Іі нұсқа 1-билет


Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қазақстандықтардың ерліггін ашып көрсетіңіз



бет38/63
Дата17.05.2020
өлшемі313,81 Kb.
#69194
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   63
Байланысты:
к тарих 2 нуска
к тарих 1 нуска, к тарих 1 нуска
2.Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қазақстандықтардың ерліггін ашып көрсетіңіз. Отан соғысына Қазақстан біртұтас елдің бір бөлігі ретінде қатысты.Қазақ КСР-і КСРО Қорғаныс Халық Комиссариатының нарядтары бойынша және еріктілердің қатарынан майданға 1,9 млн адам,яғни әрбір бесінші қазақстандық аттанды,сондай-ақ еңбек армиясының құрылыс батальондары мен жұмысшы саптарына 700 мыңнан астам адам аттандырды.Бұлардан бөлек 178мыңға жуық адам соғыс басталар алдында Кеңес қарулы күштерінің қатарында қызмет етті.Сонымен, барлығы 1374 мың қазақстандықтар қолына қару алып сапқа тұрды.Республикада 2 млн-нан астам адам әскери даярлықтан өтті және соғыстың алғашқы кезеңінде 14атқыштар және атты әскер дивизиясы,6 бригада құрылып,майданға жіберілді.Қазақстандық 36-жеке атқыштар бригадасы 30-дан астам ұлттан құралды.Соғыс жылдары майданға жақын өңірлерден көшіріліп әкелінген 27әскери оқу орны 16мың офицер даярлап шығарды.Соғыстан оралмаған қазақстандықтар саны 601 мыңға жетіп отыр, оның ішіндегі қазақтар саны 350 мың.

Ұлы Отан соғысы жылдарында барлығы 11 600 жауынгер мен офицерлерге Кеңес Одағының Батыры атағы берілді,солардың 520-сы қазақстандықтар.Олардың ішінде 100-ден астамы қазақтар.Ұлы Отан соғысының батыры атағы алғаш рет 1941жылғы 22шілдеде 19-танк дивизиясының командирі,генерал-майор К.А.Семенченкоға берілді.Соңғы Кеңес Одағының Батыры атағы 1991жылы 11желтоқсанда аты аңызға айналған ержүрек жауынгер Б.Момышұлына берілді.Кеңес Одағының Батыры атағын алған қазақтар:Т.Тоқтаров,М.Ғабдуллин,С.Баймағамбетов,Қ.Сыпатаев,А.Үсенов,С.Нұрмағамбетов,Ә.Нұрмағамбетқызы,М.Мәметова,А.Үсенов,А.С.Егоров,З.У.Құсайынов сынды батырларымыз.Екі мәрте Кеңес Одағының Батыры атағын алғандар-Т.Бигелдинов.Л.Беда,И.Павлов,С.Луганский.Әрқайсысы 200-ден астам ұшу сапарына шығып,10-нан астам жау ұшағын,көптеген соғыс техникасын,100-деген фашистерді жойған.Үш мәрте Кеңес Одағының Батыры атағын алған Шымкентте орналасқан Чугуев әскери авиация училищесінің түлегі-И.Н.Кожедуб.



Соғыстағы ірі шайқастардың бірі Мәскеу түбіндегі шайқас (1941жылдың 30 қыркүйегінен 1941жылдың 6 желтоқсанына дейін).Күзге қарай дұшпан Балтық жағалауын,Белоруссия,Молдаваны,Украинаның едәуір бөлігін жаулап алып,Ленинградт пен Қырымды қоршады.Мәскеуді алу үшін арнайы « Тайфун» операциясын ойлап тапты.Шабуылға есе,танк бойынша 1,7 есе,қару-жарақ пен миноменттер бойынша 1,8 есе,ұшақтар бойынша 2 есе асып түсті.Мәскеу түбінде ерлік көрсеткен қазақстандықтар:Б.Момышұлы,Т.Тоқтаров,М.Ғабдуллин,Р.Амангелдиев,Е.П.Рыков,К.А.Семеченко,Б.Бейсекбаев,Л.А.Владимирский,В.Г.Клочков,И.В.Панфилов,П.Б.Вихрев,И.В.Карпов.Мәскеу шайқасының тарихи маңызы-гитлерлік армия жеңіліп,кеңес армиясы стратегиялық бастаманы қолға алды.Ұлы Отан соғысының алғашқы күнінен,Батыс шекараларында жаумен айқасқандар арасында қазақстандықтар болды.Шекарашылар К.Әбдірахманов,В.Лобанов,атқыш К.Иманқұлов,пулеметші Е.Качанов,минометші В.Фурсов,зеңбірекші Ғ.Жұматов және басқа да Қазақстаннан әскер қатарына алынған жауынгерлер Брест қамалын қорғады.Сталинград түбіндегі шайқас 1942жылдың шілдесінен 1943 жылдың ақпанына дейін жалғасты.Сталинград шайқасына қатысқан қазақстандық әскер құрамалар:17-гвардиялық танк полкі, 19-гвардиялық атты әскер полкі, 27,29,38,72,73,116-гвардиялық атқыштар дивизиялары,74-теңіз атқыштар бригадасы,81-атты әскер дивизиясы, 129-миномет полкі, 152,565-атқыштар бригадасы, 156-жеке көпір құрылысы батальоны, 292,387-атқыштар дивизиясы.Сталинград шайқасында ерлік көрсеткен қазақтар:Н.Әдбіров,А.Жамбылұлы,Ғ.Сафиуллин,Қ.Аманжолов,Т.Мырзаев,Қ.Сыпатаев,М.А.Баскаков.Ленинград шайқасы-1941жылдың қыркүйегінен 1943 қаңтарына дейін созылды.Қазақстандық әскери құрамалардың үштен бірі Ленинград түбінде соғысты.Қоршау жылдарында 850 мыңғ жуық бейбіт тұрғын қаза тапты және қаланы 900 күн әскерлер ерлікпен қорғап тұрды.Ерлік көрсеткет қазақстандықтар:С.Баймағамбетов,Қойбағаров,С.Жылқышев,Д.Шыныбеков,Г.П.Зубков.Ленинград шайқасында Гитлершіл Германия ірі жеңіліске ұшырады,халықтар достастығы мен ерлігінің көрінісі болды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   63




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет