Ііі-семестр 1- тақырып. Геометриялық нивелирлеу әдісімен топографиялық түсіріс. Беттерді нивелирлеу әдісі (1 сағат)


-тақырып. Іздеулер және құрылыс кезіндегі геодезиялық жұмыстар. Инженерлік ғимараттардың құрылыстары және іздеуі кезіндегі геодезиялық жұмыстардың мақсаты. (2 сағат)



бет5/14
Дата27.09.2022
өлшемі1,18 Mb.
#150988
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Байланысты:
ЛЕКЦИИ ПО ИНЖЕНЕРНОЙ ГЕОДЕЗИИ

4-тақырып. Іздеулер және құрылыс кезіндегі геодезиялық жұмыстар. Инженерлік ғимараттардың құрылыстары және іздеуі кезіндегі геодезиялық жұмыстардың мақсаты. (2 сағат)

Дәрістер жоспары


1.Жалпы мәліметтер. Инженерлі-геодезиялық іздеулердің мақсаттары мен түрлері
2.Масштабтар және іздеулер кезінде орындалатын топографиялық түсірістердің түрлері
3.Созылмалы ғимараттар іздеулері кезіндегі геодезиялық жұмыстар.
4.Горизонталь алаңдар іздеулері кезіндегі геодезиялық жұмыстар
Құрылыс үшін орындалатын инженерлік іздеулер деп аймақтың табиғат жағдайларын жиынтықты зерттеуді атайды.
Инженерлік іздеулерді негізгі түрлеріне жатады: инженерлі-геологиялық, инженерлі-гидрометеорологиялық, инженерлі-геодезиялық. Инженерлі-геодезиялық іздеулердің объектісі болып құрылыс бөлігінің жер бедері мен ситуациясы саналады.
Инженерлі-геологиялық іздеулерді орындау кезінде зерттеуге ғимараттар мен үйлердің негіздері, жер асты сулуры, физико-геологиялық процестер және олардың көрістері жатады. Инженерлі-гидрометеорологиялық іздеулерді жүргізу кезінде ауа райы мен жер бетіндегі сулар зерттеледі. Инженерлі-геодезиялық іздеулер құрамына тірек геодезиялық тораптарды құру, топографиялық түсірістерді жүргізу, созылмалы құрылыстар үшін трассаларды зерттеу кіреді. Инженерлі-геодезиялық іздеулер құрылысты геодезиялық қызметтеудің бірінші кезеңі болады. Горизонталь алаңдарды жобалау вертикаль тегістеудің жеке түрі болып келеді. Бұндай алаңдар спорт ғимараттарын, автокөлік тұрақтар құрылыстыры кезінде жобаланады. Көлбеу алаңдарын жобалау кезінде арнайы іздеулер жүргізіледі.
Ұсынылатын әдибиеттер
1. [2]
2. [10]
3. [6]
СӨЖ арналған бақылау тапсырмалары (4 тақырып) [ 2, 6,10]
1. Горизонталь қисықтың деталды бөлуін орындау
2. Вертикаль қисықтың деталды бөлуін орындау
3. Топырақ алу картограммасы есептеулері қандай тәртіп бойынша орындалады
4. Құрылыстың жобалы сызығын салу


5-тақырып. Геодезиялық және құрылыс жұмыстарының реті мен мәні. Бөлу жұмыстары кезіндегі негізгі қателіктер көзі. (2 сағат)

Дәрістің жоспары:


1.Геодезиялық жұмыстар өндіріс жобасы туралы жалпы мәліметтер
2.Геодезиялық бөлу жұмыстарының түрлері
3.Бөлу жұмыстарының дәлдігі

Басты планды жобалаумен бір уақытта геодезиялық жұмыстар өндіріс жобасы (ГЖӨЖ) өңделеді. Жобада құрылыс алаңындағы геодезиялық жұмыстарды ұйымдастырудың жалпы принциптері қарастырылады: технологиялық схема, жұмыстардың күнделікті жоспары, аспатар мен жабдықтарды қолдану графиктері, есеп сметалары мен техникалы-экономикалық негіздер. Жобаға негізгі геодезиялық жұмыстарды орындау туралы мәліметтер кіреді: ғимаратты бөлу бөлу үшін тірек пландық және биіктік тораптарды құру, пунктерді бекіту, өлшемдердің керекті дәлдігі, өлшеу әдістерін таңдау, өолшемдер нәтижелерін теңестіру.


Мазмұны және әдістері бойынша бөлу жұмыстары түсіру жұмыстарға қарама-қарсы болып келеді. Түсірістер кезінде ара қашықтықтар мен бұрыштар өлшенеді, ал бөлу жұмыстары кезінде оларды жергілікті жерде құрады, содықтан бөлу жұмыстары күрделі. Бөлу кезінде екі кезең болады: а) жергілікті жерде ғимараттың жалпы орналысуын анықтау үшін оның басты остерін болмысқа шығару; б) ғимаратты құру үшін деталды бөлу. Деталды бөлу жоғары дәлдікпен орындалу керек. Геодезиялық дайындық ғимараттың барлық бөлшектерін қатал байланыстыруды қамтамасыз ету керек. Сондықтан деталды бөлудің дәлдігін есептеу ең маңызды мақсат болып саналады. Точность детальной разбивки зависит от ряда факторов, главнейшие из которых следующие: точность технологического расчета; точность строительно- монтажных работ и точность геодезических разбивок.
Деталды бөлудің орта квадраттық қателігі келесі формула бойынша анықталады
, мұндағы mг- геодезиялық бөлу жұмыстарының қателігі;
mт - технологиялық есептердің қателігі;
mс.р. – құрылыс жұмыстарының қателігі.
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. [2]
2. [3]
3. [14]

СӨЖ арналған бақылау тапсырмалары (5-тақырып) [2, 3,14]


1. Бөлу жұмыстар элементтерін есептеу үшін кері геодезиялық есепті шешу
2.Жобаны болмысқа шығару үшін жұмыс сызбасын құру
3. Деталды бөлудің орта квадраттық қателігін есептеу




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет