Ii тарау Астықты кептіру үдерісiнiң негiздері 1 Астықты кептіру



бет14/20
Дата30.01.2022
өлшемі1,18 Mb.
#130154
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   20
Байланысты:
астық кептіру сақтау

5 сурет. J-d диаграммасында үдерістерді тұрғызу және есептеу
(31)

Яғни, ауадағы ылғалдылықтың құрамы температураға байланысты емес және берілген 1 тұрақты болады: d1=const. Осыған орай t=tн болғанда =const сызығы қисаяды, ал t˃tн болғанда (берілген жағдай рп.м болғанда) тігінен орналасқан сызықтар болады. Егер, осыған қарамастан есептеулерде (31) теңдеуін қолданатын болса, онда d=const сызығында ауытқулар болады (5 сурет).


2.8 Ауа ылғалдылығы қанығуының J-d диаграммасындағы параметрлері мен сипаттамасын анықтау
Ауаның күйі J-d диаграммасында нүктемен, ал ауа күйінің өзгеру үдерісі түзу сызықпен сипатталады. Егер ауаның температурасын t= 30°С ал оның салыстырмалы ылғалдылығын φ=30% деп алсақ, онда J-d диаграммасында ауаның күйі А нүктесімен кескінделеді. Ауаны герметикалық ыдысқа толтырып, оны ақырын суытамыз. Ыдыс герметикалық болғандықтан су массасы мен құрғақ ауаның массасы өзгеріссіз қалады және ылғалдылығы сақталады. J – d диаграммасында үдеріс вертикальды тура кескінделеді, d=const. Суыту барысында температура төмендейді, ал салыстырмалы ылғалдылығы үздіксіз түрде жоғарылап отырады. Соңында φ=100%-ке жетеді (в нүктесі). Осы уақытта бу конденсирленеді, қабырғаларда шық пайда болады. d=const сызығынан φ=100% сызығына ауысқан нүктені шық нүктесі, ал ондағы температураны шық температурасы (tp) деп атайды. Бұл үдерісте ауа ылғалдылығын анықтаудың бірден-бір әдісі көрсетілген.

А нүктесіндегі ылғал мен ылғал ауаның энтальпиясын а нүктесі мен оған жақын орналасқан d=const және J=const сызықтарының арасындағы кесінді арқылы, сонымен қатар олардың мәнін интерполирлеу жолымен анықтайды.

А нүктесімен белгіленетін ауадағы су буының парциалды қысымын анықтау үшін осы нүкте арқылы (d=const), парциалды бу қысымының сызығымен (ρб) қиылысқанша жүргіземіз. Сонымен қатар С – нүктесіндегі будың парциалды қысымын, сандық мәні ρб координатын түзетін горизонтальды сызықтардың арасындағы интерполяциялық мәнімен анықтайды (шкала диаграмманың төменгі оң жағында орналасқан).

Сонымен қатар, ρб қаныққан будың парциалды қысымын анықтауға болады. Бұл үшін а нүктесі арқылы өтетін, φ=100% сызығымен жанасатын tа изотермасын құрамыз. tа изотермасында жататын а нүктесін орналастырамыз, сосын екі нүктені де φ=100% сызығымен тікелей жанасатындай етіп өзгертеміз (К нүктесі). N нүктесін А нүктесінің екі жағында орналасқан изотермалардың арасындағы кесінділердің пропорционалды қатынасы арқылы анықтайды. К нүктесі арқылы d=const сызығын өткіземіз және m нүктесімен жанасатын tа температурасына сәйкесетін ρn қаныққан бу қысымын табамыз.



Jd диаграммасына ауаны калориферде ысыту үдерісін саламыз. Ол ылғалдылығын өзгертпей ағып өтеді, сондықтан d=const сызығында кескінделуі керек.

А нүктесі tа температурасынан және J0 энтальпиясынан тұратын атмосфералық ауа жағдайын (калориферге түсетін ауа) көрсетеді. Температураны t1 –ге қыздырғанда ауаның энтальпиясы J1–ге жоғарылайды. Қыздыру үдерісі AG сызығымен кескінделеді. G нүктесі қызған ауаның (калориферден шығу кезінде) жағдайын көрсетеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет