Қиын жё Һ хжтһ Дайындаған: Асанова М. Е



бет3/7
Дата24.10.2023
өлшемі34,84 Kb.
#188121
1   2   3   4   5   6   7
3.2. “Карусельтренингі
Мақсаты: Түрлі ситуациялық жағдайларда өзін-өзі дұрыс ұстауға тәрбиелеу.
Топ мүшелері “Карусель” принципі бойынша, яғни бір-біріне қарап тұрады және екі шеңбер құрады: ішкі шеңбер қозғалыссыз, ал сыртқы шеңбер қозғалмалы болады.
Ситуация мысалдары:

  • Автобус ішінде сізге қарама-қайшы адам аяғыңызды басып қалды. Сіздің аяқ киіміңіз су жаңа еді.Сіздің әрекетіңіз......

  • Сізге қарсы тұрған мұғаліміңіз. Мұғалім сыныпта сіздің ғана сөйлеп отырғаныңызды байқайтын сияқты, тек сізге ғана дауыс көтереді. Ал сіз кешегі қызықты жайтты әңгімеңізді досыңыз сізден сұрап жатыр, сіздің әрекетіңіз.......

  • Сынып жетекшіңіз сіздің тәртібіңіздің нашарлануына байланысты міндетті түрде ата-анаңызды мектепке келуін ескертіп айтты. Ал сіз тек кеше ғана ата-анаңыздан үлкен сөгіс естідіңіз. Одан кейінгі сіздің әрекетіңіз........(Алдыңызда ата-ана, немесе сынып жетекшіңіз тұр.)

  • Сіздің алдыңызда өзіңіз жақсы танитын, бірақ едәуір ұзақ уақыт бойы көрмеген адам тұр. Сіз бұл кездесуге қуаныштысыз.....

  • Сіздің қарсы алдыңызда кішкентай бала тұр. Ол әлденеден шошынған. Оған жақындап барыңыз және оны жұбатыңыз.

  • Сіздің алдыңызда таныс емес адам тұр. Онымен танысыңыз......

Байланыс орнатуға 3-4 минут уақыт беріледі. Содан соң жүргізуші белгі бередіжәне тренингке қатысушылар келесі қатысушыға жылжиды.
3. 3.“Пікір-талас” ойыны
Мақсаты: Төзімділікке, дұрыс қарым-қатынас орнатуға үйрету.
Топ “үштікке”, яғни, үш-үштен бөлінеді. Әрбір үштікке міндеттері бөлініп беріледі. Қатысушылардың
Біріншісі “керең және мылқау” рөлін ойнайды: ол ештеңе естімейді, сөйлей алмайды, бірақ оның құзырында көру, ым-ишара, пантомимика бар;
Екінші қатысушы “керең және сал” адамның рөлін ойнайды: ол сөйлей және көре алады;
Үшіншісі: “соқыр және мылқау” Ол тек естуге және көрсетуге қабілетті.
Барлық үштікке ұсынылатын тапсырма: кездесу орны, уақыты және мақсаты жайында келісу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет