2.2 Астықтың ылғалдылығы және ылғал сақтауы
Ылғалды астықтың жалпы салмағы М құрғақ зат салмағымен Мс және астықтағы ылғалдың мөлшері Мв белгіленеді, яғни М =Мс+Мв.
Астықтағы ылғалдың мөлшері әдетте пайызбен өрнектеледі, кей жағдайларда ғана бірлікпен есептеледі. Астықта ылғалдың болуы негізгі үш түсінікпен анықталады. Олар: ылғалдың жалпы салмағы, құрғақ заттардағы ылғал және ылғал сақтауы.
Ылғалдың жалпы салмағы ω° (%) астықтағы ылғалдың болуының астық жалпы салмағының қатынасымен белгіленеді, яғни
(1)
Құрғақ заттың ылғалдылығы ωс (%) астықтағы құрғақ заттың құрғақ зат салмағына қатынасымен өрнектеледі, яғни
(2)
Егер (2) теңдеу пайызбен емес килограммен есептелсе яғни бірлікпен өрнектелсе, онда оны әдетте ылғалдың сақталуы деп атайды және u әріпімен белгілейді.
Ылғалдың жергілікті болуы, яғни ылғалдың сақталуы бөлек астық нүктелерінде және нүктелер координатасына байланысты сипатталады. Астықта ылғалдың болуы әдетте ω° және ωс белгіленеді, ал жергілікті u. Сонда
=100 (3)
мұндағы: V3 – астық көлемі.
Ылғалдың жалпы салмағымен құрғақ зат ылғалдылығының арақатынасымен табамыз, егер (1) теңдеуді Мс және 100 бөлсек, ал (2) теңдеуді М және 100-ге бөлсек, сонда (1) және (2) теңдеуден орташа есеппен мына теңдікті аламыз (%)
(4)
(5)
Осыдан ары қажет болмаған жағдайда, ылғалдылықтың жалпы массасын жоғарғы «о» белгісіз ω әрпімен белгіленеді
Материалды ылғалсыздандырудың белгілі үш әдісі бар. Олар: жылумен кептіру, сорбциялы (түйісу) кептіру, механикалық ылғалсыздандыру (сығу, центрифугалау). Астық үшін ең көп таралған әдіс – жылумен кептіру. Сорбциялы кептіруді кейбір кептірулерде көмекші элемент ретінде, ал механикалық ылғалсыздандыруды зауыттағы астық қалдықтарында қолданылады.
Жылумен кептіру сұйықтың буға айналуымен байланысты. Астықтың ылғалдылығын сорбциялы кептіру кезінде оны бу, сонымен қатар сұйық күйінде алып тастауға болады, бұл үдеріс қосымша жылу берілусіз өтеді. Алайда ары қарай сорбенттің өзін кептіру керек.
Достарыңызбен бөлісу: |