Іі өлең тілінің сөздік құрамына енген өзгерістер


Абайдың ақын шәкірттері еңбектеріндегі дәстүр мен жаңашылдықты баяндаңыз



бет117/148
Дата24.12.2023
өлшемі1 Mb.
#198893
түріҚұрамы
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   148
Байланысты:
Іі өлең тілінің сөздік құрамына енген өзгерістер-emirsaba.org

15. Абайдың ақын шәкірттері еңбектеріндегі дәстүр мен жаңашылдықты баяндаңыз
Абай дәстүрін жалғастырушылар ХХ ғасыр бас кезіндегі қазақ поэзиясын әлемдік деңгейге көтерген Шәкәрім, Ахмет, Міржақып, Сұлтанмахмұт, Мағжан сынды біртуар дарындар еді. Бұлардың бәрі өз кезегінде Абай ұлылығын тануға ұмтылып, ақындығын бағалауға тырысқан болатын. Осы орайда Абай ақындығын бағалаудағы олардың ұлы ақынға берген атаулары да әрі қызық, әрі ой саларлық. Ең жақын шәкірті Шәкәрім “Ұлы ұстаз” тұтса, Ахмет “Қазақтың бас ақыны” деп біледі, Мағжан үшін “Ақындар хакімі” болса, Сұлтанмахмұт “Ақындар пайғамбары” көреді.
Шәкәрім XIX ғасырдың екінші жартысы мен XX ғасырдың басындағы қазақ әдебиетінің шежіресіндегі Абайдан кейін тұрған тұлғалы ақын. Ол ұлы Абайдың сөз өнеріне деген ықыласы мен пейілін көріп өсті. Содан да болар, ол о бастан-ақ ақындық, өнердегі өзінің биік нысанасын, асыл мұратын айқын сезініп қалыптасты. Халықтың мұңын жырлау, адам қасиеттерін қастерлеу оның шығармаларының алтын арқауына айналды.
Өзінің алдына:
Адамдық борыш, ар үшін,
барша адамзат қамы үшін.
Серт бергем еңбек етем деп,
Алдағы атар таң үшін,
- деп қатаң серт қояды ақын. Шәкәрім лирика жанрында Абай қалыптастырған реалистік дәстүрді жемісті жалғастырды. Өз туындыларына өзі өмір сүрген дәуірдің барлық шындығын тап басып суреттей білді. Ол сол кездегі қазақ даласынан қоғамдық-саяси және әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларды жақсы білді. Сол себепті де Шәкәрімнің шыншыл лирикасы сол дәуірдегі қазақ өмірінің айнасына айналды.
Шәкәрім жаңашылдығы - шығармаларында лирикалық тақырыпты қамту ауқымының өте кең болуы. Ақын мұраларының ішінде сезімнің нәзік сырларын шертіп, жастықтың жалынды шақтарын мөлдірете зерлеп берген махаббат лирикасын да, өз заманының бүкіл болмыс-бітімін барынша сезіне отырып, уакыт пен қоғам, тіршілік пен адам жайында шабыттана сыр ақтарған саяси-әлеуметтік лирикамен де, даланың әсем көркі мен жаратылыстың тамаша кұбылыстарын шебер өрнектеген табиғат лирикасын да, заттар мен құбылыстар, акиқат пен болашак,, тіршіліктің негізі туралы терең толғанысты ойлар ұсынатын азаматтық, философиялық лириканы да молынан ұшыратамыз.
Дегенмен де, Шәкәрім лирикасындағы Абай дәстүрінің іздері оның өлеңдеріндегі гуманистік, адамгершілік сипаттан да айқын көрінеді. Шәкәрім өлендеріндегі ең басты нысана - адам. Ол адамды үнемі жақсылыққа жеткізуге, оның бойында жаңаша қасиеттер қалыптастыруға ұмтылады. Осылайша Абай шығармашылығымен үндеседі.
Адамның мінез-құлқындағы салақтық пен еріншектік, жалқаулық пен мақтаншақтық қасиеттерді сынға алды.
Еріншектен салақтық
Салақтықтан надандық.
Бірінен бірі туады,
Жоғалар сүйтіп адамдық, - дейді ақын.
Шәкәрім лирикасының аса бір ауқымды саласы - оның Абай дәстүрінде жазылған ағартушылық сарындағы өлеңдері. Ол өзі өмір сүрген заманның барлық болмысын, бүкіл қазақ қауымының экономикалық, әлеуметтік, рухани дамуының дәрежесін жан-жақты түсінген қайраткер болды. Бұл тұста да ол Абаймен Үндесе келе Шәкәрім жырлары да адамды адал еңбекке, ғылым мен мәдениет үйренуге бағыттайды:
Күні – түні дей көрме, ғылым ізде,
Қалсын десең артында адам атың,
- дейді ол.
Шәкәрімнің Абайдың реалистік дәстүрін жалғастырудағы бір жемісті қыры - оның эстетикалық мәселелер, дәлірек айтқанда, ақындық өнер, өлеңсөз құдіреті жайындағы пайымдаулары. Бұл тұста ол Абай салған сокпақты, тамаша әдеби дәстүрді, көркемдік тәсілді басшылыққа алып қана қойған жоқ, өлең әлемінде, сөз патшалығында өзіндік қолын, өз бағытын табуға ден қойды. Шәкәрімнің көптеген өлеңдеріндегі ішкі үйлесім, ғажайып үндестік, сырлы бояу мен жаңаша түр оның осы бағыттағы жемісті ізденісін аңғартады.
Міржақып Дулатов XX ғасырдың бас кезінде қазақ қоғамында қанат жайған демократиялық қозғалыстың, елдің елдігі, еркіндігі, мәдени өркендеуі үшін күреске жаңа бағыттың ең ірі өкілдерінің бірі болды. Сондықтан оның поэзиясынан, барлық шығармаларынан тынымсыз: іздену, ілгері ұмтылу сарыны, күрес рухы бірден-ақ күшті сезілді. Ақынның, алғашқы өлең жинағының аты болған «Оян, қазақ!» деген сөз жалпы жұртқа жар салғандай болып жаңа дәуірдің қуатты үніндей естілді. Кітаптың «Оян, қазақ!» деген атыңың өзі халықты мешеуліктің, надандыктың шырмауынан құтылып, әділеттік үшін, өнер-білімге, мәдениетке жету үшін күресуге шақырған күшті ұран болып естілді, солай қабылданды. Халықты оқыту, санасын оятуды жазу дәстүрін жалғастырды.
Міржақыптың шыға-ы азаматтық, әлеуметтік лирика тақырыбы, идеясы тұрғысынан да, құрылыс-қалпы, айтылу ерекшелігі, жанрлық өзгешелігі жағынан да түрлі-түрлі. Және бұл М.Дулатовтың ерекшелігі. Бірде қазақ халқының тағдырын, күн көрісі, келешегі туралы толғаныстар болып келсе, бірде жастарды өнер-білімге, талапты, адал, өнегелі болуға шақыратын насихат өлеңдер, бірде өмірдегі нақтылы, күнделікті жай-жағдайға, көпшілікке тікелей қатысты мәселелерді тілге тиек етіп, адамгершілік мәселелерді сөз қылатын әңгіме-сұхбат түріндегі өлеңдер, кейде патша үкіметінің озбырлығын, жұрт билеушілердің әділетсіздігін әшкерелейтін өткір сықақ өлеңдер, тағы сондай түрленіп келе береді.
Және назар аударарлық бір нәрсе, ақын жаңалығы - қоғамдық, саяси-әлеуметтік мәселелерді қозғайтын туындылары ақынның өз сөзімен ішкі жан дүниесін танытатын көңіл күй лирикасы сипатын алатын тұстары да аз емес.
Ол әлеуметтік лириканы қазақ қоғамының өмір шындығын, қайшылықтарын терең, жан-жақты ашып көрсететін тың тақырып, сарындарымен молықтырып, идеялық мазмұнын байытты.
1910 жылы «Бақытсыз Жамал» атты романы басылып шығады. Бұл шығарма жазушыңың өз шығармашылығында ғана емес, бүкіл қазақ әдебиетінде елеулі орын алған көркем туынды болды. Өйткені ол аса зор әлеуметтік маңызы бар мәселе қозғаған, қазақ әйелінің ауыр жағдайын шынайы бейнелеген, қазак, әдебиетіндегі роман деп аталған тұңғыш прозалық шығарма болатын. Бұл М.Дулатовдың басты жетістігі әрі жаңалығы еді.
Міржақып шығармашылығындағы дәстүр жалғастығы жаңашылдық сипатын да айқындай түсетіні сөзсіз. Міржақып шығармашылық өнерінің жаңашылдық сипаты оның идеялық-көркемдік ізденістерінің аса құнды, қуатты болғандығынан, дүниетанымы мен сезім әлемінің, өнерпаздық дарынының ешкімге ұқсамайтын қасиеттері молдығынан екені ешбір талас тудырмайды. Олай болса, Міржақып Дулатовтың, поэзиясы, сан-салады шығармашылық мұрасы - халық игілігіне әрқашан да қызмет ете беретін асыл қазына.
Абайдың ақын шәкірттері де ұлы ұстаздарының өнерде салған жолын жалғастырып, поэзиядағы жаңа дәстүрдің қанат жайып қалыптасуына барынша үлестерін қосты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   148




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет