274
«Мен Алла Елшісінің «Қабір – ақырет сапарының алғашқы аялдамасы. Егер пенде
қабірдегі сұрақтан аман шықса одан арғы жағы жеңіл болады. Егер ол жердегі сұрақтан
аман шықпаса, одан арғысы қиын болады»
644
деп айтқанын естігенмін», –
деп жауап
берді.
644
Тирмизи, 2308; Сахихул Жамиғ 1684.
Мужаһидтің айтуынша, адамзат өлгенде қабір шұңқыры оған бірінші болып: «Мен –
құрт-құмырсқалардың мекенімін. Мен – жалғыздық,
құсалық және қараңғылықтың
мекенімін. Мен саған қазірше соларды дайындап қойдым. Сен маған қандай
дайындықпен келдің?» – деп айтады.
Достарыңызбен бөлісу: