146
Пайғамбарлар өлім періштесін көрген кісінің қорыққанын емес, өлім қиыншылығын
ғана суреттеген. Егер пенде өлім періштесін түсінде көрсе, өлер-өлгенше тамаққа
тәбеті жоғалады. Демек, өлім қорқынышын көру қандай екенін өзің елестет. Аллаға
құлшылық жасап жүргендер өлім періштесін ең жақсы келбетінде көреді.
Икрима ибн Аббастан (р.анһума) риуаят етілгені бойынша, Ибраһимнің (а.с.) үйінде
ғибадат жасауға арналған арнайы бөлмесі бар еді. Сыртқа шығарда бұл бөлмені
құлыптап қойды. Бір күні ішке кіріп, бөлмеден жат біреуді көреді. Одан: «Сені үйіме кім
кіргізді?» – деп сұрағанда, жат кісі: «Иесі кіргізді», – дейді. Ибраһим (а.с.): «Иесі
менмін», – десе, жат кісі: «Сенен және менен де бұрын үйге ие болған біреу мені ішке
кіргізді», – деп жауап береді.
Ибраһим (а.с.): «Маған мүминдердің рухын алардағы бейнеңде көрінші», – деп
сұранады. Өлім періштесі: «Мақұл, ары қарап тұр», – дейді. Ибраһим (а.с.) ары қарап
тұрып, қайта бұрылғанда бір жас жігітті көреді. Ибраһим (а.с.) оның көрінісін
«Сымбатты, жарасымды киінген және жағымды әтір себінген» деп суреттеген. Бұл
көрініске куә болған Ибраһим (а.с.): «Мүмин пенде өлім сәтінде сенің сол жүзіңді көрсе-
ақ сый ретінде оған жетпек», – дейді.
Өлім сәтінде куә болатын тағы бір нәрсе – сауап-күнә жазушы екі періште. Бұл
туралы «Міне, сол сәтте өлім алдында жатқан кісінің көздері сол періштелерге ілігеді
және одан кейін бұл дүниені көре алмайды» деп жазылған.
Өлім сәтінде душар болатын бәлелердің үшіншісі – күнәһарлардың тозақтағы
орындарын көруі және бұл көруден бұрын қорқады. Өйткені олар өлім сәтінде бар
күшінен айырылып, өздерінің жандарының шығуына да куә болған.
Бірақ кісілер өлім періштесінің асқақ үнмен жар салғанын естімей өлмейді. Өлім
періштесі: «Уа, Алланың дұшпаны, саған тозақты сүйіншілеймін!» деп немесе «Уа,
Алланың досы, саған пейішті сүйіншілеймін» деп жар салады. Сезімді кісілердің
өлімнен қорқуы сол себепке сүйенеді.
Пайғамбарымыз (с.а.с.): «
Ешбір пенде өзінің соңын біліп, пейіш не тозақтағы
орнын көрмейінше бұл дүниеден шықпайды
»,
– деген.
Достарыңызбен бөлісу: