Қ атені тұтып қалу (on error). Егер пайдаланушы программа жасап жатқан кезде программаның орындалу барысында бір қате болатынын (мысалы нольге бөлу сияқты) білсе ол алдын ала қам жасай алады, мысалы on error операторын қолданып ол қатемен бір әрекет жасайды. Бұл операторды программаға енгізу үшін Programming (Программирование) панеліндегі аттас пернені басу керек. Сонда екі жағында орынкөрсеткіштері бар on error операторы енгізіледі (6.10 сурет). Оң орынкөрсеткішіне программаның осы жерінде орындалуы керек өрнек енгізіледі. Ал сол жағындағы орынкөрсеткішіне оң жақтаңы өрнек орындалған кезде қате беретін болса орындалатын өрнек енгізіледі.
Мысал келтірелік (6.15 листинг). Программа n айнымалысына кері функцияны есептеуі керек болсын. Егер n=0 болса онда берілген мән z=0, сондықтан программаның соңғы жолында оң жақтағы i/z өрнегі есептеледі. f(-2) есептегенде осылай болады. Енді программаның соңында f(0) шамасын есептеуге тырысса, онда f(n) шамасын есептеуге арналған программа қате көрсетеді (нольге бөлу қатесі). Сондықтан оператордың оң жағындағы өрнектің орнына сол жақтағы өрнек орындалады, яғни f(n) функциясына "user error: cannot divide by zero" (пользовательская ошибка: деление на ноль невозможно) мәні беріледі. Қате тұту операторын Mathcad тың error(S) функциясымен бірге қолдануға болады (Mathcad қа тән формада S ескертуін береді). 6.15 листингтің осылай өзгертілген түрі 6.11 суретте көрсетілген.
Программалау мысалдары. Сандық (6.16 листингі), символдық (6.17 листингу) есептеулерге арналған екі программалық модульдің мысалдарын келтірелік. Тағы да қайталап ескерте кететін жайт программалық операторларды енгізген кезде тек қана Programming (Программирование) панеліндегі пернелерді пайдалану керек, пернетақтайдан енгізген операторларды Mathcad дұрыс қабылдамайды.
Достарыңызбен бөлісу: |