Имам ғазали жүректің сырлары


Пайғамбарымыздың дүниеден қайтуы



Pdf көрінісі
бет195/197
Дата24.12.2023
өлшемі3,82 Mb.
#198951
1   ...   189   190   191   192   193   194   195   196   197
Байланысты:
Жүректің сырлары

Пайғамбарымыздың дүниеден қайтуы 
Ибн Масғуд (р.а.) риуаят етеді: «Қоштасу (өлім) жақындап қалған күндердің бірінде 
әзірет Айшаның үйіне Алла Елшісін (с.а.с.) көргелі бардық. Ол бізге қарап тұрып
көздеріне жас толды. Содан соң сөйлей бастады: «Қош келіпсіңдер! Алла бәріңе 
берекелі өмір берсін. Жаратқан Өзі сендерді мақсаттарыңа жеткізсін. Өзі қолдасын. 
Сендерге кеңесім, Алладан қорқыңдар, тақуа болыңдар. Тағы айта кетерім, мен 
Алланың сендерге жіберген ескертушісімін. Енді маған ажал жақындады. Сендерге 


277 
және мен дүниеден өткеннен кейін дінімізге кіргендерге Алланың сәлемі және рақымы 
болсын!»
648
 
648
 
Әл-хилия, 4/198. 
Риуаятқа қарағанда Пайғамбарымыз (с.а.с.) бұл дүниеден өтер алдында 
Жәбірейілден (а.с.): «Менен кейін үмбетім кімнің қолында қалады?» – деп сұрайды. 
Алла Тағала Жәбірейілге: «Сүйікті Елшіме сүйіншіле. Оның үмбетін тастап қоймаймын. 
Адамзат қайтадан тірілтілгенде қабірден бірінші болып ол шығады және махшар 
алаңында үмбетінің басында тұрады. Оның үмбеті ішке кірмейінше, пейішке басқа 
үмбеттердің кіруіне рұқсат жоқ» деп хабар жібереді. Сонда Пайғамбарымыз: «Енді 
көңілім жайланды», – деді. 
Әзірет Айша (р.а.): «Пайғамбарымыз жеті құдықтан алынған жеті құмыра сумен өзін 
жуындыруды тапсырды. Біз айтқанын орындадық. Көңілі сергіп қалды. Содан соң үйден 
шығып жамағатпен намаз оқыды, содан соң Ухуд шейіттері үшін Аллаға дұға қылды. 
Оның артынан ансарлар туралы: «Уа, мұһажирлер! Сендер көбейіп жатырсыңдар. 
Бірақ ансарлар бүгінгіден көбеймес болды. Ансарлар – менің баспанам. Олардың 
жақсыларын сыйлаңдар. Қателік жібергендердің қателеріне көз жұмыңдар» деп 
өсиеттеді. 
Сонда сөздерін былайша жалғастырды: «Бір пендеге бұл дүниеде өмір сүру не 
Алланың алдына бару ықтияры берілді. Пенде Алланың жанына баруды таңдады». 
Бұл сөзді естіген Әбу Бәкір (р.а.) Пайғамбарымыз (с.а.с.) өзі туралы айтып жатыр, 
дүниеден өтеді ғой деп ойлап жылай бастады». 
Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Уа, Әбу Бәкір, өзіңді ұста! Мешіттің көше жақтағы есіктерін 
жабыңдар! Әбу Бәкірдің жолы жақтағы есік қана қалсын! Өйткені мен үшін бұл дүниеде 
Әбу Бәкірмен әңгімелескеннен артық нәрсе жоқ», – деді. 
Әзірет Айша сөзін одан ары жалғап былай деді: «Алла Елшісі (с.а.с.) менің үйімде, 
менің қолымда көз жұмды. Алла Тағала өлім сәтінде онымен менің сілекейімді 
біріктірді. Міне, сол сәтте інім Абдуррахман келді. Қолында мисуак бар екен. 
Пайғамбарымыз мисуакқа қарады. Тіс тазалағысы келіп жатқанын сезіп: «Оны сізге 
алып берейін бе?» – дедім. Бас изеді. Мисуакты алып бердім, аузына салды. Бірақ 
мисуак қатты еді. Мен «Жұмсартып берейін бе?» – дедім. Тағы бас изеді. Мен 
мисуактың ұшын шайнап жұмсартып бердім. Жанында бір ыдыста су тұрған еді. Қолын 
суға салып, жүзін сипап: «Алладан басқа құдай жоқ. Әлбетте, өлімнің қинауы бар», – 
деді. Содан соң қолына су құйып бердім. 
Одан: «Ұлы Досымның жанына...» деп қайталады. Мен өзімше: «Демек, ол бізді 
таңдаған жоқ», – дедім. 
Саид ибн Абдулла өзінің әкесінен риуаят етеді: «Пайғамбарымыздың (с.а.с.) ауруы 
күшейгенін көріп ансарлар мешітке жиналды. Аббас (р.а.) Алла Елшісінің жанына кіріп, 
сыртта ансарлар уайымдап жатқанын білдірді. Содан соң Фадлдың жанына келіп, сол 
сөздерді айтты. Оның артынан әзірет Али ішке кіріп, ол да сол сөздерді айтты. Алла 
Елшісі (с.а.с.) қолын созып «Ұстаңдар», – деді. Дереу оның қолын ұстап: «Не дейсіз?» 
– деп сұрады. Жанындағылар: «Сені үзіле ме деп қорқып жатырмыз», – деді. 
Еркектер Пайғамбарымыздың (с.а.с.) жанына жиналғанда, әйелдер де шуылдай 
бастады. Пайғамбарымыз төсектен тұрып, Али мен Фадлға сүйеніп мешітке кірді. 
Аббас (р.а.) алда бара жатты. Алла Елшісінің (с.а.с.) басы таңулы еді. Өзі жүріп барып 
мінбердің бірінші сатысына отырды. 
Ел айналасына жиналды. Пайғамбарымыз (с.а.с.) Аллаға мақтауларын айтқаннан 
кейін: «Уа, адамдар! Естуімше, мені өле ме деп қорқып жатыр екенсіңдер. Өлімнен 
жатырқап тұрғандайсыңдар. Пайғамбарларыңның өлері таңғалатын нәрсе емес қой? 
Өлерімді бұрын да айтпадым ба? Сендер менің өлерімді білуші емес пе едіңдер? Мен 


278 
сендердің араларыңда мәңгілік қалатындай, бұрынғы пайғамбарлар үмбетінің 
арасында мәңгілік қалды ма? 
Мен Жаратқан Иемнің алдына барам, сендер де барасыңдар. Менің сендерге бірінші 
насихатым: «Мұһажирлерге жақсы мәміле жасаңдар!» Өйткені Алла Тағала: 
«Ғасырға (уақиғаларға толы заманға, әсіресе, ақырғы бөлігіне) серт! Шынында, адам 
баласы зиян ішінде. Тек иман келтіргендердің, соған сай (өздерін һәм бүкіл қоғамды 
түзеуге бағытталған) игілікті істер атқаратындардың, бір-біріне ақиқатты 
насихаттайтындардың және (қайғы-қасіретте, ауыртпалық түскенде, сондай-ақ тура 
жолдан таймау һәм асау нәпсі мен әзәзіл шайтанға ермеу мәселесінде) бірін-бірі 
сабырға шақыратындардың жөні бөлек»
649
 
деген. 
649
 
«Аср» сүресі, 1-3. 
Барлық істер Алланың бұйрығымен жүреді. Бір іс кешігіп жатқан болса, саспаңдар. 
Өйткені пенде сасқанымен, Алланы састыра алмайды. Кім Алланың үкімдеріне қарсы 
шықса, оны Құдай ұрады. Оны алдауға әрекет жасағанның жазасын береді. «Егер 
басқаруды қолға алсаңдар, жер жүзінде жамандық шығарып, бауырмалдық 
мәмілелеріңді үзіп тастайсыңдар ма?» Ансарларға жақсы мәміле жасаңдар. Өйткені 
сендер мұһажирлерден бұрын олар Мәдинаны баспана және иман ұясы қылған. 
Оларға (ансарларға) жақсылық жасауға шақырам. Сендерді мал-мүлкіне серік етпеді 
ме? Сендерді өз жеріне қабыл алмады ма? Өздері мұқтаж болып тұрғанына қарамай 
сендерді өздерінен артық сыйламады ма? 
Ескертіп қояйын, кім екі кісінің ортасындағы мәселеге төрешілік жасайтын болса
жақсысына жақсы мәміле жасасын, жаманының кемшілігін кешіріп, көрмегенсіп қоя 
салсын. Сендердің араларыңнан кетіп бара жатырмын. Сендер де артымнан 
келесіңдер. Кәусар бұлағында жолығамыз. Бұлағым Шамның Басра қаласы мен 
Йеменнің Сана қаласының аралығындай кең. Кәусар бұлағынан сүттен ақ, ақ көбіктен 
жұмсақ, балдан тәтті су ағады. Одан ішкендер еш шөлдемейді. Тастары інжу, иісі миск. 
Есеп күні кім одан құр қалса, әрқандай жақсылықтан құр қалады. Кім ертеңгі күні менің 
жаныма келгісі келсе, қолын, тілін керексіз нәрселерден сақтасын», – деді. 
Сол кезде Аббас: «Уа, Алланың пайғамбары, құрайыштықтарға насихат айтыңыз», – 
деді. Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Бұл насихаттарым құрайыштықтарға ғана айтылады. 
Адамдар құрайыштықтарға ғана ереді. Жақсылар жақсыларына, жамандар 
жамандарына ереді. 
Уа, құрайыштықтар, бәріне жақсы мәміле жасаңдар! Күнәлар нығметтерді және 
бұрын бөлінген нәсіпті өзгертеді. Ел жақсы болса, басшылар да оларға жақсы мәміле 
жасайды. Ел жаман болса, басшылар да оларға қатал мәміле жасайды. Алла Тағала: 
«Біз осылайша залымдарды өз қолымен істеген әрі амал дәптерлеріне жазылған 
күнәлары себепті, (күнәға одан сайын бойлай түссін деп, жамандық жасауға келгенде) 
бір-бірінен қолынан келген көмегін аямайтын дос-жаран қыламыз»
650
 
деген». 
650
 
«Әнғам» сүресі, 129. 
Ибн Масғудтың айтуы бойынша, Пайғамбарымыз (с.а.с.) Әбу Бәкірге: «Бір нәрсе 
сұрайтын болсаң сұра», – деді. Әбу Бәкір мен Пайғамбарымыздың (с.а.с.) ортасында 
төмендегідей әңгіме жүрді: 
– Уа, Алланың Елшісі, өлім жақындады ма? 
– Өлім жақындап, үстіме салаңдап қалды. 
– Уа, Алланың Елшісі, Алланың алдындағы барлық нәрсе саған құтты болсын! 
Басымызға не келерін білсемші! 
– Аллаға аманат. Сидратул Мунтаһаға, пейішке, Фирдаусқа, толған кеселерге. Ұлы 
Жаратқанға, жақсы нәсіп, рақат өмірге... 
– Сені кім жусын? 


279 
– Жақындығына қарай туыстарымның еркектері. 
– Қандай кебінге орайық? 
– Үстімдегі киімдеріме. Йемен матасынан бір киімге және Мысырдың ақ бөзіне 
ораңдар. 
– Жаназа намазыңды қалай оқиық?.. 
Бұл сәтте біз жылап жаттық. Пайғамбарымыз (с.а.с.): 
– Тоқтаңдар, Алла сендерді кешірсін және пайғамбарларың үшін сендерге жақсылық 
берсін. Мені жуып, кебінге орағанда бұл үйдегі кереуеттің үстіне, қабірімнің жанына 
қойып, бірнеше уақытқа сыртқа шығып тұрыңдар. Өйткені әуелі Алла мейіріміне 
алады... Содан соң мен үшін кешірім сұрауға періштелерге рұқсат беріледі. Алланың 
жаратқандарының арасынан бірінші болып мен үшін Жәбірейіл (а.с.) кешірім сұрайды. 
Содан соң Микаил, Исрафил, Әзірейіл қатарымен Алладан кешірім сұрайды. Одан 
кейін періштелердің бәрі жаныма келеді. 
Сонда кезек сендерге келеді. Топ-топ болып кіріп, әуелі бір-бірден сәлем беріп
намаз оқыңдар. Мені ақтап-жақтап, мадақтап, айқайлап жылап-сыздап менің 
тынышымды алмаңдар. Әуелі имам бастасын. Оның артынан жақындығына қарай 
қатарымен туыстарым, содан соң әйелдер, ең артында жас балалар кірсін». 
Әбу Бәкірдің (р.а.) «Сені кім қабірге қойсын» деген сұрағына Алла Елшісі (с.а.с.): 
«Жақындығына қарай туған-туыстарымның бір тобы, сендер көре алмаған, бірақ 
сендерді көріп тұрған бірнеше періштелермен бірге қойсын. Енді барып артта 
қалғандарға сөздерімді жеткізіңдер», – деді. 
Әзірет Айша (р.а.) айтады: «Пайғамбарымыз (с.а.с.) арамыздан кеткен күні оның 
жанындағылар таңертең ауруының жеңілдеп қалғанын көріп, қуанып үйлеріне және 
жұмыстарына тарасты. Оны жұбайларының жанына тастады. Біз бұл жағдайды көріп 
үмітпен қуанып тұрғанымызда, Алла Елшісі (с.а.с.) әйелдеріне: «Шығыңдар. Періште 
келіп жаныма кірейін деп жатыр», – деді. Менен басқа барлық жұбайлары сыртқа 
шығысты. Басы құшағымда болды. Ол басын көтерді. Мен үйдің бір жағына өттім. 
Пайғамбарымыз періштемен біршама уақытқа шейін сөйлесті. 
Сонда мені жанына шақырып, басын тағы құшағыма қойды. Басқа жұбайларына да 
«Ішке кіріңдер», – деді. 
Мен: «Бұл Жәбірейілдің көлеңкесі емес пе», – десем, Пайғамбарымыз: «Айша, бұл – 
өлім періштесі (Әзірейіл (а.с.)). Ол маған келіп: «Алла Тағала мені саған жіберді. Бірақ 
рұқсатсыз жаныңа кірмеуімді бұйырды. Егер рұқсат бермесең, қайта кетіп, сен 
қалағанда келейін. Алла Тағала, сен бұйрық бермейінше, жаныңды алмауымды 
айтқан. Сен не дейсің?» – деді. 
Мен: «Жәбірейіл маған келгенге шейін ары бара тұр», – дедім. «Қазір Жәбірейіл 
келеді», – деді. 
Әзірет Айша айтады: «Біз жауабын таба алмаған не қылуды ойлай алмаған жағдайда 
қалдық. Терең қайғыға көмілдік. Басқа ұрғандай есеңгіреп тұрдық. Біз үшін бұл үлкен 
қайғы еді. Ішіміз әлем-жәлем. Үйдегілердің бәрі үнсіз тұнжырайды. Жәбірейіл 
уақытында келді. Сәлем берді. Мен оның Жәбірейіл екенін білдім. Үйдегілер сыртқа 
шықты. 
Жәбірейіл кіріп: 
– Алла саған сәлем айтты. Өзіңді қалай сезініп жатқаныңды сұрады. Ол сені бәрінен 
жақсы біледі. Ол сенің дәрежеңді көтермекші. Сенен үмбетіңе үлгі болуыңды талап 
етеді, – деді. Пайғамбарымыз (с.а.с.): 
– Мен өзімді әлден айырылғандай сезіп тұрмын, – деп айтты. Жәбірейіл: 
– Мен саған жақсы хабармен келдім. Алла сені сен үшін дайындап қойған 
нәрселеріне жеткізбекші, – деді. 


280 
Пайғамбарымыз (с.а.с.): 
– Уа, Жәбірейіл, өлім періштесі менен рұқсат сұрап жатыр, – деп болған жағдайды 
айтты. 
Жәбірейіл: 
– Уа, Мұхаммед, Жаратқан Иең сені күтіп жатыр. Періште саған неге келгенін 
айтпады ма? Алла куә, өлім періштесі соған шейін ешкімнің жанын алу үшін рұқсат 
сұраған емес. Бұдан кейін де сұрамайды. Жаратқан Иең сенің дәрежеңді барлығына 
жеткізгелі жатыр. Ол сені сүйеді. Сондықтан еш қайғырма, (өлім періштесі) келе берсін, 
– деді. 
Пайғамбарымыз (с.а.с.): 
– Олай болса өлім періштесі келгенге шейін жанымнан кетпе, – деді және әйелдерге 
ішке кіруге рұқсат берді. 
Сонда «Уа, Фатима, жақын кел», – деді. Фатима оған иілді. Пайғамбарымыз (с.а.с.) 
оның құлағына бір нәрселерді сыбырлады. Фатима жылаған бойы басын көтерді. Көз 
жасына булығып сөйлей алмай жатты. Пайғамбарымыз (с.а.с.) қайтадан: «Құлағыңды 
тос», – деді. Фатима оған иілгенде Пайғамбарымыз оның құлағына тағы бір нәрселерді 
айтты. Бұл жолы Фатима жымия күліп басын көтерді. Бірақ тағы да сөйлей алмай 
жатты. Біз соған таңғалдық. 
Кейін Фатимадан бұл туралы сұрасақ: «Әуелі маған «бүгін өлем», – деді. Сол үшін 
жыладым. Содан соң ол: «Жаратқан Иемнен сені маған бірінші жеткізсін және 
отбасымның ішінен әуелі сені менің жаныма жіберсін», – деп сұранып дұға қылдым», – 
деді. Міне, сол үшін күлімсіредім», – деп жауап берді. 
Фатима екі ұлын Пайғамбарымызға (с.а.с.) жақындатты. Алла Елшісі (с.а.с.) оларды 
иіскеп-иіскеп алды. 
Сонда өлім періштесі (Әзірейіл (а.с.) келіп сәлем берді де, ішке кіруге рұқсат сұрады. 
Пайғамбарымыз (с.а.с.) оған рұқсат бергенде, өлім періштесі «Уа, Мұхаммед, бізге 
айтарың бар ма?» – деп сұрады. Пайғамбарымыз (с.а.с.) оған: «Мені дереу Жаратқан 
Иеме жеткіз», – деді. Өлім періштесі: «Мақұл, бүгін-ақ жіберем. Жаратқан Иең де сені 
күтіп жатыр. Ешкімге сендей тоқталмады. Сенен басқа ешкімнің жанына рұқсатсыз 
кіруіме тыйым салған емес. Сен күткен уақыт келіп қалды», – деп айтты. 
Міне, соларды айтқаннан кейін ол сыртқа шығып, Жәбірейіл кірді. Ол: «Уа, Алланың 
Елшісі! Сәлем саған. Бұл менің жер жүзіне ақырғы түсуім. Уахи тоқтады. Менің жер 
жүзінде сенен басқа да ісім жоқ. Саған жолығудан басқа жер жүзімен еш байланысым 
да болмайды. Сені хақ пайғамбар қылып жіберген Аллаға ант етейін, бұдан кейін бұл 
жерде тұрудың еш зәрулігі қалмады», – деді. 
Үйдегілерден ешбіріміз не істеуді білмей есеңгіреп тұрдық. Әсерлі сөздерді естіп 
отырып Пайғамбарымыздың еркек туыстарына хабарлау да есімізге келмепті. 
Есеңгіреп отырып қалдық. 
Сол сәтте басын көкірегіме сүйесін деп Алланың Елшісіне жақын бардым. Көкірегінен 
сүйедім. Міне, сол сәтте ол есін жоғалтып, әлсіреп кетті. Шекесі қатты терлеп кетті. 
Ешкімнің бұлай терлегенін көрген емеспін. Терін сүрте бастадым. Оның осы ақырғы 
терінің иісіндей жағымды ешбір иіс жоқ еді. Өзіне келгенде оған: «Ата-анам, жаным 
және бала-шағам саған садақа болсын, маңдайың қатты терледі», – дедім. Маған: «Уа, 
Айша! Мүминнің жаны термен, кәпірдің жаны есектің жанындай жақтарының ортасынан 
шығады», – деді. 
Міне, сонда өзімізге келіп, жақындарымызға хабарладық. Үйге бірінші болып әкем 
жіберген бауырым келді. Солайша ешкім келмей тұрып Пайғамбарымыз (с.а.с.) 
арамыздан кете берді. 


281 
Еркектерді оның жанында тұрғызбаған да Алла Тағала еді. Өйткені оған Жәбірейіл 
(а.с.) мен Микаил (а.с.) міндеттендірілген еді. Өлім алдында «Ұлы Досыма...» – деп 
айтып жатты. Содан соң тағы бір сөзі «Намаз, намаз» еді. 
Әзірет Айша айтады: «Пайғамбарымыз дүйсенбі күні сәске мен түс ортасындағы 
уақытта арамыздан кетті». 
Фатима (р.а.) айтады: «Аллаға ант етейін, бұл үмбет сол дүйсенбі күндей әсері үлкен 
басқа оқиғаға куә болған жоқ». 
Үммі Гүлсім (р.а.) әзірет Али Куфада шейіт етілген күні де сол сияқты сөз айтқан еді: 
«Дүйсенбі күні көп қайғы тарттым. Пайғамбарымыз (с.а.с.) дәл сол күні көз жұмды. Али 
(р.а.) сол күні өлтірілді. Әкем де сол күні өлтірілген». 
Әзірет Айша (р.а.) сөзін төмендегіше жалғастырады: «Пайғамбарымыз (с.а.с.) 
арамыздан кеткеннен кейін ел мешіттің айналасына жиналып, жылап-сыздай бастады. 
Періштелер Пайғамбарымыздың (с.а.с.) үстін киімімен жауып кетті. 
Ел бұл оқиғаны әртүрлі қабыл алды. Кейбірі Алла Елшісінің (с.а.с.) дүниеден өткеніне 
сенбей жатты. Кейбірі тілден қалғандай тұнжыраса, кейбірі мағынасыз сөздерді 
күбірлеп жатты. Кейбірлері қолынан келгенше өздерін ұстап байсалды тұрса, тағы 
біреу буындарынан күш кетіп, орындарында шалқайып отырып қалды. 
Әзірет Омар да Пайғамбарымыздың (с.а.с.) дүние салғанына сенбегендерден еді. 
Әзірет Али болса орнынан қимылдай алмай отырып қалды. Осман (р.а.) тілден 
қалғандай үнсіз еді. 
Мұсылмандардың ешбірі сол сәтте әзірет Әбу Бәкір мен Аббастай (р.анһума) өздерін 
ұстай алмады. Алла Тағала оларға осындай жағдайда тура жолды көрсетті. Әзірет 
Аббас: «Жалғыз Аллаға ант етейін, «Алланың Елшісі өлімнің дәмін татты. Негізі, ол 
біздің арамызда жүргенде-ақ Алла Тағала оған: «Шүбәсіз, ақыр соңында сен де өлесің, 
олар да өледі. Содан кейін қиямет күні Раббыларыңның құзырында бір-біріңмен 
дауласатын боласыңдар»
651
 
демеп пе еді», – деді. 
651
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   189   190   191   192   193   194   195   196   197




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет