Имам ғазали жүректің сырлары


Қайта алып кетіңдер, оған мен дайындаған



Pdf көрінісі
бет113/197
Дата24.12.2023
өлшемі3,82 Mb.
#198951
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   197
Байланысты:
Жүректің сырлары

Қайта алып кетіңдер, оған мен дайындаған 
ұлы дәрежелерді көрсетіңдер. Өйткені мен бұл дүниеде оған: «Біз сендерді сол 
топырақтан жараттық және соған қайтарудамыз. Кезі келгенде сендерді одан 
тағы да шығарамыз
»
388
 
деп айтамын дейді. 
388
 
«Таһа» сүресі, 55. 
Оны жерге беріп қайтып бара жатқандардың басқан дыбысын естіп жатқанда, 
періштелер жанына келіп: «Уа, пенде, Жаратқан Иең кім? Дінің қайсы? Пайғамбарың 
кім?» – деп сұрайды. Ол: «Жаратқан Ием – Алла, дінім – Ислам және пайғамбарым – 
Мұхаммед (с.а.с.)», – деп жауап береді. Сұрақ қатал жүреді. Бірақ бұл оның ақырғы 
сынағы болады. Сұрақтарға жауап бергеннен кейін «Дұрыс айтасың» деген үн естіледі. 
Алла Тағала айтқан: «
Алла иман келтіргендерді бұл дүниеде де, ақиретте де бекем 
сөзде (иман ақиқатының дәнегі болған «лә иләһә иллаллаһ» сөзінде) табанды 
қылып, аяғын нық басқызады. Сондай-ақ Алла қиянатшылдарды адастырады. 
Алла қалағанын істейді
»
389

389
 
«Ибраһим» сүресі, 27. 
Сонда оның жанына жарасымды киінген, жұпар иісті әтір себінген біреу келіп: 
«Алланың мейіріміне және мәңгілік нығметтеріне толған пейішті саған сүйіншілеймін», 
– дейді. Марқұм: «Алла саған да жақсы хабарларды сүйіншілесін! Сен кімсің?» – деп 
сұрайды. Ол: «Сенің жақсы істеріңмін. Аллаға ант етейін, сенің ғибадат жасауға 
қаншалық құштар, ал енді күнәдан қаншалық аулақ екеніңді жақсы білем. Сондықтан 
Алла саған жақсылық берді», – дейді. 
Сонда «Оның астына пейіш төсегін жайыңдар және мазарынан пейішке бір есік 
ашыңдар!» деген үн естіледі. Сол бұйрықпен астына пейіш төсегі жайылып, жатқан 
жерінен пейішке бір есік ашылады. Соған куә болған пенде: «Уа, Жаратқан Алла! 
Қиямет күніңді тездете көр, бала-шағамды көрейін», – дейді. 
Кәпірдің көзі кетерде жанына қатал және өңі сұсты бір періште кіреді. Оның қолында 
оттан жасалған киімдер мен кендірден іш киімдер болады. Олар дереу кәпірді қоршауға 
алады. 
Ол ақырғы демін шығарғаннан кейін аспан-жер арасындағы және көктегі барлық 
періштелер оған қарғыс айтады. Оның рухына аспанның барлық есіктері жабылады. 
Аспан есіктерінің ешбірі оның рухына жол беруді қаламайды. Сондықтан жоғары 
көтерілген рух жарым жолдан артқа қайтарылады және «Уа, Жаратқан Ием, пәленше 
құлыңды көк те, жер де қабыл алмай жатыр», – деп айтылады. 
Сонда Алла Тағала: «Қайта алып барып Мен оған дайындаған азаптарды 
көрсетіңдер. Өйткені Мен оған: «Сендерді топырақтан жараттық, оған қайтарамыз 
және қайта содан шығарамыз» деп уәде бергенмін», – дейді. 
Оны қабірстанға алып келгендердің басқан дыбыстары алыстай бере сұраққа алатын 
періштелер: «Ей, кісі, Жаратқан Иең кім? Дінің не? Пайғамбарың кім?» – деп сұрайды. 
Кәпір бұл сұрақтарға «Білмеймін», – деп жауап бергенде, сұраққа тартқан періштелер: 
«Білуің керек еді», – дейді. Содан соң оның жанына өңі сұсты, сасыған және ұсқынсыз 
кейінген біреу кіріп, оған: «Алланың қаһарын және тоқтаусыз азабын саған 
сүйіншілейміз!» – дейді. 
Кәпір одан: «Құдай ұрғыр, сен кімсің?» – деп сұрағанда, ол: «Сенің жаман істеріңмін. 
Аллаға ант етейін, сен күнәға жүгіріп, ал ғибадатқа көңілсіз едің. Енді Алла жазаңды 
берді», – деп айтады. Ол да: «Сенің де жазаңды берсін!» – дейді. 


149 
Сонда керең, соқыр және мылқау азап періштесі келеді. Қолында адамзат пен 
жындар біріксе де көтере алмайтындай ауыр және шапсаң тауды да құмға айналдыра 
алатындай зор күрсісі болады. Күрсімен кәпірді бір шапқанда ол майдаланып шаңға 
айналады. Содан соң қайтадан денесі жиналып, жан кіргізілгенде күрсі тағы бір мәрте 
тиеді. Күрсі тиген сайын оның айқайлағанын адамзат пен жындардан басқа барлық 
жандылар естиді. 
Содан: «Оның астына екі қабат отты жайыңдар және жатқан жерінен тозаққа бір есік 
ашыңдар» деген бұйрық келеді. Астына екі қабат от жайылып, қабірінен тозаққа бір есік 
ашылады». 
Әбу Һурайраның риуаяты бойынша, Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Мүминнің қабірі жасыл 
бақша және жетпіс кез кеңдігінде. Айдың он төртінші түніндей жарық», – деп айтқан. 
«Ол үшін қиыншылықты өмір бар» деген мағынадағы аят кім туралы түсірілгенін 
білесіңдер ме?» – деді ол (с.а.с.). Ол жердегілер: «Алла мен Оның Елшісі біледі» 
дегенде, Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Бұл аят қабірдегі кәпірдің тартатын азабы туралы 
баяндайды. Кәпірге тоқсан тоғыз аждаһар жіберіледі. Қандай аждаһар екенін 
білесіңдер ме? Ол тоқсан тоғыз алып жылан. Әр жыланның жеті басы бар. Соның бәрі 
кәпірді шағады және денесіне у жайылады. Бұл жағдай қабірден тұрғанға шейін 
жалғасады», – дейді. 
Жыланның тоқсан тоғыз деп белгіленгеніне таңғалмау керек. Өйткені бұл жылан мен 
шаянның көптігі тәкаппарлық, елкөрсіндік, қызғаныш, іштарлық, кек сақтау және соған 
ұқсаған жаман мінездердің санына барабар. Өйткені бұлардың есептелу негіздері бар. 
Жаман мінездер содан келіп шығады және бұлар жылан, шаяндарға айналады. 
Жеті басты күштілері тоқсан тоғыз жыландай қатты шағады. Әлсізі шаяндай шағады. 
Олардың ортасындағылар біз білген жыландардай шағады. 
Көреген, ақылды кісілер сондай жаман сипаттарды көре біледі, бірақ бұларды 
Пайғамбардың нұрымен ғана көре алады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   197




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет