Іі өлең тілінің сөздік құрамына енген өзгерістер


Ш.Құдайбердиев «Қалқаман-Мамыр» поэмасындағы дәстүр мен жаңашылдықты талдаңыз



бет121/148
Дата24.12.2023
өлшемі1 Mb.
#198893
түріҚұрамы
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   148
Байланысты:
Іі өлең тілінің сөздік құрамына енген өзгерістер-emirsaba.org

22. Ш.Құдайбердиев «Қалқаман-Мамыр» поэмасындағы дәстүр мен жаңашылдықты талдаңыз
Кейіпкерлері :
Әнет баба – 95 жастағы Арғынның ел ағасы , биі .
Кішік – Әнет бабаның әкесі .
Мәмбетей бай – Кішіктің ағасы .
Мамыр – Мәмбетейдiң 15 жасар қызы .
Әйтек - Әнет бабаның туысқан інісі
Қалқаман - Әйтектің тоқалынан туған баласы .
Олжай — Әйтектің бәйбішеден туған баласы .
Көкенай - Мәмбетейдің бастаушысы , батыр .
Қалқаман- Мамыр» поэмасы – жастардың мөлдір махаббатының дәлелі.Қазақ халқы – негізінен, сөз өнеріне, өлең - дастандарға көп мән берген халық. Сонау V - VI ғасырлардан - ақ дамыған сөз өнері шығыс түркі тілдес елдерге қанатын кең жайып, жыр - толғаулар, өлең - дастандар ауыздан - ауызға халық жадында сақталған. Осындай халық ауыз әдебиетінің жыр - дастандары, батырлық жырлар, ғашықтық, не тұрмыс - салт жырлары болсын қазақ сөз өнерінде тереңірек қалыптасқан. Әсіресе, ғашықтық жырлар, лиро - эпостық жырлар халық жырлар жазу дәстүрі ғасырлар бойы сақталып келеді.
Осындай ғашықтық жырдың кең жайылған бір түрі – «Қалқаман - Мамыр» поэмасы. Қазақта бірін-бірі жастар қанша сүйгенімен қыз айттырылған жағына күйеуге кетуге мәжбүр. Мамырдың бай баласына айттырылуын суреттеу арқылы автор бел құда, бесік құда, ерте жастан сырға салып кету деген сынды қазақтың ескі дәстүріне қарсы екенін имплицитті түрде жеткізген.
Ғашықтық эпосқа жатқанымен шығармада «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» кезеңіндегі халықтың хал - ахуалы, тұрмыс - тіршілігі де анық көрсетілген.
«Ей, Мамыр, адамды Алла жаратыпты,
Хауа ананы адамға қаратыпты.
Бірін еркек, біреуін әйел қылып,
Екеуінен көп жанды таратыпты.
Құдай неге қылмаған адамды тақ,
Балаларын өзінен өстіріп - ақ.
Хауа ананы жаратуда мақсұты не?
Сол арасын білуге ақылым шақ.». Қалқаманның айтқан сөздерінен - ақ бұл поэманың, біріншіден, сырға толы екенін байқап отырмыз. Әрине, поэма тақырыбы махаббат, сүйіспеншілік болса сырлы жыр болмауы мүмкін емес.
«Сол байдың он бес жасар қызы Мамыр
Әрі сұлу, әрі есті, еркекшора»,- деп эпитет арқылы поэмада берілген бұл тармақтар аса бір сұлулықты көрсетеді.
«Көкенай, қарғамаймын, сөзіме бақ,
Ісім жөн, бір құдайға көңілім хақ.
Мойныңа менің қаным халал болсын,
Болма енді Қалқаманның қанына ортақ.»,- деп сүйген жарының амандығын тілеп, өлер алдында жұртынан Қалқаманға әділетті болуын сұрайды. Таза махаббат үшін күрескен Мамырдың өлімінің өзі – әділетсіздікке айтқан лағынеті, қарсылыққа шыққан күресі деп ұғынамыз.
Автор қазақтың ескі сал-дәстүрлерінің қисынсыздығын алға тартып, сынаған. Осылайша Адам болу деген Абай дәстүрін жалғастыра түскен.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   148




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет