ескертеді. Өйткені, мұғалім шығарманың мазмұнын айтқан жоқ, дайындық әңгіме ретінде шолу жасады. Оқушылар келесі сабақта шығарманың мазмұнын басынан бастап әңгімелегені жөн. Оқулыққа енген мұндай шығармалардың көлемі ұзақ болғанымен, мазмұны өте тартымды, тілі оңай балалар оларды өз беттерімен де қиналмай оқи алады.

Мұғалім шолу әңгімесінде тек қана бағыт береді. Оқулықтағы көлемді шығармалар қатарына Ақселеу Сейдімбектің «Әйел – Ана», Шыңғыс Айтматовтың « Атадан қалған тұяқ» мәтіндерін жатқызуға болады.

Көлемі шағын мәтін оқылып болғаннан кейін, оның мазмұнын толық та саналы меңгерту көбіне жоспар құрып оқыту және талдау жұмыстары ұйымдастырылады. Мұндай жұмысқа оқушылардың барлығы жақсы, орташа, нашар оқитындары қатысады.

«Ғажайып бақ», «Сәулелі жұлдыз іздеген адам», «Жусан иісі», «Жетім» деген мәтіндерді бөлімдерге бөліп оқытуға болады. Осы аталған мәтіндердің ішінен «Жетім» деген әңгімені алайық. Әңгімені «Жалғыз жаяу», «Қасымның қаралы күйге түсуі», «Қасымның ағайыны Исаның қолына баруы», «Қасымның тауға жөнелуі» , «Тау ішіндегі қорқыныш» деген сияқты жоспарға бөліп, әр бөлімнің қай жерден аяқталатынын оқушыларға тапқызуға тапсырма беруге болады.

Сондай- ақ, әр бөлімге ат қоюға да болады. Әр бөлімді оқып, талдап болған соң, бір-екі оқушыға шығарманы тұтас бір рет оқытудың пайдасы мол.Онда оқушылар бір бөлімдегі ойды, екінші бөлідегі оймен байланыстырып үйренеді. Мысалы: Оқулықтағы «Тау қыраны» мәтінін алып қарасақ, әңгіме үш бөлімнен тұрады.Оқушыларға әр бөлімдегі негізгі ойды тауып, бөлімге ат қоюға тапсырма беріледі.

Шығарманы бөлімге бөліп оқыған сайын, сол бөлімге ат қойғыза беруге де болмайды. Өйткені шығармаға ат қою – күрделі жұмыс. Сондықтан, қай мәтінге жоспар жасау керек, қай мәтінді бөлімге бөліп, бірақ ат қойғызбай оқытуға болады, мәтіннің қайсыларын оқушылар өздері бөлімге бөле алады, қайсыларын мұғалімнің көмегімен бөледі – осы мәселелерді мұғалім алдын – ала ойластырады.

Мәтін бойынша қорытынды әңгіме. Оқылған шығарманың көлемі қандай болмасын, оны оқушылардың қаншалықты меңгергені байқау үшін мұғалім қорытынды әңгіме жүргізеді. Бұл жұмыс түрлі жолдармен ұйымдастырылады. Мысалы: «Тасбақаның шөбі» әңгімесін оқушылардың білімін бекіту, оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды, дамыту технологиясының әртүрлі стратегияларын тиімді пайдалануға болады.

Ой қозғау стратегиясы. Тасбақа жайлы не білесіңдер немесе не білемін деп ойлайсыңдар? Серіктесіңізбен сол жайлы пікір бөлісіп, талқылап, пікірлесіңіз. Серіктесіңіз не білетінін сұрап, ортаға салыңыз. Шағын топтарда талдап, орталарыңыздан лидерге сөз беріңіз. Бұл жұмыс жаңа сабаққа кіріспе ретінде жүреді.



3.2 4 сынып «Әдебиеттік оқу» сабағында оқушылардың тіл байлығын дамыту
Бастауыш мектепте оқытылатын әр пәннің оқушы тілін дамытуға қосар үлесі болғанмен, бұл үлкен міндетті жүзеге асыруда «Ана тілі» пәнінің атқаратын қызметі зор. Пәннің негізгі мақсатының өзі – оқушының сөздік қорын дамыту. Және сөздік қормен қоса оқушының тіл мәдениеті нормаларын меңгеруіне түрткі болады. Оқушылардың таза, жатық, түсінікті сөйлеуін қалыптастыру – осы пәннің міндеттерінің бастысы. Осы орайда белгілі ғалым Н. Уәлиев: «Тіл мәдениеті дегеніміз – сөйлеудегі, жазудағы сыпайылық, ізеттілік қана емес, сонымен қатар айқын ойлылық, сөзді дәл айыру шеберлігі, сөйлеу өнеріне шыныққандық», - дейді. Жалпы, ана тілі сабағы арқылы жазу мен сөйлеу мәдениетінің алғышарты қаланады. Сабақ үстінде жаңа сөз үйретілумен қатар сол сөзді дұрыс қолданудың қажеттілігі туралы мұғалім тарапынан ескертіліп, ана тілінің ұлылығы, байлығы туралы мәселе кешенді қарастырылғанда ғана оң шешімін таппақ.

Тіл байлығы - сөз байлығы. Лингвист - ғалым М. Балақаевтың: «Ана тілін жақсы білу - әркімнің азаматтық борышы. Егер әрбір сөзді орнымен жұмсай біліп, айтқан ойы мазмұнды, нысанаға дәл тиетіндей ұғымды шығып, тыңдаушысын баурап алардай әсерлі болса, ана тілінің құдіреті сонда ғана сезілер еді. Ал мұндай шеберлік тек тіл мәдениеті жоғары адамдардың ғана қолынан келер жайт», - деген пікірімен келіспеске болмайды.

Бастауыш мектепте ана тілі сабағында сөздік қорды дамыту жұмыстары түрлі әдіс - тәсілдер арқылы жүзеге асады:

- сұрақ - жауап;

- әңгімелесу;

- әңгімелеу;

- түсіндіру;

- зерттеу;

- түрлі шығармашылық тапсырмаларды орындату арқылы.

Сабақ сайын өтілген тақырып ауқымына қарай кем дегенде екі - үш сөзден болсын оқушының лексикалық минимумы артып отырады. Және барлық үйренген сөзі күнделікті өмірде белсенді қолданыла бермеуі мүмкін. Көнерген сөздер (зат, киім - кешек, салт - дәстүр, музыкалық аспаптар, ай, жыл, қару - жарақ атаулары), кәсіби сөздер т. б. қажеттілік болмаса, үнемі белсенді қолданысқа түсе бермейді. Осыдан келіп сөздік қордағы сөздерді белсенді және белсенді емес сөздер деп қарастыру қажеттігі туындайды.

Тіл байлығын арттырып, оқушылардың сөйлеу тілін жетілдіруде мәтіндермен жұмыс жүргізу аса маңызды. Көркем мәтінге тақырыптық талдау жасап, негізгі ойын анықтау, кейіпкерлердің іс - әрекетіне баға беру, сол арқылы оқушы танымын кеңейтіп, тәрбиелік жағына көңіл бөлу – бастауыш сынып бағдарламасында ескерілетін жайт. Алайда, көркем мәтінді оқыған соң, талдаған тұста сөздік жұмысын жүргізу одан әрі оқушының барынша дұрыс түсініп, барлық талдауларға еркін қатысуына түрткі болады. Тіл дамыту жұмыстары жүйелі жүріп, оны дұрыс меңгеруі үшін әр оқушыда жеке сөздік дәптер болуы керек. Мұғалім оқушылардың дәптеріне төмендегідей кесте сызып беріп, оның тұрақты толтырылуы талап етілсе құба - құп.

Жаңа сөз

Мағынасы

Синонимі

Антонимі














Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет