Оқулықпен жұмыс жүргізу.
Тапсырмалармен жұмыс жүргізу.
Дәптермен жұмыс.
Натюрморттың екі түрі бар. Әдемі, сәнді заттарды бейнелейтін натюрморттар. Мұнда заттар өз сапасын, ерекшелігін көрсетеді. Екіншісі заттарды қолданған адамдар жайында сыр шертетін натюрморттар.
Натюрморт жеке жанр болып бірден қалыптасқан жоқ, яғни суретшілер тек жансыз денелерден ғана тұратын картиналарды бірден жаза бастамаған. Жансыз заттардың неғұрлым шыншыл бейнелері Грекия мен Римде ерте замандарда пайда болды. Ежелгі римдік Помпей қаласына қазба жұмыстарын жүргізгенде адамдар тұтынған тұрмыстық заттардың алғашқы бейнелері табылған. Ғалымдар бұл қабырға өрнектерін біздің дәуіріміздің I ғасырына жатқызады. Суретшілер құдайлар мен ауқатты адамдардың думандарын храмдар мен сарайлардың қабырғаларына бейнелеген кезде тұрмыстық бұйымдарды да жаза бастаған. Бірақ олар әлі «натюрморт» деп аталмаған және мозаикалар мен фрескалардағы (қабырғаның кеппеген сылағына ойып орындалатын суреттер) бейнелердің негізгі бөлігіне айналмаған. Заттар адам тұрмысының ажырамас бөлігі ретінде суретшілердің назарынан тыс қалмасы белгілі еді.
Орта ғасырларда әр түрлі жансыз денелерді бейнелеу басқа жанрлар шығармаларында толықтырғыш бөлшек ретінде жиі көріне бастады. Мына суреттегі IX ғасырдың миниатюрасынан жансыз заттарды - кітап, қалам, сиясауытты көріп отырсың, бірақ олар натюрморт болып құралмаған. Кейінірек суретшілер бұл заттарды өз натюрморттарында жиі бейнелейтін болған.
Ұнаған тапсырманы таңдап, оны орында.
1. Кітаптар, энциклопедиялар мен көркем фильмдер бойынша белгілі бір тарихи кезеңмен таныс. Сол тарихи кезеңді бейнелейтін натюрмортты есіңе түсір.
2. Натюрморт арқылы болашаққа өзің туралы не айткың келетінін ойлан. Онда өз болмысыңды, мінез-құлқыңды білдіретін қандай заттарды бейнелер едің? Енді сол натюрмортты салуға кіріс.
3. Үйіңде өз жанұяңның тарихына байланысты бірнеше заттарды тауып алып, олар жайында ата-анаңнан, әжеңнен сұрап біл. Сол заттардан натюрморт құрастыр.
4. Белгілі бір мамандық иелері қолданған заттар бейнеленген натюрморттар жиі кездеседі. Мысалы, натюрмортта музыкалық аспаптар бейнеленсе, олардың иесі музыкант екен деп болжауға болады. Сен де белгілі бір адамның мамандығын немесе кәсібін білдіретін натюрморт орында.
Достарыңызбен бөлісу: |