Ііі халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары


Күн батареясының қуаты түнде азайып қалмай ма?



Pdf көрінісі
бет267/330
Дата07.02.2022
өлшемі7,21 Mb.
#84247
1   ...   263   264   265   266   267   268   269   270   ...   330
Байланысты:
3 том (1)
0c319226bb704f368d1dc8e9b87c0c63, Келимбердина Дария. Гылыми жумыс 2019 шу қаласы
Күн батареясының қуаты түнде азайып қалмай ма?
Күн батареялары алғаш шыға бастаған кезде олардың күші өте әлсіз еді. Қазіргі таңда 
күн батареялары да жаңа технологиямен жасалып, оның құрылымы да, қызметі де дами 
түсті. Күн технологиясы – бұл қуатты күннен алатын құрылғылар. Соңғы шыққан күн 
батареялары пластмасса табақшаларға өткізілген төрт бұрышты тоқ өткізгіш спиральдардан 
тұрады. Мұндай спиральдарды «наноантенна» деп те атайды. Оның диаметрі адамның бір 
тал шашының 1/25 бөлігіндей. Наноантенналар күндіз күннен жерге бөлінген инфрақызыл 
қуатты жұтады. Олар тіпті тек күн сәулесін ғана емес, күндіз күннің сәулесі арқылы қызған 
жердің жылуы арқылы да қуат алады. Сондықтан мұндай батареялар түнде де жұмыс істейді. 
Бүгінде мұндай күн батареялары мен жалпы наноантенналарды жасауда ғалымдар тынбай 
еңбектеніп, нанотехнологияны дамытуға тырысуда. Мамандардың айтуынша, Орталық Азия 
елдерінде бір жылда 300-ден астам ашық күнді ауа райы болады. Сондықтан мұндай 
батареяларды кең түрде қолданудың тиімділігі көп. Егер күн батареясын тұрмыста 
қолданатын болсақ, электр қуатын қолдану жылына 70 пайызға төмендейді екен. Сондай-ақ 
бұл құрылғылар көптеген инновациялық аумақта кең қолданысқа ие болады. 
Күн электр стансасы – экологиялық тұрғыда таза, дыбыссыз, қауіпсіз әрі пайдалануға 
ыңғайлы, оның үстіне өз құнын 100 па-йыз ақтайтын тиімді қондырғы. Жұмыс істеу мерзімі 
шамамен 30 жыл. Осы 30 жыл ішінде жасалуына небәрі 1 кг күн кремнийі жұмсалған 
элемент Жылу электр стансасында мұнайдың 100 тоннасынан немесе Атом электр 
стансасында 1 кг байытылған ураннан өндірілетін соншалықты электр қуатын бере алады. 
Энергияны фотоэлектрлі өзгерткіштердің жұмысы күн қуатын электр қуатына айналдыруға 
негізделген. Қазақстан үшін Халықаралық Энергетиктер Қауымдастығы ұсынған формула 
бойынша, алдын ала жасалған есептеулерге сәйкес шағын күн электр стансасын орнату 
нәтижесінде СО2 шығарындылары жылына 750 кг-ға азаятын болады. 
Спорттық-сауықтыру кешенінің барлық электр жарығы қуатын болатын
Сонымен қатар, болашақта, тәуелсіз Қазақстанның даму жолында, құрылыс саласы жағынан 
өз септігімді тигізіп, сәулет өнерінде ерекше сәулеттік-үйлесімділік-кеңістіктік шешімдер 
ойлап тауып, ғылыми және практикалық іс-тәжірибелеріммен бөлісу, белсенділігіммен 
интелектілік шығармашылықтарымды дамыту.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   263   264   265   266   267   268   269   270   ...   330




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет