Ж. Тіленшіұлы бастаған ұлт-азаттық күрестің болған аудандарын картаға белгілеңіз, маңызын түсіндіріңіз.
Жауабы:
Шілікті патша қорғандары, зерттелуі.
Шілікті патша қорғандары Шығыс Қазақстанның далалық аймақтарында, әсіресе, Тарбағатай мен Маңырақ тауларының арасында, Зайсан ауданының жерінде алып патша қорғандары кездеседі. Оның ең көп шоғырланған жерін Шілікті ескерткіштері деп атайды. Шілікті қорымында барлығы 51 оба бар, оның бәрі де алып немесе орташа қорғандар. Алып қорғандардың диаметрі 100 метр, биіктігі 8-10 метр. Мұндай обаның саны 13. Орташа обалардың шеңберінің диаметрі 20 метрден 60 метрге жетеді, биіктігі 2-5 м. Қорған ертеректе қатты тоналған. Бірақ кейбіреулерінде зергер бұйымдар сақталған. Соның бірі 1960 жылы қазылған «Алтын қорған» деген оба. Обаны үйерден бұрын қабір шұңқыры қазылған. Оның орта шенінен шығыстан батысқа қарай бағытталған дәліз (дромос) жасаған, оның ені 2 метр, ұзындығы 12 метр. Қабір шұңқырының ішінен қабырғалары 5м жуық балқарағай бөренелерінен қабір үйін салған, биіктігі 1м. Айналасына тас толтырылған. Дәліздің қабырғасын таспен қалап, төбесін бөренемен жапқан. Бөренеден салынған қабір үйіне еркек пен әйел жерленген. Моланың жердің бетіндегі бөлігі таспен үйілген. Сонымен қатар, обадан 13 қола жеюе, жебе салатын қорамсақтың қалдығы табылды. Жебелер екі қырлы, ұңғылы. Қорамсақтың сыртына алтыннан жасалғаан бұғы мүсінді бірнеше әшекей қапсырма жабыстырылған. Қабірден 9 бүркіт, 29 қабылан, қабан, балық, т.б. Бейнелер қазылды. Алтын бедерлі мүсіндер ғажайып шеберлікпен көркем жасалған. Бұл обалардың салынған уақыты б.з.б 7-6 ғасырларға жатады.
Шілікті ескерткіштерін бірінші зерттеген семейлік гидротехник Г.Н. Бокий еді. 1909-1910 жылдары ол Шілікті даласының шығыс шегінде орналасқан Шаған оба қорымдарын қазып зерттеді. 1949,1959, 1961 және 1962 жылдары Шілікті қорымдарында профессор С.С. Черников қазба жүргізді. Ол барлығы 13 обаны қазып зерттеді. 2003 жылдан бастап бұл өңірді профессор Ә.Т.Төлеубаев зерттеп жатыр.
Қорымдар тобындағы соңғы қызықты жаңалықтар берген оба Бәйгетөбе деп аталады. Ол Жалшы ауылының оңтүстік жағында орналасқан. Оның биіктігі 7,9 м, диаметрі оңтүстіктен солтүстікке қарай 99м, шығыстан батысқа қарай 97,4м.
2. Ыбырай Алтынсариннің ағартушылық көзқарасының қалыптасуы Ыбырай Алтынсарин (шын аты-Ибраһим, 1841-1889жж.)-қазақтың аса көрнекті ағартушы-- педагогы, жазушы, этнограф, фольклоршы. Туып өскен жері Қостанай облысының Қостанай ауданы, Аққарағай ауылы. Осы өңірде Тобыл өзенінің жағасынан топырақ бұйырған.
1850 ж. Орынбор шекара комиссиясының қазақ балалары үшін ашқан мектебіне оқуға түседі. Мектепті бітірген соң, Орынбор шекара комиссиясында әскери старшина болып қызмет атқаратын үлкен әкесі Балғожа Жаңбыршыұлының хатшысы болады (1857—1859). Орынбор облыстық басқармасында тілмаштық қызмет атқарады.
1860ж. Орынбор бекінісінде (Торғай) қазақ балалары үшін мектеп ашу тапсырылады, әрі сол мектепке орыс тілінің мұғалімі болып белгіленеді.
Ыбырайдың бүкіл өмірін арнаған ағартушылық--педагогтық қызметі осылай басталады. Тікелей өзінің араласуымен халықтан жинаған қаржыға мектеп үйін және интернат салып, 1864 жылы 8 қаңтарда мектептің жаңа ғимаратын салтанатты түрде ашады.
Ұстаздық—ағартушылық қызметке қоса Ыбырайға басқа да жұмыстарды атқару жүктеледі. Орынбор генерал—губернаторының тікелей тапсыруы бойынша Торғайда төрт уездік судья болып (1868—1874), Торғай уездік бастығының аға жәрдемшісі (1876—1879) қызметін атқарады.
Ыбырай орыс-қазақ мектептері үшін арнаулы оқу құралдарын шығару қажет деп санады. Оқыту әдістерін жаңа бағытта құрды, оқуға деген баланың ыгтасы мен қызығушылығын арттыруды көздеді, оқуды ана тілінде жүргізді.
Ыбырай оқу ағарту жұмыстарына өз заманының ең озық әдістемелерін қолдана отырып, білімнің балаларға ана тілінде берілуіне айрықша мән береді. “Қазақ хрестоматиясы” атты оқулық, “қазақтарға орыс тілін үйретудің бастауыш құралы” атты дидактикалық оқу құралын жазды. Бұл кітаптарындағы оқушыны Отан сүйгіштікке, еңбекке, кісілікке– тәрбиелейтін ғибратты шығармалары ешқашан да өзінің мән-мағынасын жоймақ емес.
Ыбырай есімі берілген аудан, ауылдар, оқу орындары, көшелер, жер атаулары Қазақстанның түкпір түкпірінде кездеседі.
3. Ж. Тіленшіұлы бастаған ұлт-азаттық күрестің болған аудандарын картаға белгілеңіз, маңызын түсіндіріңіз.
Жоламан батыр атақты Бөгенбай батырдың немересі болатын. Оның 10 ұлы, 2 бауыры бар еді. Олар батырдың сенімді тірегіне айналды. Ашу – ызыға булыққан табындар мен тамаларға жауынгер адай руының қазақтары келіп қосылды. Жоламан батыр қол астына 3 мыңға жуық көтерілісшілерді топтастырды. Жаңадан құрылған Жаңаелек шекара шебіне күшті шабуылдар жасала бастады. Көтерілісшілер казактардың станицаларына шабуыл жасады, олпрдың үйлері мен шөбін өртеді, адамдарын тұтқынға алып, малдарын айдап әкетті. Сондай – ақ, патша үкіметінің әкімшілігіне бүйректері бұратын қазақ ауылдарына да шабуылдарын жасап отырды.
Жаңаелек аймағынан ығыстырылып шығарылған табын руы өздерінің наразылығын ашық білдірді. Олар 1 ші Орынбор генерал – губернаторына байырғы мал жайылымдарын қайтарып беру жөнінде хатын жолдайды. Бірақ, ол өтініштердің орындалуына үзілді – кесілді тыйым салумен болды. Мұның өзі төзімі таусылған жергілікті қазақтарды ашықтан – ашық қарулы көтеріліске шығуға итермеледі. 1822 жылы табын руының батыры әрі биі Жоламан Тіленшіұлы Ресейге қарсы соғыс жариялап, Елек өзені бойындағы жерлерді қайтарып алу жөніндегі күреске басшылық етті.