Ii тарау Астықты кептіру үдерісiнiң негiздері 1 Астықты кептіру


Ылғалдылық және ауаның ылғалды құрамы



бет6/20
Дата30.01.2022
өлшемі1,18 Mb.
#130154
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
Байланысты:
астық кептіру сақтау

Ылғалдылық және ауаның ылғалды құрамы. Ауа құрамындағы су буының мөлшері метеорологиялық жағдайға, жыл мезгіліне, тәулік уақытына байланысты. Ылғалдылығы бойынша ауаның күйі абсолют және салыстырмалы ылғалдылыққа байланысты. Ауаның абсолюттi ылғалдылығы 1м3 ауадағы су буының мөлшерімен анықталады. Ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 1м3 дымқыл ауадағы су буының тығыздығымен Рп 1м3 ауадағы толық қанығу кезіндегі су буының тығыздығына Рн қатынасымен анықталады:

(6)

Салыстырмалы ылғалдық - дымқыл ауаның негiзгi параметрлерiнiң бiрi. Ол ауаның ылғалмен қанығуына мүмкіндігін сипаттайды.

Кептіру үдерісінде ауаның массасы ылғал есебінен көбейеді, ал құрғақ ауа массасы өзгермей қалады. Сондықтан ауадағы су буының массасын 1 кг құрғақ ауа массасымен анықтайды. 1 кг құрғақ ауаға қатысты су буының массасын ылғал ұстау қабілеті деп атайды. Әрбір температура мен қысымға ауаың су буымен қанығу шегі бекітілген. Белгілі бір температураны толық қанығу болады, оның ары қарай жалғасуы артық қанығуына әкеп соқтырады. Ауаның жылыту кезінде қанығу дәрежесі төмендейді, жылу сыйымдылығы артады. Ауаның осы қасиетінде кептіру үдерісі орнығады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет