1-жағдаят Кәмелет жасқа толмаған азаматтар М. және Г. 25 қаңтар 2013 жылы сағат 16.30-шамасында Станкеевич көшесінде орналасқан «Алматы-1» сауда орталығының қасында кәмелет жасына толмаған Ш-ның өмірі мен денсаулығына қауіпті емес күш қолданып, ашық түрде оның ақшалай қаражатын иемденген, аталған іс-әрекеттерімен соңғының заңды өкіліне 6000 теңге мөлшерінде материалдық шығын келтірген.
Кәмелет жасқа толмағандар жәбірленушінің өмірі мен денсаулығына қауіпті емес күшқолданып,ашықтүрдеоныңақшалайқаражатыниемденуҚылмыстықкодекстіңқайбабынасәйкес: А) 191-бап. Тонау
В) 192-бап. Қарақшылық С) 193-бап. Қорқытып алу
ЖағдаятқасәйкескәмелеткетолмағанМ.жәнеГ.Қылмыстықкодекскесәйкесқандайжазатағайындалады? Соттарапынантағайындалатынжазаныауырлатуғанемесежеңілдетугеболама? Болса/болмасақандайнегіздербойынша?
Мемлекеттік қызметтегі сыбайлас жемқорлыққа қатысты жағдаятпен танысып, қолданылатын жазаны жазып көрсетіңіз.
«Б» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ басқармасының бұрынғы төрағасы Қ.Б. «О. Г. ЛТД» ЖШС және «Ш» ЖШС араларында Қ. облысында шыны зауытының құрылысын жүргізуге шарт жасау үшін 2 млн. АҚШ доллары мөлшерінде пара алғаны үшін кінәлі деп танылды.
Одан басқа, сотта, ол бір топ адаммен жоғарыда көрсетілген зауыт құрылысы кезінде 1 154 890 185 теңге аса ірі сомасында ақшалай қаражатты жұмсауын ұйымдастырғаны анық дәлелденген.
Сондай-ақ Қ.Б. бір топ адаммен алдын ала сөз байласу бойынша, «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру кезінде бірнеше рет аса ірі мөлшерде жалпы сомасы 345,5 млн. теңге болатын пара алып отырған.
Сотқандай үкімшығаруытиіс?