Қиын жё Һ хжтһ Дайындаған: Асанова М. Е


“Аяқталмаған сөйлем” әдістемесі



бет4/7
Дата24.10.2023
өлшемі34,84 Kb.
#188121
1   2   3   4   5   6   7
3.4. “Аяқталмаған сөйлем” әдістемесі
Мақсаты: Оқушыларға мейірімділік пен қатыгездікті айыра білуге, адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеу.
Жетекші топ мүшелеріне арнап сұрақ даярлайды. Топқа аяқталмаған әдістемесі бойынша сөйлемді аяқтау тапсырылады. Топтың әрбір мүшесі ортадағы жәшіктен қағазды кезектесіп алады, онда жазылған ойды аяқтауы керек.
“Жақсы қасиет” деп ...........................................?
“Жаман қасиет” деп ...........................................?
Адамдардың бойындағы қасиеттер..................?
Ақылсыз болу деп ............................................. ?
Ақылды болу үшін не істеу керек.......................?
4. 1. “Адамгершілік жүрегі” әдістемесі
Мақсаты: Адамгершілікке тәрбиелеу.
Әр топ мүшелері өздері жүрекке “Ақылды болуымыз үшін қандай қасиеттер бізде болуы қажет?” деген сұраққа жауап жазып жүрегіне іледі.
Күн шуағына жылу беретіндей бір-біріне шын жүректен жазғандарын оқып, қорытындыланады.
4.2. “Кім екенін тап” ойыны
Мақсаты: Өзінің қасиеттерін ұжымда қалай қабылдайтынын сезіп өзін-өзі тәрбиелеуге үйрету.
Әрбір адамның өзінің аты-жөнін көрсетпей, өз-өзіне психологиялық мінездеме жазады. Өзінің ұнамды-ұнамсыз қасиеттерін жазуы керек. Бұл мінездеме жазылған беттерді жетекші жинап, араластырады да, арасынан біреуін алып, дауыстап оқиды. Топ мүшелері мінездеменің иесін табуы керек.
4.3. “Ауызша воллейбол” ойыны
Мақсаты: Адамгершілікке тәрбиелеу.
Балалар шеңбер бойымен тұрады. Допты бір-біріне берген кезде балалар адамгершілік қасиеттер туралы айтулары керек. Мысалы: шыншылдық, мейірімділік, адамгершілік, әділдік, кішіпейілділік, батылдық, ұстамдылық, жанашырлық.

  1. Мен саған сенемін” әдістемесі

Мақсаты: Сенімділік қасиетін күшейту.
Қатысушылар жұп құрып, бір-бірінің көздеріне қарап отырады. Алғашында ыңғайсыз сезінеді, содан кейін өз ойларын кезектесіп, мынадай сөзден бастап айтады. Мысалы: “Мен саған сенемін....” өйткені, сен жақсы адамсың. Осы кезде әуен ойнап тұруы қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет