1989 жылы Қазақстанда болған толқулар мен ереуілдердің талаптарын анықтаңыз.
Е. Көтібарұлы бастаған азаттық күрестің болған аудандарын карта бойынша белгілеңіз және маңызын түсіндіріңіз.
Жауабы: Тасмола мәдениеті(орналасқан жері, ерекшеліктері)–Орталық және Солтүстік Қазақстан өлкелерінде ерте темір дәуірінде өркендеген. 1930 жылы белгілі болғанымен, негізгі зерттеу жұмыстары Орт. Қазақстанда 1946 жылдан кейін басталды.
Төрт негізгі кезеңнен тұратын зерттеулердің алғашқы сатысы 1946-1959 жылдарды қамтиды. Осы кезде Орталық Қазақстан археологиялық экспедициясының ұйымдастырушысы әрі жетекшісі Ә. Марғұлан мен оның шәкірті М. Қадырбаев Қарағанды облысының Ұлытау, Шет, Ақтоғай өлкелеріндегі Тоғызбайкөл, Қарабие, Қарасай, Қанаттас, Толағай, Елшібек, Киіксу сияқты зираттарға қазба жұмыстарын жүргізіп, ескерткіштердің жалпы сипаты, жерлеу ғұрпының ерекшеліктері мен заттық мәдениетке байланысты нақты деректердің алғашқы тобын жинады. Осы өңірлерде басқа жерде кездеспейтін “мұртты обалар” сияқты айрықша ескерткіш түрлері бар екенін байқаған ғалымдар Сарыарқада бұған дейін беймәлім жаңа мәдениет белгілері табылуы мүмкін екенін пайымдады.
1958-68ж. жүргізілген екінші кезеңде Қарқаралы, Балқаш, Шідерті өлкелерінде көптеген жаңа зираттар зерттеліп, көлемді деректер алынды, аса маңызды қорытындылар жасалынды.
1957 жылдан бастап Орт. Қазақстан экспедиция құрамында ерте темір дәуірін зерттеушілердің жеке тобын басқарған Қадырбаевтың 1959-63 ж. Павлодар облысы Екібастұз ауданындағы Шідерті өзені бойындағы Тасмола -1, -2, -3, -5, -6, Қарамұрын -1, -2, Нұрмамбет -1, -2, -4 зираттарында жүргізілген қазбалары шешуші нәтижелер берді. Жинақталған материалды қорытындылай келе Қадырбаев 1966 жылы Сарыарқада сақ заманында гүлденген жаңа археологиялық мәдениетті жариялап, оны Шідерті бойындағы аса құнды деректер берген Тасмола алқабының атымен байланыстыра, Тасмола мәдениеті деп атады.
1970-1999 ж. 3-кезеңнің жұмыстары атқарылды. Осы жылдары Тасмола мәдениетінің таралу ауқымы анағұрлым кеңейтілді, жаңа өлкелердің жәдігерлері ғылыми айналымға түсті.
1994 жылы М. Хабдулина Солт. Қазақстандағы, яғни Көкшетау қыраты, Есіл өзені бойындағы обаларды зерттеу нәтижелерін қорытындылап, Ұлыбай - Тасмола мәдениетін ашты және оның үлкен Тасмола мәдениетінің солтүстік өлкелеріндегі жалғасы екенін атап көрсетті. Тасмола мәдениетін сипаттауда тек жерлеу ескерткіштері, яғни обалар басты орында болып келді. Тасмола мәдениеті бірін-бірі алмастыратын үш хронологиялық сатылардан тұрады: 1 саты (б.з.б 7-6ғ.), 2 саты (б.з.б. 5-4ғ.)және ерекше топтың жәдігерлерін біріктіретін 3 саты (б.з.б. 3-1ғ.). Алдыңғы екі сатының мәдени ерекшеліктері бір біріне өте жақын болғандықтан, бұларды бір тасмола кезеңіне біріктіреді. Соңғы сатынығ, яғни Қорғантас кезеңінің ескерткіштері мәдениеттәі аяқталар уақытымен сәйкес келетіндіктен, мұнда сақ дәуірімен қатар, ғұн сармат дәуіріне тән біршама жаңа элементтер байқалады.
2. 1989 жылы Қазақстанда болған толқулар мен ереуілдердің талаптарын анықтаңыз Жаңаөзен оқиғасы- 1989 жылы маусым айында Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласында болған жергілікті халықтың бас көтеруі. Бұл әлеуметтік кикілжіңнің шығуына басқа республикалардан келіп жұмыс істейтіндердің жергілікті халықтың дәстүрлерімен, мүддесімен санаспай, дөрекілік көрсетуі себеп болды.
Дүмпу жергілікті тұрғындар мен Кавказдан қоныс аударғандар арасындағы кикілжіңнен басталып, арты қақтығысқа ұласты. Қақтығыс құқық қорғау органдарының араласуымен басылды. Сырттан келгендердің көпшілігі қаладан кетуге мәжбүр болды. Бұл оқиғаның астарында жылдар бойы қордаланып, дұрыс шешімін таппаған тұрғын үй, мектепке дейінгі балалар мекемелеріндегі кезек жастар арасындағы жұмыссыздық сияқты әлеуметтік мәселелер, сондай-ақ, мұнай мен газ өндірісін Мәскеудегі орталықтан басқаратын одақтық министрліктердің, әміршіл-әкімшіл жүйенің жергілікті тұрғындар арасынан кадрлар даярламай, жұмыс күштерін республикадан тыс жерлерден әкеліп, жергілікті халықтың мүддесін ескермей жүргізген сыңаржақ саясаты жатты.
Қарағанды кеншілерінің ереуілі-(1989, 20-22 шілде), Кузбасс пен Донбасс кеншілерінің ереуілін қолдай отырып, “Тентек” , “Долинка”, КСРО-ның 50 жылдығы, “Абай” шахталарының жұмысшылары 20 шілдеде жұмысты тоқтатып, еңбекті ұйымдастыру мен ақы төлеуді жегілдіру, тұрмыс пен демалыс жағдайын жақсарту жөнінде бірқатар талап қойды. Ертеңіне ереуіл Қарағанды көмір бассейнінің барлық шахталарына тарады. Қарағанды, Абай, Саран және Шахтинск қалаларының көшелерінде көп адам қатысқан митингілер болып өтті. Ереуілдің негізгі себептері КСРО Көмір өнеркәсібі министрлігі, “Қарағандыкөмір” өндірістік бірлестігі тарапынан қалалар мен жұмысшы поселкелері еңбекшілерінің әлеуметтік мұқтаждарын елемеуі, Қарағанды бассейнін дамыту жөніндегі партия мен үкімет шешімдерінің үнемі орындалмауы, шаруашыық реформасыныі баяу жүзеге асырылуы болып табылады. Ереуіл кезінде қалалық, облыстық ереуіл комитеттері құрылып, олар кеншілердің негізгі талаптарын ұсынды. Оларды талқылауға Қазақстан КП ОК-нің 1- хатшысы Н.Ә.Назарбаев, КСРО Мин.Кеңесі төрағасының орынбасары, В.Х.Догужиев, одақтық министрліктің өкілдері, республиканыі, облысиың басшылары қатысты. Ереуілшілер сенім көрсеткендіктен, “Қарағандыкөмір” өндірістік бірлестігінің бас директоры Н.А Дрижд қызметінен босатылып, баламалы бес кандидатурадан КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты А.Г. Саламатин бас директор болып сайланды. Облыстық жұмысшы комитетінің құрамында белсенді қызмет атқарып, кеншілер талаптарының барынша орындалуына күш салған М.М. Нұртазин Қазақ КСР халыө депутаты болып сайланып, алғашқы сессияда Экология және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану мәселелері жөніндегі комитет төрағасы, ал П.П. Шлегель және М. М. Рамазанов көмір өнеркәсібі қызметкерлері кәсіподағы аймақтық комитетінің тиісінше төрағасы және хатшысы болып сайланды.
3.Е. Көтібарұлы бастаған азаттық күрестің болған аудандарын карта бойынша белгілеңіз және маңызын түсіндіріңіз. Есет батыр Көтібарұлы (1803-1889)[3] - халықтың әйгілі батырларының бірі.[4] Ресей империясының отаршылдық саясатына қарсы ұлт-азаттық қозғалыстың басшысы, Кіші жүздің Қабақ руының басқарушысы болған.[3] Ақтөбе облысының Шалқар ауданындағы Шалқар көлінен жеті-он шақырым жердегі Ақши бойында дүниеге келген.
1838 жылы Жоламанбатырмен тізе қосып, көтеріліске шығып, Елек қорғанына шабуыл жасады.
1847-1878 жылдары Жанқожа батырмен бірге Қоқан, Хиуахандықтарына қарсы шықты.
1847-1858 жылдары Арал теңізінің батыс жағалауын, Үлкен және КішіБорсық құмдары мен Мүғалжар тауларын, Жем,Сағыз, Ырғыз, Елек, Ойыл, Қиыл өзендерінің бойын жайлаған қазақтардың Ресейимпериясының отаршылдық саясатына қарсы көтерілісіне басшылық жасады.
ХІХ ғ. 50-жылдары орыс отаршылдығына қарсы Есет Көтібарұлы белсенді күрес жүргізді. Ол Арал теңізіне қарай жылжыған ресейлік әскерге күшті қарсылық көрсетті. Есет Көтібаров (1803—1889 жж.) Көтібар батырдың ұрпағы болатын. Ол тек қана өз руы үлкен шектінің арасында емес, сондай-ақ көрші қазақ рулары адай, табын, шөмекей, төртқара, кішкене шекті рулар арасында да үлкен беделге ие болды. 1838 ж. Есет Көтібар Жоламан батырмен бірге орыстардың Елек қамалына шабуыл жасап, ал 1847—1848 жж. Жанқожа Нұрмұхамедұлы мен бірлесіп Сырдарияның төменгі бөлігіндегі Хиуалық және Қоқандық жаулап алушыларға қарсы күрес жүргізді.