Іі өлең тілінің сөздік құрамына енген өзгерістер


И.Байзақовтың «Құралай сұлу» поэмасындағы дәстүр мен жаңашылдықты талдаңыз



бет122/148
Дата24.12.2023
өлшемі1 Mb.
#198893
түріҚұрамы
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   148
Байланысты:
Іі өлең тілінің сөздік құрамына енген өзгерістер-emirsaba.org

23. И.Байзақовтың «Құралай сұлу» поэмасындағы дәстүр мен жаңашылдықты талдаңыз
1925 жылы жазылған тарихи шығарма «Құралай сұлу » поэмасының басты тақырыбы ерлік, елдік, махаббат. Иса Байзақовтың «Құралай сұлу» дастанына ғасырлар бойы қазақ даласында жаңғырған Құралай сұлу жайлы аңыз арқау болған. Сол аңыздық дәстүр негізінде жазылып шыққан
Ақын тақырып арқылы шындық өмір көріністерін суреттегенде, оны өз көзқарасы, өз дүниетанымы тұрғысынан бейнелейді. Сол арқылы өз мақсат мүддесін, арманын білдіреді. «Құралай сұлу» поэмасының негізгі идеясы «Ақтабан шұбырынды» заманындағы қазақ тұрмысы шынайы суреттелген, ел бірлігі, патриотизм идеясы көтерілген. Тіған жерге деген махаббат қай заманда да өз жалғастығын үзбеген тақырып.
Мысалы ел жайлап отырған Шу өзенінің екі жақ алабы мен көл маңының көркін айна қатесіз көз алдыңызға келтіріп, сөзбен сурет салады.
Өзеннің екі жағы қамысты көл,
Жайылып екі тарап болады сел.
Шаңқанда шағалалы құстар ұшып,
Шуылдап сұқсыр қонған суға түсіп.
Қызғыш – қызық, шәуілдек жағын безеп,
Аққу, қаз сұңқылдайды үнін қосып.
24. Спандияр Көбеевтің «Қалың мал» романындағы дәстүр мен жаңашылдықты талдаңыз
ХХ ғасырдың бас кезіндегі қазақ мәдениеті мен әдебиетінің тарихында Спандияр Көбеевтің көрнекті орны бар. Қазақ жерінде ашылған алғашқы орыс мектептерінен тәрбие алған ол өзінің барлық саналы өмірін туған халқының мәдениет пен білім жолында ілгері ұмтылуына жәрдемдесуге арнады.
С.Көбеевтің жаңашылдығы, жаңа үлгідегі қазақ мектептерінде сабақ берген соң, жас ұрпақты орыстың тілі мен әдебиетін, мәдениетін үйренуге баулыды.
ӨЗ шығармаларында ұлы ағартушы Ы.Алтынсариннің педагогтік үлгісін басты үлгі етіп алып, халықты оқыту, оқушыға үйрету дәстүрін жалғастырды.
Спандияр Көбеевтің қазақ әдебиеті тарихындағы үлкен жаңалығы – оның революциядан бұрынғы әдебиетте прозаның тууына, ондағы роман жанрының қалыптасуына сіңірген еңбегімен байланысты. 1913 жылы Қазанда басылған жазушының «Қалың мал» романы қазақ әдебиеті тарихында тұңғыш көлемді прозалық туынды болып саналады. Романда Революция алдындағы қазақ ауылында болған қат-қабат әлеуметтік өзгерістер шынайы суреттелген, дәуір шындығы боямасыз көрсетілген.
Романда қалың мал әлегі, қазақ қызының аянышты да арманды тағдыры нанымды бейнеленумен қатар дала тіршілігіндегі әлеуметтік теңсіздіктің, жолсыздықтың сан алуан көрінісі батыл әшкереленген. Ел билеуші әкімдер мен үстем тап өкілдеріне қарсылық білдірген кедей бұқарасының әрекеті шыншылдықпен суреттелген, яғни елдегі келеңсіздікті жазу дәстүрін жалғасытырды. Сол арқылы жазушы романында халықтың сөз байлығын, мақал-мәтелдерді орынды пайдаланған, кейіпкерлер мінезін даралап көрсеткен.
Спандияр Көбеевтің «Қалың мал» романының сол кезеңде өмірге келген басқа романдардан ерекшелігі – романның негізгі кейіпкерлер – бірін-бірі сүйген екі жас Қожаш пен Ғайшаалға қойған мақсаттарына жетіп, бақытты өмір сүреді. Роман соңында тігулі тұрған отау маңында ойнап жүрген балалар, жайылып жүрген мал, ас қамымен жүрген Ғайша, шөп шауып келе жатқан Қожаш суреттелген. Оқиға жастардың бас бостандығы жолындағы күресінің жеңісімен аяқталған. Бұл сол кездегі әйел теңсіздігі тақырыбы үшін үлкен жаңалық болды.
С.Көбеев шығармаларындағы негізгі көркемдік дәстүр - Абай негізін салған реалисттік дәстүрді шебер қолдана отырып, мысал,юмор,кейіпкерлерді суреттеу,фольклорлық дәстүрдің негізгі белгі-нышандарын жаңа қырынан көрсетті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   148




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет