Ііі халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары


Key words: genre, historical novel, manner, character, traditions, historical and ethnographic,  spiritual values, skill



Pdf көрінісі
бет137/330
Дата07.02.2022
өлшемі7,21 Mb.
#84247
1   ...   133   134   135   136   137   138   139   140   ...   330
Байланысты:
3 том (1)

Key words:
genre, historical novel, manner, character, traditions, historical and ethnographic, 
spiritual values, skill. 
 
Кемеңгер суреткер Әбіш Кекілбайұлының қазіргі қазақ әдебиетінде – рухани көркем ой 
кеңістігінде алатын орны ерекше! Мұның өзін дәлелдеуді керек етпейтін рухани дүние 
деуімізге болады.
ХХ ғасырдың 60 – жылдарынан бері күні бүгінге дейін оның әркездегі сын мақалалары 
да, алуан – алуан әңгімелері де, кесек – кесек повестері де, қадау – қадау әлеуметтік - 
философиялық романдары мен «Абылай хан» халықтық, қаһармандық, драмалық дастаны, 
сондай-ақ Шекспир, Толстой, Чеховтардың ана тіліміздегі классикалық аудармалары да, 
көшелі-көшелі публицистикалық ой-толғаныстары да ұлы суреткер Әбіш Кекілбайұлының 
қазақ әдебетіндегі ғажайып кеңістігін – көркемдік әлемін дәлелдейтін барша қауым, күллі 
оқырман әбден жақсы білетінін жоққа шығару әсте мүмкін емес!
Әбіш Кекілбайұлы өзінің осынау шығармашылық шалқар болмысына - әрдайым 
толассыз да тебірене толқитын қалам мұхитына - «Ой Олимпіндегі Ойшыл суреткер» 
қалпымен көтерілген, қыруар қажыр – қайратының берекелі бейнетқорлығымен қол 
жеткізген.
Осы орайда, белгілі әдебиет сыншысы Сайлаубек Естайұлы Жұмабек: «Әбіштің кез 
келген шығармасын шартты түрде біртұтас организм десек және сол организмнің бүкіл 
тіршілік – бүкіл көркемдік талшықтары – түктері, ет пен сүйегі, сіңірі мен тамыры, жұлыны 
мен жүйкесі, қан айналымы мен дем тынысы – мәңгілік өмірдің мәңгілік ойларынан ғана 
түзілген тәрізді. Сондықтан болар, ұлы суреткердің ой кешуі де мәңгілік таусылмайды» - деп 
баға берген [1, 4]. 
Қазақтың көркем сынына, көркем прозасына жаңа бағыттағы, жаңа сападағы, жаңа 
тұрпаттағы – философиялық сипаттағы сын мен философиялық тіндегі, философиялық 
құрылымдағы, философиялық стильдегі әңгімелер, повестер, романдар тәрізді әралуан 
көшелі де қуатты дүниелер қатарында Әбіштің «Күй», «Бәсеке», «Ханша дария хикаясы», 
«Шыңырау», «Автомобиль», «Құс қанаты», «Бір шоқ жиде», «Шеткері үй» повестері; 
«Аңыздың ақыры», «Үркер», «Елең-алаң» романдары; үш ұлы бидің бірі - Әйтеке би туралы 


146 
тарихи-танымдық кітабы, «Абылай хан» халық қаһармандық драмалық дастаны мен ұлы 
ақын Махамбет жайында «Шандоз» тарихи баяны; «Тасбақаның шөбі», «Есболай», «Керек 
адам», «Міне, керемет», «Көлденең көк атты», «Ақырғы аялдама», «Ажар», «Аш бөрі» 
әңгімелері, «Дәуірмен бетпе-бет», «Заманмен сұхбат», «Үш белес», «Ұйқыдағы арудың 
оянуы», «Талайлы Тараз» атты кітаптарындағы ғажайып көркем эсселері тәрізді алуан-алуан 
дүниелер қосылды. Қазіргі қазақ әдебиеті осындай туындыларымен көркем ой санасында – 
әлеуметтік-қоғамдық, көркемдік руханият кеңістігінде талай рет түледі, талай рет өрістей-
өркендей түсті, талай рет дүр сілкінді. Бұл туындылар Әбіш Кекілбайұлының ғажайып 
суреткерлік таланты мен даңқын алыс және таяу шет елдерге кеңінен мәшһүр етті. Кейбір 
туындылары өзімізден гөрі өзге елдерде бірнеше рет қайта-қайта басылып шығып, жоғары 
бағаланды. 
Ең бастысы, Әбіш өзінің ойлы да өміршең эстетикасын іс жүзінде де, яғни өзінің 
көркем туындыларымен де онан сайын мейілінше тереңдете, мейілінше биіктете, мейілінше 
нақтыландыра, мейілінше өрістете түседі. Мысалы, Әбіштің «Бір шөкім бұлт» атты 
повесінде: «Әдетте, кісі өз қайғысын, өз қуанышын түгел шолып, түгелдей бағалап бере 
алмайтын шығар, сірә? Кешегің көз алдымда қанша сайрап жатыр десең де, бала күніңде 
үйренген ұзын қиссадай көңіліңе үзік-үзік оралады. Оның үстіне қыбыр – қимылы 
таусылмаған пенде ылғи сарылып, өткен-кеткенді ойлап отырмайды ғой. Күнделікті күйбең 
тірлік пен жәйді біржолата ұмыттырғанмен де, біраз уақытқа көз тасаға алып кетеді. «Шүкір, 
Аққаймақтың қазір көз қуанышы бар. Ел қатарлы тұрмысы, өсіп келе жатқан балалары, 
сыйластығы суымаған төсек жұбы түгел. Баяғы жалын атқан өксік өшіп, бұл күнде анда-
санда жүрек түйнеп өтер өткінші желге, көкірек тістеп кетер көлденең шаншуға, ойда-жоқта 
оралып, бір сәт көңіліңді ойран-топан ететін алыс сарынға айналған сияқты еді». 
Осы шығарманың әрі басты, әрі орталық кейіпкері Аққаймақтың өмірінен, тағдырынан 
көрініс беретін осынау шап-шағын үзіндінің өзі-ақ Суреткер - Әбіштің нақты болмысын 
көреміз. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы тыл өмірі – қазақ ауылының, қазақ қызының, 
қазақ әйелінің құм қойнауындағы ауыр тіршілігін көрсету жолындағы шағын пролог 
құрылысына көз салсақ, бірден-ақ суреткер Әбіштің өмір шындығы мен тіршілік тақсіретін 
өзінше қатал да тың бояумен әрі жаңаша бейнелеген.
«Адамшылықтың басы – аяушылық. Аяушылық жоқ жерде адамшылық та жоқ. Өзің 
ешкімді аямасаң, өзіңді де ешкім аямайды. Өзің бөтен елге жасанып барсаң, жараланып 
қайтқаныңа қапаланба! Ол үшін көктегі құдайды да, жердегі жауыңды да қарғама, өзіңді өзің 
қарға! Жат жерде көргеніңе бола өршеленбе, қайта тәубеңе кел! Адам, адам қалпыңа келсең 
сонда келесің, әйтпесе, етіне ащы тырнақ, өткір тіс батқан сайын өрлене, өршелене түсетін 
сен бір хайуансың. Айуан екенің бар, өзгеден адамшылық күтпе!» [2, 206 ]. 
Бұл атақты «Күй» повесінен келтірілген шағын ғана үзінді. Өткен ғасырлардың сонау 
бір ескі жылдарындағы қазақ-түркімен тайпаларының арасындағы оқтын-оқтын жауласу, 
оқтын-оқтын кек қайтарысу барысындағы аламан шайқастардың трагедиясын суреткер 
тұтқын күйшінің – Дәулеттің, Жөнейт пен Көкбөрі тәрізді ел ағалары – ел батырларының 
трагедиялары арқылы нақты көрсетеді. Жауласу мен кектесудің түптің түбінде ой-сана мен 
іс-әрекет мәңгүрттігіне мәжбүр ететінін және түптің түбінде бұған адамзат баласының 
бейбітшілік сүйгіш тынысына ден қоймаса қауым мен қоғамның мәңгүрттенуіне апарып 
соғатынын лиро-эпикалық повестің көркемдік мұраты айқын танытады. Шығарманың 
реалистік қуатындағы, жаңашылдық сипатындағы көркемдік басты құдіреттің рөлін – 
жоғарыда келтірілгендей – терең әлеуметтік әрі философиялық мазмұн, соған лайық образды 
ой мен бейнелі тіл, дербес стиль көріністерінің біртұтас ғажайып болмысын шынайы 
атқарған. 
Адам жанының тағы бір иірімі "Шыңырау" хикаятында терең психологиялық талдау 
арқылы берілген. Бұл адамды билеген астамшылық, даңққұмарлық, эгоистік сезімнің оны 
жарға жығуы. Еңсеп тау қопарған, қайратын халқына жұмсаған, қалың елді суға қарық 
қылған алып бейне - сол халық қолпашына масаттанып, көңіліне пендешілік кіріп, атын одан 


147 
әрі асырмақ болып барып, шыңырау түбінде қалады. Әбіштің хан болсын, қарапайым жан 
болсын, адамды астамшылықтан сақтандыратын идеясының бір ұшығы осында жатыр. 
Әбіш шығармаларының басты өзегі – тарих пен тағдырлар философиясы. Тарихи-
әлеуметтік ұстаным арқылы тағдырлар философиясын алуан-алуан тұрғыдан мейілінше 
саралап, мейілінше даралап көрсетеді. Мұның бір шырқау көріністеріне «Үркер» мен «Елең-
алаң» роман-дилогиясын, «Абылай 
хан» халықтық қаһармандық драмалық дастанын, 
ұлы ақын Махамбет туралы «Шандоз» тарихи баянын жатқызыр едік. Көркем ой тұрғысынан 
алып қарағанда монументальді роман мен драмалық дастанды, тарихи баянды қазіргі қазақ 
әдебиетінің даму өрісіндегі кезеңдік ірі туындылар.
Біз Әбіштің әр жылдары жазған әр алуан шығармаларын, осынау мысалдарды саналы 
түрде мол келтіріп отырмыз. Ондағы мақсат «Дәуірмен бетпе – бет», «Заманмен сұхбат», 
«Үш белес» кітаптарындағы кез келген мақаланы оқыған оқырманның кез келгені Әбіш 
Кекілбайұлын, сөз жоқ, «Ойшыл суреткер» - деп зор мақтанышпен, зор сүйсінумен, зор 
таңданумен, бек қуанышпен айтқызу, соған сендіру.
Оның кез келген көшелі шығармаларындағы қазақ жері мен кеңістігінің бір уыс 
топырағы, бір шөкім бұлты, шалқар даласы, таулары, бұлақтары мен дариялары, құмдары 
мен үстірттері, көлдері мен шөлдері, жайлаулары мен қыстаулары және тағы басқа әр алуан 
материалдық бөлшектері белгілі бір дәрежеде өмірлік өзек болуымен қатар, сол 
туындылардың көркемдік болмысын, парасатын, табиғатын құлпырта түсетін, арттыра 
түсетін шешуші көркемдік факторларға да шынайы айнала білген. Сондықтан болса керек, 
қарапайым нәрселердің күрделі болмысы немесе күрделі жәйттердің қарапайым табиғаты 
Әбіш қаламынан туған кемел туындылардың бәріне тән болып келеді. 
Әбіш Кекілбайұлының «Абылай хан» атты халықтық қаһармандық драмалық дастаны – 
тәуелсіздік алған қазақ елінің жаңа әдебиетінің төлбасы туындысы болғанын айрықша айтар 
едік. 
«Төзсең егер әлеумет, 
Зорлықты жеңер ынтымақ,
Қорлықты жеңер – ар, намыс, 
Шығарар тардан – тәуекел. 
Тәуекелге бел байлап,
Қазақтың қайсар намысы,
Болмасын деп қара жер,
Жойқын жаудың жолында.
Жойылмасын деп қайран ел, 
Аяқ-қолды қыл тұзақ
Қармап алмай тұрғанда,
Айналаны аран ор
Шырмап алмай тұрғанда 
Азаттықтың қамы үшін 
Болашақтың бағы үшін 
Ұлы жорық бастаймын 
Айналайын, әлеумет». -
деген Абылай ханның монологынан немесе халқына қарата айтқан жариясынан ақ өлеңмен 
төгілген суреткерлік жаңалықты, суреткерлік кемелдікті, суреткерлік ерлікті бірден көреміз 
[3, 177]. 
Ең бастысы, осы драмалық дастан арқылы, театр сахнасы арқылы ұлы Абылай ханның 
қайта тіріліп келіп, қазіргі Тәуелсіз Елінің Төріне сонау Ата тарихтың талай-талай қиямет-
қайымынан көктей өтіп, тікелей өрлеп келгендігін көреміз.
Әбіш Кекілбайұлының - Ой Олимпіндегі Ойшыл суреткердің көркемдік құдіреті – 
оның шығармашылық таланты мен даңқының қашан болсын әрдайым хрестоматиялық 
заңдылықтардың ауқымына-шеңберіне ұдайы сыймай, сөйте тұра, неғұрлым кемелденіп, 
неғұрлым кернеп, неғұрлім бір тылсым күшпен төгілмей, тасымай, туламай өзінің мәңгілік 


148 
жұмбақ болмысын ақтап, сақтап, арттыра ұстап тұра білетін суреткерлік дара құбылысында 
жатыр. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   133   134   135   136   137   138   139   140   ...   330




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет