Имам ғазали жүректің сырлары



Pdf көрінісі
бет194/197
Дата24.12.2023
өлшемі3,82 Mb.
#198951
1   ...   189   190   191   192   193   194   195   196   197
Байланысты:
Жүректің сырлары

Таразы және сырат көпірі 
Әбу Дәуіт хадис жинағында әзірет Айшадан риуаят етеді: «Айша анамыз бір күні 
өкіріп жылап жатқанын Пайғамбарымыз (с.а.с.) естіп: 
– Айша, неге жылап жатырсың? – деді. Айша анамыз: 
Тозақты еске алып жыладым, ақыретте отбасыңызды еске аласыз ба? – деп 
сұрады. Сонда Пайғамбарымыз (с.а.с.) оған: 
– Үш жерде – орындалған істер таразыға тартылғанда, дәптерлер берілгенде, Сырат 
көпірінен өткенде ешкім ешкімді еске алмай, өз басын ғана ойлап қалады, – деп жауап 
берді». 
Тирмизи Әнәс ибн Мәликтен (р.а.) риуаят етеді: «Алла Елшісінен (с.а.с.) қиямет күні 
маған шапағат қылуын сұрандым. «Құдай бұйырса, шапағат етемін», – деді. Мен: «Сізді 
қайдан табам?» – десем, «Мені әуелі Сыраттың алдынан ізде», – деп айтты. «Ол 
жерден таба алмасам ше?» – деп сұрадым. «Жасалған істер тартылатын таразының 
жанынан ізде», – деді. Мен: «Таразының жанынан да таба алмасам ше?» – деп 
сұрасам, Алла Елшісі (с.а.с.): «Кәусар бұлағының жанынан ізде! Мен әлбетте сол үш 
жердің бірінде болам», – деп айтты. 
Хаким баяндайды: «Қиямет күні бір таразы қойылады. Бұл таразыға бүтіндей аспан-
жерді тартуға да болады. 
Періштелер: «Уа, Жаратқан Иеміз, бұл кім үшін құрылады?» – деп сұрайды. Алла 
Тағала: «Жаратқандарымнан қалаған нәрселерім үшін», – деп жауап береді. 
Періштелер: «Уа, Жаратқан Иеміз, сен барлық кемшіліктерден тазасың! Біз саған 
толық құлшылық жасай алмадық!» – дейді. 
Мүслим Үммі Мубашшар Ансариядан (р.а.) риуаят етеді: «Пайғамбарымыз (с.а.с.) 
Хафсаның жанында тұрып: «Құдай бұйырса, (Худайбияда) ағаштың астында ант 
бергендер тозаққа түспейді» дегенін естідім. Хафса (р.а.): «Әлбетте, Алланың Елшісі!» 
– деді. Пайғамбарымыз (с.а.с.) оны сөзден тоқтатты. Бірақ Хафса (р.а.): «(Уа, 
адамдар!) Сендерден жаһаннамның басына бармай қалатын (соқпай кететін) ешкім 
болмайды»
646
 
деген мағынадағы аятты оқыды. 
646
 
«Мариям» сүресі, 71. 
Пайғамбарымыз (с.а.с.) болса: «Содан кейін Аллаға асылық қылудан қорыққан тақуа 
жандарды құтқарып, есесіне (Аллаға өзгелерді серік етіп қосу һәм күпірлік қылу арқылы 
ең үлкен зұлымдықты жасаған) залымдарды жаһаннамда тізе бүккен күйі 
қалдырамыз»
647
 
деген мағынадағы аятты жалғастырып оқыды. 
647
 
«Мариям» сүресі, 72. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   189   190   191   192   193   194   195   196   197




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет