«Зумәр» сүресі
, 30-31.
Хабар Әбу Бәкірге (р.а.) хазраж руынан Харис ұлдарының үйінде отырған жерінде
жетті. Ол дереу келіп Пайғамбарымыздың (с.а.с.) жанына кірді. Жүзіне қарап, иіліп
сүйді де: «Уа, Алланың Елшісі, әкем-анам сізге садақа болсын, сен екі мәрте өлмейсің.
Аллаға ант етейін, Алланың Елшісі өлді», – деді. Содан соң сыртқа шығып, жиналған
елге былай деп айтты: «Уа, адамдар! Кім Мұхаммедке құлдық қылып жүрген болса
Мұхаммед өлді. Кім Мұхаммедті жаратқан Аллаға құлдық қылса, ол Тірі және Өлмес».
Алла Тағала былай дейді: «Мұхаммед (ақиқат жаршысы ретінде жіберілген) елші
ғана. Одан бұрын да талай елшілер келген. Егер ол ажалы жетіп, көз жұмса немесе
өлтірілсе, сендер кері кетіп, діннен шығасыңдар ма?! Кімде-кім кері кетіп, діннен шықса,
онысымен Аллаға мысқалдай да зиянын тигізе алмайды. Алла (тура жолда жүрудің
қадірін түсініп) шүкіршілік етушілерді жақында мол сый-сияпатқа бөлейді»
652
.
652
«Әли Имран» сүресі, 144.
Ел бұл аятты бірінші мәрте естіп жатқандай құлақ салып тыңдады».
Басқа бір риуаятта Әбу Бәкір (р.а.) хабарды естігенде Пайғамбарымыздың (с.а.с.)
үйіне салауат айтып кірді. Көздерінен жас құйылып, кеңірдегі құмыраның аузындағы
судай қимылдап тұрды. Соған қарамай сөздері және іс-әрекеттері орынды еді. Иіліп
Алла Елшісінің (с.а.с.) жүзіндегі жабуды ашты. Маңдайынан, бетінен сүйді, жүзін
сипады. Содан соң көз жастарын тыя алмай былай деді: «Атам-анам, жаным және
бала-шағам түгел сенің жолыңа садақа болсын. Өмірің де, өлімің де қандай әдемі!
Сенің өліміңмен басқа ешбір пайғамбардың өлуімен тоқтамаған уахидің аяғы үзілді.
Сен жайлы баяндап біте алмаймыз, сен өте ұлықсың, сен үшін жылауға болмайды. Өте
өзгеше болғандығыңнан бәріміз сенің айналаңа жиналдық. Сен бізді ынтымаққа
282
шақырып, бір бүтін болдық. Егер өлімің өзіңнің таңдауың болмағанда көз жасқа
көмілуші едік. Егер сен жылағаннан тыймағаныңда, саған жылап көз жастарымыз
құрғап қалушы еді. Біз тоқтата алмаған көз жастарымыз – ажырағысыз болып қалған
сенен айырылғанымыздың және сені еске алуымыздың белгісі.
Уа, Жаратқан Алла, бұл сезімдерімізді оған жеткізе көр! Уа, Мұхаммед! Бізді Алланың
алдында еске ал, әрдайым сенің жадыңда сақталайық. Егер бізге байсалдылықты
үйретіп кетпегеніңде сенен айырылуға ешкім шыдай алмас еді. Уа, Жаратқан Алла!
Біздің дертімізді Пайғамбарыңа жеткізе көр, оны біздің арамызда қыла көр! Уа,
Жаратқан Алла, пайғамбарға сәлемімізді жеткіз, оны әрдайым арамызда жүргендей
сақтай көр!»
Осымен кітап аяқталды. Көңілдеріміз оған бұрылып, Пайғамбарымыз бізге үлгі-өнеге
болсын!
Жамандықтарымызды жақсылыққа айналдыруын және иманмен Пайғамбарымызға
(с.а.с.) жолықтыруын Алладан тілейміз.
Әрбір жақсылықты Алладан сұрап, оның мейірімін үміт етеміз. Мақтау әлемдердың
Иесі Аллаға болсын!
Достарыңызбен бөлісу: |