Ii тарау Астықты кептіру үдерісiнiң негiздері 1 Астықты кептіру


Ылғал ауа параметрлерінің күйі



бет8/20
Дата30.01.2022
өлшемі1,18 Mb.
#130154
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   20
Байланысты:
астық кептіру сақтау

Ылғал ауа параметрлерінің күйі. Ылғал ауа күйі барлық газдар сияқты кез келген 2 параметрдің байланыстыру: температура, қысым, көлем және тығыздықпен анықталады. Ылғал ауа ρ қысымында, t температурасында тұр делік. Санамызбен одан V көлемін бөліп алайық (3а сурет). Бұл жағдайда онда ылғал ауаның m салмағы болады, ол mқ.а. – құрғақ ауа салмағы мен mб – бу салмағынан құралады, яғни, m=mқ.а.+mб. Енді осы көлемнен қандай да бір тәсілмен температурасын өзгертпестен, құрғақ ауаны мүлдем алып тастаса, онда су буының салмағы – mб қалады. Көлемдегі қысым төмендеп ρб тең болады. Оны құр будан пайда болатын су буының парциальды қысымы (яғни жартылай) деп атайды (3б сурет). Будың тығыздығы ρб деп будың салмағының m (кг) сол бу алып тұрғын оның көлеміне V (м3) қатынасын айтады (дәл сол көлемді ылғал ауа да алып жатады), яғни.

(7)

Дәл сол сияқты егер су буын алып тастаса, V көлемде ρқ.з парциальды қысымымен құрғақ ауа массасы mқ.а қалады (3в сурет). Құрғақ ауа тығыздығы ρб=mқ.а/V, ал ылғал тығыздығы ρ′ = ρ′қ.а + р′б тең болады.

Дальтонның заңына сәйкес ылғал ауаның жалпы қысымын р. Ылғал ауа құрамындағы құрғақ ауа мен су буының (газды қоспа) парциальды қысымдарының қосындысы түрінде алуға болады.

(8)

Жер бетіне жақын тұста қоршаған ауаның атмосфералық қысымы В және оған қатысты (7) қатынасын келесі түрде жазуға болады:

В = р′қ.а + р′б (9)

Кейбір астық кептіргіштерде, мысалы тікелей ағысты шахталық кептіргіште ауа қысымы (кептіру агенті) атмосфералық ауадан 1...2% ерекшеленеді. Сондықтан мұндай кептіргіштерде есептеу жүргізу үшін әдетте (8) теңдеуді пайдаланады. Егер қысымда едәуір айырмашылықтар болса, (7) жалпы формуданы пайдаланады.

Ылғалды ауаның меншікті көлемі (м3/кг) деген ылғал ауа көлемінің сол ауа кіретін құрғақ ауа мен будың жалпы қосындысына қатынасы, яғни
υ=V/(mқ.а +mб) (10)
Алайда есептеулерде басқа шаманы υ03/кг): ылғал ауа көлемінің ауаның құрғақ бөлігінің массасына қатынасын пайдаланған қолайлы.
υ0=V/mқ.а (11)



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет