2.«Кіші Қазан» саясаты және оның қазақстанға кері әсері. Қазақстандағы тоталитарлық жүйенің күшеюі Ф.Голощекин есімімен байланысты болды. Паиша отбасы мүшелерін атуды ұйымдастырушылардың бірі Голощекин Қызылордаға келісімен, ауылда кеңес үкіметінің әлі орнамағанын, онда байлардың әмірі жүріп тұрғанын айтты «Ауылда Кіші Қазан төңкерісін жасау қажет. Байға қарсы тап күресінде кедейлерге көмек беру керек. Егер бұл азаматтық соғыс болса, біз оған барамыз.» деп Сталинге хат жазды. Ауылдың дәстүрлі әлеуметтік құрылымын жою негізгі міндет ретінде айқындалды. Қазақстандағы оппозицияны іс жүзінде ығыстырған Голощекин «Кіші Қазан» саясатын өмірге енгізе бастады. 1926-27жж. Жыртылатын жерлер мен жайылымдар қайта бөлінді. Шабындық және жыртылатын жерлер ауқатты шаруашылықтардан тартып алынып, кедейлер және орта шаруаларға берілді. Алайда бұл шара ойдағыдай нәтиже бермеді. Ұжымдық шаруашылық жүйесі шаруаларды өндіріс құралдарынан және өнімнен түскен табыстан ығыстырылды. 20-жылдардағы Қазақстан шаруалары тікелей экспортициялау, соңынан жаппай саяси қуғын-сүргін формасына ұласқан «төтенше» науқандардың трагедиялық қатерлі сәттерін өз бастарынан өткізді.
1928-29жж. Қазақстанда күштеп әрі заңсыз негізде өткізілген ұжымдастыру-іс жүзінде орасан көп адам құрбандығымен қатар жүргізілген қазақ халқына геноцид еді. Сол жылдары 40,5млн малдан 4,5 млн ғана мал қалады. Аман қалған 1,5млн-дай қазақтар Ресейге, Өзбекстан, Түркменстан, Қарақалпақстан, Моңғолия, Қытай, Иран, Ауғанстанға қоныс аударды. Қазақстандағы ұжымдастырудың негізгі зардаптары: -Аштықтан 2млн 100мың қазақ қырылды.
-Ауыл шаруашылығының құлдырауы. Жеке шаруаны жою.
-Шаруалар көтерілісі. Халықтың жаппай қоныс аударуы.
1920–1932 жылдардағы алапат қырғынды, 1937–1938 жылдардағы саяси қуғын- сүргінді ұйымдастырушы- сол кездегі большевиктік партиясы. Бұл партия қазақ халқынан ашық түрде кешірім сұрауы керек. Өйткені, аштан өлген, жазықсыз зардап шеккен «сталиндік репрецияға» ұшырағандар саны 2 миллион адамнан асты. Мамандар қазақ халқының дамуын 110 жылға кейін шегерді деп айтып жатыр. Мәселен, бұл бағытта демограф- ғалым Мақаш Тәтімовтің тарихи деректерді тауып жариялаудағы еңбегі зор. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы: «… егер ашаршылық болмағанда біз қазір 45- 50 миллион халық болып отырар едік» деген. Егер біз қазір 45- 50 миллион халықты құрап отырсақ, даламыз шын мәнінде осыған лайық болатын еді.1930–32 жылдардағы ашаршылықтан, 1937–38 жылдардағы қудалаудан халықтың рухы сынды. Әрине бұл дүрбелеңнен басқа халықтар да өтті. Бірақ, ашаршылық қазақ үшін ұлттық қасірет болды. Оның салдарынан әлі күнге құтыла алмай келеміз. Жоғарыдағы айтылған дозақтардан аман қалған халық, оның ұрпақтары осындай ұлттық қасіретті, қаралы тарихымызды ешқашан ұмытпауға тиіспіз.
Екі ұғым бар: халық және тобыр. Тобыр – бұл кескінсіз бұқара, туысқандықты білмейтін мәңгүрт – адамдар, «нан мен ойын-сауық» қана толғандыратын бәріне бірдей енжар, парықсыз қарайтын тұтынушылар. Халық – бұл өз Отанын сүйетін, өз тарихын есте сақтайтын және өз батырларын құрметтейтін, өз өмірін елдің өмірімен байланыстыратын, ол үшін жаны ашитын, бүгінгі күннің тарихын жасау үшін және бұдан да артық болашақ үшін қуанышты да қайғыныда да бірге көретін, тамырлары осы жермен байланысты адамдарды біріктіретін үлкен отбасы.