Имам ғазали жүректің сырлары


Қабір және қабірдегі қорқыныштар



Pdf көрінісі
бет112/197
Дата24.12.2023
өлшемі3,82 Mb.
#198951
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   197
Байланысты:
Жүректің сырлары
77 каулы, Орамалым қорғаным кітабы 1 ші бөлім
Қабір және қабірдегі қорқыныштар 
Пайғамбарымыз (с.а.с.): «
Ішіне өлік көмілгенде қабір оған: «Уа, адам баласы! Мені 
еш ойламадың. Менің қиыншылық, қараңғылық, жалғыздық және құрт-құмырсқаның 
мекені екенімді білмейтін бе едің?» – дейді
», 
– деп айтқан. 
Егер марқұм жақсы істерді жасап жүрген біреу болса, қабірден: «Егер бұл пенде 
жақсылыққа шақырып, жамандықтан тыйған біреу болса, онда оған қарата қандай 
мәміле жасайсың?» – деп сұралады. Қабір: «Онда мен оған жасыл бақша боламын, 
оның денесі нұрланады және рухы Аллаға көтеріледі»
387
 
деп жауап береді. 
387
 
Тирмизи, Сифатул қиямат. 
Убайд ибн Умайр Лайси (р.а.) айтады: «Қабір оның ішіне кіргендердің әрбіріне: «Мен 
қараңғылықтың және жалғыздықтың мекенімін. Егер тірі кезіңде Аллаға мойынсұнып 
жүрген болсаң, мен саған қайырымды болам. Егер тірі кезіңде Алланың бұйрықтарына 
қарсы шығып жүрген болсаң, онда бүгін сенің басыңа бәле боламын. Аллаға бас иіп 
жүріп көз жұмып маған келген пенде бұл жайдан қуанышты кетеді. Алланың 


147 
бұйрықтарына қарсы шығып жүріп маған келген пенде бұл жерден жылап-сыздап 
кетеді», – дейді. 
Мұхаммед ибн Сибих (р.а.) айтады: «Риуаяттарға қарағанда, пенде қабірге қойылып, 
азап тарта бастағанда не бірнеше қиыншылықтарға тап болғанда басқа қабірлерде 
жатқан көршілері оған: «Уа, өлгеннен кейін достары мен көршілері дүниеде қалған 
пенде, бізден неге сабақ алмадың? Қолыңда мүмкіншілік тұрғанда біздің сауап-күнә 
дәптеріміздің өліммен жабылғанын көрмедің бе? Достарыңның қолдан шығарған 
мүмкіншіліктерін сен пайдаланбайтын ба едің?» – деп айтады. 
Тағы біреулер: «Уа, дүниенің көрінісіне алданған кісі, отбасыңнан дүниеге алданып, 
сенен бұрын топырақ қойнына кіргендерден сабақ алмадың ба?! Өзіңнен 
бұрынғылардың жаназалары қашуға болмайтын жайға тасылғанын көріп жүрген едің!» 
– дейді. 
Язид ар-Раққаси (р.а.) айтады: «Білуімше, өлік көрге кіргенде, дүниеде жасаған істері 
үстіне үйіліп, Алланың бұйрығымен тілге келіп, иелеріне: «Уа, көрінде жалғыз қалған 
пенде! Достарың мен отбасың сенен айырылды. Бүгін бізден басқа ешбір жолдасың 
жоқ», – деп айтады. 
Кәғбул Ахбар (рахимаһуллаһу): «Жақсы пенде қабірге көмілгенде намаз, ораза, 
қажылық, жиһад және садақа сияқты жақсы істері айналасын қоршап алады. Азап 
періштелері оған аяқ жағынан шабуылға өткенде намаз: «Одан аулақ болыңдар, оған 
тиюге ақыларың жоқ. Бұл аяқтарымен ұзақ уақыт тік тұрып Алла разылығы үшін мені 
оқыған», – дейді. 
Азап періштелері оның бас тарапынан қол салмақшы болғанда оразасы: «Оған тие 
алмайсыңдар. Ол Алла разылығы үшін көпке шейін су ішпей жүрген еді. Сондықтан 
оған жақындауға жол жоқ», – дейді. 
Азап періштелері оның қапталынан келгенде қажылық пен жиһад: «Одан аулақ 
болыңдар. Нәпсісін құрбандыққа шалып, дене-бойы шаршап-шалдыққанына шыдап 
қажылық міндетін өтеді, жиһад жасады. Міне, сондықтан оның жанына кіре 
алмайсыңдар», – дейді. 
Азап періштелері оның қол жағынан жақындамақшы болғанда садақа: «Менің 
мырзамнан аулақ болыңдар. Сол екі қолдан шыққан қаншама садақалар Алла 
разылығы үшін жарлының қолына тиді. Міне, сондықтан сендер оған жолай 
алмайсыңдар», – дейді. 
Сонда ол марқұмға: «Сүйінші! Тірі кезіңде бақытты өмір сүргеніңдей, өлгенде де 
бақытқа жет», – деп айтылады. Содан соң рақым періштелері келіп оған пейіштің 
төсегін салады. Қабірі көз жеткен жерге шейін кеңейеді. Оған пейіштің шырағы 
ұсынылады және қайта тірілгенге шейін қабірінде жарық нұр ішінде уақыт өткізеді. 
Убайдулла ибн Убайд ибн Омар (р.а.) бір жаназа намазда былай деген: «Естуіме 
қарағанда, Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Өлік мазарға қойылғанда оны жер қойнауына 
бергендердің басқан дыбысы ғана естіліп, онымен сөйлесер кісі қалмайды. Сонда қабір 
оған: «Уа, адам баласы, құрып қал! Дүниеде мен туралы, тарлығым туралы, жағымсыз 
иісім туралы, қорқынышым және құрттарым жөнінде қорқынышты нәрселерді естімедің 
бе? Мен үшін қандай дайындық жасадың?» – дейді», – деп айтқан. 
Бара ибн Азиб (р.а.) айтады: «Бір күні Пайғамбарымызбен (с.а.с.) бірге бір ансардың 
жаназасын жерге бердік. Пайғамбарымыз (с.а.с.) жер қарап мазардың басына отырып, 
үш мәрте: «Уа, Жаратқан Алла! Қабір азабынан Өзіңе сиынамын» деп, содан соң 
сөздерін былайша жалғастырды: «Мүмин пенде ақыретке көшкенде, Алла оған жүзі 
нұрлы бірнеше періште жібереді. Қолдарында оның кебіні және иісі бар. Олар көз 
жеткен жерге шейін қатар тізіліп отырады. Мүминнің жаны шыққанда жер-аспанның 


148 
ортасындағы және көктегі періштелердің бәрі оған дұға қылып, аспанның барлық 
есіктері оның рухына ашылып, жол береді. 
Сол пенденің рухы көкке көтерілгенде, «Уа, Жаратқан Ием, пәленше құлыңды алып 
келдік» деп үн қатады. Алла Тағала: «


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   197




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет