Ііі-семестр 1- тақырып. Геометриялық нивелирлеу әдісімен топографиялық түсіріс. Беттерді нивелирлеу әдісі (1 сағат)


- тақырып. Монолитті темірбетоннан ғимараттарды салу кезіндегі геодезиялық жұмыстар. (1 сағат)



бет13/14
Дата27.09.2022
өлшемі1,18 Mb.
#150988
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Байланысты:
ЛЕКЦИИ ПО ИНЖЕНЕРНОЙ ГЕОДЕЗИИ

17- тақырып. Монолитті темірбетоннан ғимараттарды салу кезіндегі геодезиялық жұмыстар. (1 сағат)

Дәрістер жоспары:



  1. Монолитті ғимараттарды тұрғызу.

  2. Ең жауапты жұмыстардың құрамы.

  3. Қалыптаманы көтерген кездегі жұмыстарды құрамы

Монолитті темірбетон ғимараттар мен имараттарды сырғитын қалыптамамен салады. Қалыптама қалқандардың орнын ауыстыру арқылы ғимараттың кез-келген жоспарлау вариантын келтіруге болады. Салынған жер үсті бөлігіне және домкраттық шыбықтарға тірелетін домкрат қондырғылар көтеріліп барлық қалыптаманың құрылымын жоғары тартады. Қалыптаманы көтерген кезде қалқандандардың арасына арматураны, салынатын бөлшектерді, бетон қоспасын, жылуұстағыш қабатын салады.


Монолитті ғимараттарды тұрғызған кезде негізгі геодезиялық қамтамасыздандырудың тапсырыстарына ғимараттың дәл жобаға сәйкес келтіру жұмыстары мен құрылыс барысында геодезиялық бақылауды қамтиды.
Ең жауапты жұмыстардың құрамына металл бағыттауыштардың осьтерін бөлу және оларды жобалық қалпына келтіру кереді. Бағыттауыштарды орнату кезінде олардың горизонталдығын, тіктігін, ара қашықтығын тексереді.
Қалыптаманы орнатқаннан кейін П-тәрізді элементтердің қосылуын, бүйірлік қалқандардың вертикалдығын және осьтерге сәйкестігін бүйірлік нивелирлеу әдіспен қадағалайды. Қалыптаманың жоғарғы қалқандардың горизонталдығын геометриялық нивелирлеу әдіспен немесе осьтік рискалардың арасындағы жобалық ұзындықтарын тексереді.
Ұсынылатын әдебиеттер
1. [1]
2. [3]
3. [5]
4. [11]
СӨЖ арналған бақылау тапсырмалары (17-тақырып) [1, 3, 5, 11]

  1. Қалыптаманың тігінен жылжытуды бақылау

  2. Еңістікті жобалу әдісі.

18- тақырып. Нөлдік цикл жұмыстарының және бөлу жұмыстарын орындау түсірістерінің түрі, мәні, әдістері және дәлдігі. (2 сағат)

Дәрістер жоспары:


1.Геодезиялық жұмыстар өндіріс жобасы туралы жалпы мәліметтер
2.Геодезиялық бөлу жұмыстарының түрлері
3.Бөлу жұмыстарының дәлдігі

Басты планды жобалаумен бір уақытта геодезиялық жұмыстар өндіріс жобасы (ГЖӨЖ) өңделеді. Жобада құрылыс алаңындағы геодезиялық жұмыстарды ұйымдастырудың жалпы принциптері қарастырылады: технологиялық схема, жұмыстардың күнделікті жоспары, аспатар мен жабдықтарды қолдану графиктері, есеп сметалары мен техникалы-экономикалық негіздер. Жобаға негізгі геодезиялық жұмыстарды орындау туралы мәліметтер кіреді: ғимаратты бөлу бөлу үшін тірек пландық және биіктік тораптарды құру, пунктерді бекіту, өлшемдердің керекті дәлдігі, өлшеу әдістерін таңдау, өолшемдер нәтижелерін теңестіру.


Мазмұны және әдістері бойынша бөлу жұмыстары түсіру жұмыстарға қарама-қарсы болып келеді. Түсірістер кезінде ара қашықтықтар мен бұрыштар өлшенеді, ал бөлу жұмыстары кезінде оларды жергілікті жерде құрады, содықтан бөлу жұмыстары күрделі. Бөлу кезінде екі кезең болады: а) жергілікті жерде ғимараттың жалпы орналысуын анықтау үшін оның басты остерін болмысқа шығару; б) ғимаратты құру үшін деталды бөлу. Деталды бөлу жоғары дәлдікпен орындалу керек. Геодезиялық дайындық ғимараттың барлық бөлшектерін қатал байланыстыруды қамтамасыз ету керек. Сондықтан деталды бөлудің дәлдігін есептеу ең маңызды мақсат болып саналады. Точность детальной разбивки зависит от ряда факторов, главнейшие из которых следующие: точность технологического расчета; точность строительно- монтажных работ и точность геодезических разбивок.
Деталды бөлудің орта квадраттық қателігі келесі формула бойынша анықталады
, мұндағы mг- геодезиялық бөлу жұмыстарының қателігі;
mт - технологиялық есептердің қателігі;
mс.р. – құрылыс жұмыстарының қателігі.

Ұсынылатын әдебиеттер


1. [1]
2. [3]
3. [5]
4. [11]
СӨЖ арналған бақылау тапсырмалары (18-тақырып) [1, 3, 5, 11]
1. Бөлу жұмыстар элементтерін есептеу үшін кері геодезиялық есепті шешу
2.Жобаны болмысқа шығару үшін жұмыс сызбасын құру
3. Деталды бөлудің орта квадраттық қателігін есептеу




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет